«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Диплом жұмысты алдын ала қорғау бойынша баяндамаға қойылатын талаптар мен ұсыныстар



бет59/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
Байланысты:
Ғзн ворд

12.Диплом жұмысты алдын ала қорғау бойынша баяндамаға қойылатын талаптар мен ұсыныстар 
Жұмыс қатты және жұмсақ мұқабада түптеліп, екі дана дайындалады. Дипломдық жұмыс (жоба) көлемі 60-80 бет болуы қажет, ал шет тілінде жазылған дипломдық жұмыс көлемі 40-50 бет. Қосымшалар диплом жұмысының көрсетілген көлеміне кірмейді. Диплом жұмысы (жоба) қазақ (мемлекеттік) және орыс тілінде орындалады. 
Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптар
6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы өзекті, ғылым, техника және мәдениеттіңзаманауи күйі мен даму перспективасына сәйкес болып, мазмұны бойынша 5 тармақта көрсетілген талаптарға сай болуы керек.
Дипломдық жұмыстар (жобалар) тақырыптарын анықтау кезінде өндіріс, білім, ғылым және мәдениеттің нақты мәселелерін ескеру қажет.
7. Дипломдық жұмыстар (жобалардың) тақырыптары мамандыққа және маман дайындауының салаларына сәйкес болуы керек.
8. Дипломдық жұмыстар (жобалардың) тақырыптарын кафедра анықтап, факультеттің ғылыми кеңесінде қарастырылыпбекітіледі.
9. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) жалпы тізімі жыл сайын кемінде 30%-ға жаңартылып отыруы керек.
10. Техникалық мамандықтар үшін дипломдық жобаны дипломдық жұмыспен алмастыруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда, дипломдық жұмыс ғылыми-зерттеу сипатына ие және есептік-сызубөлігі болуы тиіс.
11. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бітіруші курстың басында анықталып, ректор бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алды тәжірибе аяқталғанда дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы қажет болған жағдайда кафедраның ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін.
Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: 
 мұқаба (сыртқы беті) (Г қосымшасы); 
 титул беті (Д қосымшасы); 
 диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма (Б қосымшасы); 
 мазмұны (В қосымшасы); 
 кіріспе; 
 негізгі бөлім; 
 қорытынды; 
 пайдаланылған әдебиеттер тізімі; 
 қосымшалар. 
Мұқабада мынадай мәліметтер келтіріледі
 диплом жұмысы (жоба) орындалған ұйымның атауы; 
 студенттің тегі және аты-жөні; 
 дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының атауы; 
 жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба); 
 мамандықтың атауы және шифрі; 
 орындалған жері және жылы. 
Титул беті дипломдық жұмыстың (жоба) бірінші беті болып табылады және құжатты қажетті жағдайда өңдеу мен іздестіруге қажет болып табылатын ақпарат көзі ретінде қызмет етеді. Титул бетінде келесі мағлұматтар келтіріледі: 
 диплом жұмысы (жоба) орындалған ұйымның атауы; 
 диплом жұмысы (жоба) орындалған кафедра атауы; 
 шектеу грифі (қажет болған жағдайда) 
 кафедра меңгерушісінің бекіткен қолы; 
 жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба); 
 «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуі мен диплом жұмысы (жоба) тақырыбының атауы; 
 мамандықтың атауы және шифрі; 
 сол жағында «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі мен аты-жөні; 
 бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және жетекшінің қызметі мен қызмет атқаратын орны; 
 орындалған жері және жылы көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет