3. Айырма мәні жоғары болған орфограмманың екі нұсқасының ішінде көбірек қолдау тапқаны емле ережелерін әзірлеушілер үшін ерекше назарға алынуы керек. Бұл нұсқа тілдік ұжым санасында берік орныққаны үшін тілтанушы тарапынан мойындалуы тиіс. Негізгі емледе көрініс табуға құқығы әбден бар. Алайда мүлде аз қолдау тапқан нұсқаны да тексеруден өткізу абзал, себебі кейде тілдік ұжым санасында жаппай орын алған қасаң стереотиптердің салдарынан тіл үшін дұрыс нұсқа жалпақ жұртшылық үшін надұрыс сипат алып кетуі әбден мүмкін.
Қорытынды. Бұл топтағы орфограмма нұсқаларын басым қолдау тапқанын қатаң норма деп тануға болады;
- басым қолдау алған нұсқа тілтанымдық талдау тұрғысынан қате болып танылса, оны дұрыс, бірақ аз қолдау алған нұсқамен жарыспалы вариант не босаң нормаға алуға болады;
- тілтанымдық талдау тұрғысынан дұрыс, бірақ мүлде аз қолдау алған нұсқаға түсіндіру және насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |