«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Ұсыным хат дегеніміз... «Фишбоун» əдісі арқылы дəлелдеңіз



бет39/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
Ұсыным хат дегеніміз... «Фишбоун» əдісі арқылы дəлелдеңіз.


52. Конспект жазудың ерекшеліктерін дəлелдеп, тірек-сызба арқылы түсіндіріңіз.
Конспектілеу - мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қыска етіп жазбаша баяндау. Конспектілеу арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.
Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:
1) Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын құру;
2) Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету;
3) Ғылыми еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс;
4) Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен далелдер толық жазылуы тиіс;
5) Конспекгілегенде цитата қолданылуы керек;
6) Конспектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп.
Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагмент түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.
Қолмен немесе ноутбук көмегімен?
Ересек адамның қолмен жазу жылдамдығы ноутбукте теру жылдамдығынан төменірек, сондықтан ноутбуктің көмегімен көбірек ақпарат сақталады. Бірақ қағазға түсірілген жазбалар, ең алдымен, жақсырақ жүйеленген болады: жылдамдықтағы шектеулердің себебінен сіз тек ең маңызды сәттерді теріп, процесс үстінде кестелер мен сызбалар да жасап отырасыз.
Сонымен қатар, егер сіз аудиторияда отырсаңыз, ноутбукте сізді ғана емес, көршілеріңізді де алаңдататын заттар толып жатыр (Computers & Education журналында жарияланған мақаладағы статистика бойынша тыңдаушылардың 81%-ы конспект жүргізудің орнына почтаны тексеруді бастайды, және, 25%-ы назарларын компьютер ойындарына аударады екен).
Зерттеулерде қай стратегия анағұрлым ұтысты деген сұраққа нақты жауап берілмеген, - одан маңыздырақ сұрақ, сіз конспектіні жазылғаннан кейін бірден оқисыз ба?! Сонымен қатар, конспектіге дәріскер қолданатын кестелер мен сызбаларды қосқаныңыз дұрыс, яғни, суретін қағазға көшіріп, телефоныңызға түсіріп алып, немесе презентацияның сілтемесін сұрап алуыңызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет