Сұрақтар Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар



бет1/15
Дата20.10.2022
өлшемі96 Kb.
#44433
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Практикалық сабақтар


16-20 сұрақтар
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
Осы ұсынымдар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру арқылы тең қолжетімді білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жағдайлар жасау мақсатында әзірленген.

  1. Психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді.

  2. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі міндеттері:

  1. балалардың дамуындағы кемшіліктерді ерте (анықталған сәттен) түзетуді ұйымдастыру;

  2. балаға және оның отбасына даму, оқу, әлеуметтену міндеттерін шешуге көмектесу (ықпал ету);

  3. білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;

  4. педагогтардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін (психологиялық мәдениет) дамыту;

  5. баланы түзету-дамыту, тәрбиелеу жұмыстары мен оқыту нәтижелілігінің мониторингі (психологиялық-педагогикалық мониторинг).

  1. Психологиялық-педагогикалық қолдау білім берудің әртүрлі деңгейінде жүзеге асырылады:

  1. мектепке дейінгі білім – дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау және түзету, мектепке дайындығын қамтамасыз ету;

  2. бастауыш мектеп – мектепте оқуға дайындығын анықтау, мектепке бейімделуін қамтамасыз ету, оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық және оқуға деген ынтасын дамыту, өздігінен жұмыс істеу мен өзін-өзі ұйымдастыра білуді дамыту, «оқи білу» мен ықыласын қалыптастыруды қолдау, әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен әлеуетін ескре отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  3. негізгі мектеп – оқушының негізгі мектепке көшуін қолдау, оқудың жаңа талаптарына бейімделу, жеке тұлғалық және өзін танудың құндылық-мағыналық міндеттерін және өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуде қолдау көрсету, жеке тұлғалық проблемалар мен әлеуметтендіру проблемаларын шешуге көмектесу, өмірлік дағдыларды қалыптастыру, жүйке ауруларының алдын алу, ата-аналармен және құрдастарымен құрылымдық қарым-қатынас құруға көмектесу;

  4. орта мектеп – оқушының бейіндік бағдарлау мен кәсіптік өзін-өзі анықтауға көмектесу, экзистенциальды проблемаларды (өзін-өзі тану, өмірдің мәнін түсінуге талпыну, жеке тұлғалық сәйкестікке қол жеткізу) шешуге қолдау көрсету, уақытша перспективасын, мақсатқа жету қабілетін дамыту, психологиялық-әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.

  1. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:

  1. бала дамуындағы қандай да бір проблемаларды шешудің кешенді, пәнаралық тәсілі;

  2. білім беру үдерісіндегі баланың дамуына қолдау көрсетудің үздіксіздігі;

  3. қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

  4. қолдау қызметін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау (болжау);

  5. даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау шараларына ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымдарын белсенді түрде тарту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет