Айырма мәні орташа болған орфограмманың екі нұсқасының ішінде көбірек қолдау тапқаны емле ережелерін әзірлеушілер үшін назарға алынуға тиіс. Алайда аз қолдау тапқан нұсқаны тексеруден өткізу аса қажет. Көбірек қолдау тапқан нұсқаның, дәл сол сияқты керісінше қолдауы аз болған нұсқаның да басымдық алуына тілдік ұжым ішіндегі белгілі бір әлеуметтік топ өкілдерінің (орыс тілін ана тілінен жетік білетіндер, ағылшын тілін жетік игергендер, жаратылыстану терминдерін орыс тіліндегі нұсқада оқыған осы сала мамандары, ақпарттық барлық түрін тек қазақтілді көздерден алатындар, басқа елдегі қазақ ирредентасының өкілдері, т.б.) қалауы себеп болуы мүмкін. Сонымен бұл топқа жататын орфограмма нұсқаларының бірінің басымдық алып, екішісінің де біршама қолдау табуының себептері мынадай болуы мүмкін:
- қазіргі тілдік-мәдени қауымдастық ішінде сөздерді жазба мәтінде мейлінше ұлттық айтылым нормаларына сәйкес «сындырып» жазуды қолдайтындардың болуы;
-қазіргі тілдік-мәдени қауымдастық ішінде сөздерді жазба мәтінде мейлінше түпнұсқа тілге (ағылшын, орыс, т.б.) жақын тұрпатта беруді қолдайтындардың болуы;
- қолданыстағы емле ережелерімен бекіген нұсқаға әсіребайлаулы болуы (қасаң стереотип);
- қолданыстағы емле ережелерімен бекіген нұсқаны керісінше мүлде мойындамау (әсіреплюралистік көзқарас).
Қорытынды. Бұл топтағы орфограмма нұсқаларын таңдауда терең тілтанымдық талдау мен дәйекке сүйену абзал;
- егер аз қолдау алған нұсқа тілдің болшағ иелмендері арасында жаппай танымал болса, жарыспалы вариант ретінде беруге болады;
- тілтанушы дұрыс деп таныған нұсқа тіл иелмендері арасында әбден орныққанша екіншісімен босаң норма ретінде насихаттауға болады;
- тілтанушы үшін дұрыстығында күмән жоқ нұсқаны жұртшылық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу керек;
- алдағы сынамаларда тағы тексеруге беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |