«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


«Ғылыми зерттеулер қағидаттары: композициясы мен логикасы



бет3/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

«Ғылыми зерттеулер қағидаттары: композициясы мен логикасы.

Ғылыми зерттеудің негізгі қағидаттары: зерттеудің өзектілігі және мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болдамы, зерттеу әдістері, теориялық маңыздылығы, практикалық мәні болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру. Дәл осы мәселені дәл осы уақытта зерттеу не үшін қажет деген сұраққа жауап береді.


Зерттеу тақырыбы – зерттеу мәселесі мен аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болу керек. Нені зерттеумен айналысамыз деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Оған педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым жатады). Бұл зерттеуде не нәрсе қарастырылады, ғылыми таным үрдісі неге бағытталған деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу пәні – объектінің ішкі ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құыбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы. Тақырыппен сәйкес келіп, тұжырымдау бойынша
Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы. Тақырыппен сәйкес келіп, тұжырымдау бойынша соған ұқсас болып келеді.
Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну. Қандай нәтижеге жетуді көздеймін, қорытынды не болады деген сұрақтар төңірегінде құрылады.
Зерттеудің міндеттері – зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады. Мақсатқа жету үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді.
Зерттеудің болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Зерттеу болжамы егер ..., онда..., өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады.
Жоғарыда аталған ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, дұрыс ғылыми нәтиже алынбайды.
Зерттеу логикасы:
Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философилық ғылымның бір саласы. Әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар. Әрбір ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет