Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері


Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі



бет3/3
Дата20.05.2023
өлшемі1,76 Mb.
#95428
1   2   3
Байланысты:
ПЕДЗЕРТ

Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

  • - аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
  • - ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
  • - зерттеу күнделігі.

Мазмұны бар беттерді ресімдеу:

  • а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;
  • ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
  • Кіріспе;
  • 1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);
  • 2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);
  • 3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);
  • Қорытынды;
  • Әдебиеттер тізімі;
  • Қосымша (егер бар болса).
  • б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;
  • в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).

Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

  • Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
  • Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
  • Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

  • Мәтін компьютерде терілу керек.
  • Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.
  • әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
  • абзац болу керек;
  • жол арақашықтығы- бірқатарлы;
  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады; ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
  • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
  • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
  • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
  • Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
  • зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
  • зерттеу объектісі, заты
  • гипотезасы
  • зерттеу кезеңдері , процедурасы;
  • эксперимент әдісі;
  • зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
  • жұмыс нәтижелері және қорытынды;
  • нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет