«Желтоқсан алауын жаққан жүректер»
Бағыты: теориялық, эксперименттік
Секциясы: : гуманитарлық
Авторы: Әлібек Әсия, Есенаманов Жан,
9 сынып, «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ
Бесқарағай ауылы, Бесқарағай ауданы, ШҚО
.(аты-жөні толығымен, сыныбы,
мектебі, қаласы)
Жетекшісі: Кусманов Серикбол Казкенович
Тарих және география пәні мұғалімі. ,
«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ
Бесқарағай ауылы, Бесқарағай ауданы, ШҚО
(аты-жөні толығымен, пәні,
мектебі, қаласы)
Кеңесшісі: Пащенцев Александр Петрович
Шәкәрім атындағы СМУ доценті,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Семей қаласы.
(аты-жөні толығымен, дәрежесі,
оқу орны, қаласы)
2016 жыл
|
Мазмұны
І Кіріспе.
«Тәуелсіздік» сөзінің ұғымы.
ІІ Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстан КСРО құрамында. 1986 жылғы саяси ахуал, оқиғаның алғышарттары
2.2. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының барысы. 2.3. 1986 жылғы Алматы облысында орныққан саяси жағдай.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
«Желтоқсан – тарихи маңызы бар зор оқиға»
Аннотация
Бұл тақырыпты таңдауға түрткі болған жағдай 2006 жылғы «Егеменді Қазақстан» газетінде «Желтоқсан желі ызғарлы» мақаласында берілген жастар легінің суретіне қарап отырып, сол алаңға барған жастардың кімдер екендігі, қай оқу орнынан екен деген сұрақ мазалады?! Сол ой жетегінде іздену жұмыстары басталды. Бағыт бағдар берген, ұстазым Кусманов Серикбол ағай еді. Бұл жұмысқа деген қызығушылығым артып, зерттеу жұмысының қарқын алуына ықпалын тигізді. Осы тақырыпты зерттеу барысында «Декабрь 1986» құжаттық хроникалық материалдарды оқып шығып, жұмыс барысында осы құжаттағы көрсетілген стат.есептерді негізге алдым. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы», «Алматы 1986 желтоқсан» айғақ кітаптарын басшылыққа алдым, зерттеу жұмысының барысында желтоқсан оқиғасына қатысқан аудан көлеміндегі азаматтардың естеліктері мен құжаттары келтіріледі. 300 жылға жуық уақыт бойы аңсаған егемендігіне, еркіндікке жетеміз деген үмітті қайта жандырған, тарих қойнауына қате бағаланып енген, жастарымыздың саяси сауаттылығын айқындатқан оқиға. Егемендік алғалы бері тек желтоқсан оқиғасы кезінде ұсталып, сотталған, оқудан шығарылғандар ғана желтоқсаншылар деп танылуда. Ал қалған бұғып, қашу арқылы жазадан аман қалған желтоқсан қатысушылардың бұл оқиғаның өріс алуында ықпалы болмағаны ма?! Бұл сұрақ Желтоқсаншылар мәртебесін көтеру мақсатында қайта қаралу қажет.
Бұл жинақталған материалдарды тарих сабағында «1986 Желтоқсан» 9-11 сыныптарында тақырыпты оқу барысында өлке тарихы ретінде пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |