«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет37/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Байланысты:
Ғзн ворд

Нақты мысалдар келтіру
Эсседе сіз пікіріңізді аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеуіңіз керек. Демек көп балалы болу дұрыс деп ойласаңыз, неге осы позияцияны қолдайтыныңызды түсіндіріңіз.
Мұндағы аргументтер:
Деректер мен дәйектер.
Өмірден алынған жағдайлар, өмірлік шынайы тәжірибелер.
Ғылыми зерттеулер.
Ғалымдардың пікірлеріне сілтеме.
Тақырып ашылуы үшін бір эсседе кем дегенде екі нақты мысал болғаны дұрыс.
Қорытынды жазу
Міндетті түрде ойыңызды қорытындылаңыз. Соңында белгілі бір мәселе жөнінде пікіріңіз бен көзқарастарыңызды айтып келіп, оны қайткенде жүзеге асыруға болады немесе нәтижесі мен түйінін айтып өту қажет.
Эмоцияналды-экспрессивті сөздердің қолданылуы
Эсседе эмоцияналдылыққа рұқсат етіледі, көркем әдеби стильде жазылады. Алайда, жаргон, қысқарған сөздерді қолдану және ауызекі сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
Берілген көлемді сақтау
Әдетте эссенің көлемі 200-250 сөзді құрайды. Одан аз немесе көп сөз жазу емтиханнан төмен нәтиже алып келуі мүмкін, сондықтан берілген стандарт пен форматқа сәйкес жазуға тырысу керек.

  1. Рецензия жазудың ерекшеліктеріне мысал келтіріп, «SWOT» талдау арқылы түсіндіріңіз.


Рецензия жазудың ерекшеліктеріне мысал келтіріп, SWOT талдау арқылы түсіндіріңіз
Рецензия — журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы. Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал. Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айта білуі қажет. Портреттік очерк. Мұнда озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың мінез-құлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері, соларды қалыптастырудағы қоғамның, ортаның ықпал-әсері ашылады. Портреттік очерк кейде бір жеке шаруашылықтың, өнеркәсіп ұжымының еңбегін керсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арналады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет