Аннотация жазудың ерекшеліктерін салыстырып, «INSERT» əдісі арқылы тұжырымдаңыз.
Пікір жазудың ерекшеліктері концептуалды кестеге салып, мағынасын ашыңыз.
Пікір – қоғамдағы кез келген тұлғаның ойы. Ол әртүрлі жағдайда туындайтын алуан ойлар желісі. Бірақ пікір жазудың өзіне тән қағидалары бар.
Естіген дүниеге емес, көріп оқыған дүниеңізге ғана пікір жазыңыз.
Пікір жазбастан бұрын өзіңізге мына сұрақтарды қойыңыз: Неге? Не үшін? Не жаза аламын?
Үш сұрақ арқылы неге пікір жазасыз, не үшін жазасыз, одан қандай пайда бар және де қандай пікір жазайын деп тұрсыз деген дүниелерге дайындық жасаңыз.
Сіздің бір ауыз пікіріңіз, тіпті сөйлем емес, бүкіл бір шығарманың, берілген ақпараттың бағытын өзгертіп немесе сол жерде отырған оқырман арасында дау тудыруы мүмкін. Ал даудың оты өзіңізді де шарпуы ғажап емес. Әрбір сөзге байыппен, баппен қараңыз, қайта-қайта сараптама жасап барып пікір жазыңыз.
Пікір жазу тек ой бөлісу емес...
Пікір жазу тек ойыңызды бөлісіп қана қою емес. Ол – сол жазған ойыңыздың біреуге әсер қалдыра білуінде. Мәселен, жаңадан бір фильм шықса, ең бірінші оның өзін көрместен бұрын сол фильмді көрген адамдардың пікіріне мән береміз. Бұл – фильмді көру керек пе, жоқ па деген сұраққа жауа іздеу. Дегенмен ол адам жай ғана ойымен бөлісе салуы да мүмкін. Мұндай жағдайда сіз керемет бір фильмді көруден бас тартасыз. Сондықтан барынша сауатты әрі саралай жазылған пікірге мән беріңіз және өзіңіз де сол қатардан табылыңыз.
Пікір жазу – бұл оқыған кітабың туралы ой мен сезімнен туындайды. Пікір жазудың мақсаты кітап туралы басқа оқырмандарға ұсыныс жасау. Яғни басқа оқырмандар оқысын деген мақсатта жазады. Пікірді оқыған кезде оқырмандар қандай қызықты кітап міндетті түрде оқу керек деген пікірде болуы керек.– бұны еркін шығарма десекте болады.
1.Жалпы пікір әңгіме түрінде болуы мүмкін онда мыс:Кітап туралы қысқаша мағұлмат, Автор аты, әңгіменің аты, оқиға орны мен уақыты, әңгіме не туралы екені жазылады.
2.Тезис - бұнда оқырманның оқыған кітабы туралы өз пікірі жазыладлы. жазба пікірдің басты бөлігінде оқыған туынды туралы өзінің пікірін білдіруі керек; өзінің кітапқа деген қарым- қатынасын жазып қойуға болады, туындыдағы өзіне ұнаған жерлерді, кейіпкерлерді жазуға болады.
3. Тұжырымдама – жалпы кітапты бағалау. (жазба пікірде міндетті түрде кітапқа баға беру керек; мұнда яғни өзінің тілегін немесе - ақыл-кеңестерін жазып қоюға болады. Сізді неге үйретті, соңында кітаптың тілі туралы пікірін жазып қойюға болады және мысал ретінде ұнаған бөлімінен үзіндіні жазуға болады.
Бір оқырманнан пікір алмастан бұрын мынадай сұрақтар дайындап алған жөн.
-Кітап не туралы?
-Тақырып және туындының негізгі ойы қандай?
-кітапта саған қандай жерлер ең күшті әсер қалдырды?
-Сен қалай ойлайсың, неліктен автор тап сол атауды өзінің туындысы үшін таңдап алды?
-Саған кітап ұнадыма? Несімен ұнады? Саған қатты ұнаған кейіпкер?
-Кітапты оқып болғаннан кеиін қандай әсерде болдың? Сені неге үйретті деген сияқты сұрақтары болса пікір жазатын балаға бұл көмекші болар еді.