«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Мамандық бойынша ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы



бет4/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Ғзн ворд

Мамандық бойынша ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы.

Мамандық– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды.
Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – адамның еңбектену іс – әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс – әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуалды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатан табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған.
Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.
Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.
Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет