«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пəнінің мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны.
Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі білім сапасына қойылар талап күннен-күнге артып келеді. Осыған орай соңғы жылдары елімізде сапалы білім беру мәселесіне басымдық беріліп отыр, өйткені ХХІ ғасырдың стратегиялық ресурсы адамның алған академиялық білімін сауатты қолдана білуі болып табылады.Осы ретте «академиялық жазылым» деген термин айналымға кеңінен еніп жатыр. Оның себебі де жоқ емес. Атап айтар болсақ, Қазақстанда реферат пен курстық жұмыстарды, диплом мен диссертациялық жұмыстарды жазу жөнінде ұсыныстар беретін еңбектерді кездестіруге болады, алайда ғылыми мәтіндерді қалай құрастыруға үйрететін еңбектер жоқтың қасы. Мектеп те, жоғары оқу орны да өз бетінше зерттеу жұмыстарын жазуды үйретпейді: мектепте академиялық жазылым дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізілмейді, ал жоғары оқу орнында мәтіндердің сауаттылығына жауап беретін мамандар жоқ. Ал ғзн пәнінде жазуды соның ішінде сауаттырақ жазуды ережелерін талапқа сай жазуды кеңінен үйрететін пән. Ғзн пәнін акедемиялық жазылым депте атауға болады. Ал «Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылымизерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі абитуриенттің университетке дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін айқындауға меже болып табылады.
Библиографияның құрастырылу ережесі. Зерттеу тақырыбы бойынша библиография құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |