Ғылыми зерттеу күнделігі зерттеу тақырыбы «Желтоқсан алауын жаққан жүректер»



бет5/10
Дата14.10.2023
өлшемі8,83 Mb.
#114728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
07fc9fc48a4d28ff66168b04dc792a9ab9df056a (1)

Желтоқсан оқиғасы әлі күнге дейін тарихта аз зерттеліп өз бағасын ала алмай келеді. Менің тақырыпты таңдаудағы мақсатым желтоқсан оқиғасының тарихын жан-жақты зерттеп, аудан көлеміндегі қатысқан азаматтардың өмір деректерін зерттей отырып, олардың тәуелсіздік жолындағы қосқан үлесін айқындау және тарихқа енгізу. Желтоқсан оқиғасының маңызы ТМД елдері көлемінде де бар, Кеңестер үкіметінің Одағында болған, кейіннен бөлініп шыққан барлық мемлекеттердің егемендігінің бастауы, тәуелсіздік рухын оянуына түрткі болған тарихи маңызы зор оқиға. Бірақ әлі күнге дейін Желтоқсан оқиғасына әлемдік деңгейде, тіпті ТМД елдері арасында дұрыс бағаланбай келеді. Ол жөнінде Мұхтар Шаханов «Бірнеше жылдан бері желтоқсан тақырыбына халықаралық конференция өткізу туралы ұсынымыз аяққа басылуда. Осы немқұрайлықты тудырған тағы бір себеп – біз тек материалдық байлықты ғана пір тұтып, рухани құндылықтарды көзге ілмеуге тырысамыз. Ал, бабаларымыздың ұлы арманы – рух егемендігіне жету болатын»дейді.¹
Материалдық байлыққа ұрпағымыз ақша арқылы қол жеткізуі мүмкін, ал рухани байлық білім арқылы келетінін ескерсек, болашақ ұрпаққа тарихи оқиғаларды зерттеп, өз дәрежесінде баға беріп жеткізу бүгінгі күннің еншісінде. Осы тақырыпты жаза отырып, мен де тарихқа өз үлесімді қоссам деймін. 
¹. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» Деректі роман Алматы 2006 3-бет
Негізгі бөлім.
2.1. Қазақстан КСРО құрамында. 1986 жылғы саяси ахуал, оқиғаның алғышарты.
Әр қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы басқарушы үкіметтің жүргізетін саясатына тікелей байланысты. КСРО уақытында да Қазақстанның дамуы КОКП-ның саясатына тәуелді болған еді. Социалистік партиялардың жүргізген саясатының қаталдығы мен өрескел талаптары арқасында Қазақстан тарихында 1960-1980 жылдарына «Тоқырау жылдары» деген баға берілді. Бұл жылдары бүкіл қазақ даласы әлеуметтік-экономикалық жағынан да, білім, ғылым, мәдениет саласында да зор зардап шекті.
30-жылдардағы Сталинизм, оған дейінгі жағдайы мәз емес халықты одан сорақы қанады. Жазалау шаралары қаталданды: ату жазасы, жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, КСРО-дан тыс жерлерге қудалау. Үкімет саясатына сын айтқан, халықтың ұлттық намысын қозғаушылар, жеке адам құқығын қорғаушылар «халық жауы» деген айыппен жазаланды. Олардың қатарына біздің алға басар қоғам қайраткерлеріміз де кірген еді, сауаты ашық мемлекет қайраткерлері, ғалымдар «халық жауы» жеп жала жабылып қудаланып, жазаланды. Осылайша бұл саясат еліміздің мәдени дамуына кедергі келтіріп, халқымызды қараңғылыққа, сауатсыздыққа алып келді.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет