«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің қосымша емтихан сұрақтары
1-деңгей
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пəнінің мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны.
Библиографияның құрастырылу ережесі. Зерттеу тақырыбы бойынша библиография құрау.
Академиялық мəтіннің түрлері, оларды салыстыру, талдау.
«Ғылыми зерттеулер қағидаттары: стильдік ерекшеліктері, жанрлары.
«Ғылыми зерттеулер қағидаттары: композициясы мен логикасы.
Мамандық бойынша ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы.
Ғылыми аргументация негіздері. Аргументация түрлері.
Контраргументация. 8.Академиялық мәтін құрылымы:Аннотация,кіріспе,өзектілігі, мақсат-міндеттері. Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Академиялық – рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады. Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру. Ғылыми жоба құрылымының дәстүрлі түрде мәтін ретінде келеді. Ең алдымен, кез-келген мәтін сияқты, кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бұл бөліктер тек мазмұны бойынша ғана емес, сонымен қатар көлемі бойынша да бір-бірімен байланысты болуы керек: кіріспе мен қорытынды әдетте 2 бетте жазылады.
Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері болады:
Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.