Қорытынды
Тәуелсіз мемлекетіміздің кемел келешегі мен жарқын болашағы жас ұрпақтың
қолында. Сапалы ұрпақ тәрбиелеуді көздеген ұлтымыздың алдыға қойған мақсаты –
білімді, жасампаз, жаңашыл, сапалы, саналы ұрпақ тәрбиелеп шығару. Тәрбие басы –
отбасыдан басталары анық. Білім нәрімен сусындатар білім ошақтары да ұрпақ тәрбиесіне
үлкен үлестерін қосады. Білім ордаларының, соның ішінде жалпы орта білім беретін
мектептерде инновациялық үдерісті қалыптастырып, инновациялық жобаларды іске асыру,
инновациялық идеяларды дүниеге әкелу жасампаз ұрпақ қалыптастыру қызметінде іргелі
орын алады. Ол үшін мектептегі педагог мамандардың педагогикалық инновациялық іс-
әрекеттерін дұрыс ұйымдастырып, инновациялардың басқарылу қызметіне мән беру керек.
Уақыт жел секілді жылдам. Уақыттың көшінен қалмай, дамыған мемлекеттермен тереземіз
тең болуы үшін, ғаламдық өзгерістер мен жаңалықтардан шет қалмауымыз керек. Жалпы
оота білім беретін мектептердегі инновацияларды басқарудың тиімділігі мен маңызын осы
жерден байқауға болады. Мұғалім жаңашылдыққа ұмтылу мен инновацияларды қолдану
барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Педагог маман ең алдымен, жаңа педагогикалық
технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, оқыған білімін меңгереді, үшіншіден, жаңа
педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, алған білімін
дамытып, нәтижесін тексереді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре
отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы
тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің
болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық
меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар
азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына
қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Жалпы орта білім беретін мектеп
оқушыларының негізгі ерекшелігі – білімді қызығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда өмірде
болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамға шығармашылық әрекет ететін
шығырмашыл тұлға қажет екендігі дәлелденуде. Қазіргі заманның талабына сай сабақта
қолданылып жатқан жаңашыл әдіс тәсілдер көп. Демек, білім ордаларында жаңа
инновацияларды қолдану, тәжірибеге асыру, оны әрі қарай дамыту бүгінгі таңның
актуалды мәселесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |