Сонымен, академиялық жазылымның 4 ерекшелігін атап көрсететін болсақ:
1. Объективті түрде жазылуы;
2. Ғылыми стильде жазылуы;
3. Жүйелі құрылыммен жазылуы;
4. Сілтемелерді жиі қолдану;
Академиялық мәтін ешқашан субьективті болмауы тиіс. Мысалы, «Менің ойымша, академиялық жазылымның басқа жазылымдарға қарағанда 4 айырмашылығын көре аламын» деген сөйлемді обьективті түрде былай беруге болады: «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан 4 түрлі ерекше айырмашылығын байқауға болады». Академиялық бағыттағы сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты ақпарат беруін көздейді. Сонымен, академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті дәлелді етіп анық жеткізу.
«Ғылыми зерттеулер қағидаттары: стильдік ерекшеліктері, жанрлары. Акниет
Ғылыми стиль – стилисканың күрделі түрлерінің бірі. Өйткені ондағы тілдік элементтердің ерекшелігі тілдің барлық салаларымен тығыз байланысты болып келеді. Ғылыми мәтін құрылымы мазмұны мен мақсатына орай жанрлық түрлерге жіктеледі.
Айталық, ғылыми шығармаларды мазмұн деңгейіне қарай анықтамалық журналдық, монографиялық, мемуарлық, ақпараттық,әдебиет деп бөлушілік осындай белгінің қатарына жатса керек. Сондай-ақ ғылыми мәтінде коннотациялық бағыттың қаншалықты дәрежеде орын алуына байланысты туындының кейбір топтарға ажыратылуын жанама сипаты бар белгілерге қосамыз. Бұл айтылғандарды мына кесте арқылы беруге болады:
Монографиялық жанр коммуникативтік жағынан болсын құрылымдық жағынан болсын ғылыми тілдің ең бір күрделі жанры болып табылады. Оның жанр ретінде мынадай белгілері анықталады:
- монографияның тақырыбы пәндік ғылымның өзекті мәселесін қарастыруды көрсетеді;
- мазмұндық күрделілігі жағынан сөйлесімнің иллокутивті күші бір ғылыми саланың (пәннің) дамуына, едәуір үлес қосады;
- құрылымы жағынан монография кіріспеден, зерттеудің негізгі тұжырымдарынан, тақырыпқа қатысы бар барлық мәселелер бірізділікпен. Қазіргі кезде әртүрлі сала, мамандықтар бойынша шығып жатқан оқулықтар, оқу құралдары баршылық. Алайда солардың қайсыбірінде жанрлық ерекшеліктер композициялық түзілім көбіне-көп ескеріле бермейді. Сондай-ақ, монографиялық үрдісте жазылған еңбектер оқу құралдары, құрылымы жағынан оқу құралдары сипатындағы, әдебиеттер монография делініп жүреді. Ғылыми тіл мәдениетіне қатысты бұл мәселелерді өз алдына бөлек, әңгіменің жүгі ретінде қарай отырып, оқу әдебиеттерінің композициялық құрылымы жөнінде мынаны айтқан жөн. Әдетте оқулықтар мен оқу құралдарының сыртқы композициясы дәстүрлі схема бойынша құрылады: кіріспе, мен негізгі бөлім, негізгі бөлімнің тараулары, параграфтары, олар бойынша жасалатын қорытындылар. Оқулық құрылымының курс бағдарламасы бойынша кұрылуы жеткіліксіз, ол белгілі бір пәннің ұғымдарын жүйелі түрде бейнелеп қарастыру керек, сонда ғана ғылыми пәннің жалпы сұлбасы танылады. Оқулықтың әрбір бөлімі, тарауы өзіне мына элементтерді қосады: 1) нысанның сипаттамасы; 2) нысанның қасиеттерін мысалдар арқылы түсіндіру, негізгі қызметтерін айту, жаңа білімді логикалық тәсілмен анықтау; 3) тақырыпқа қатысты ұғымдарды талдау, салыстыру, салғастыру, сондай-ақ бағалау арқылы жинақтау.
Ғылыми тілді жанрлық тұрғыдан саралау өзінің мақсат-мүддесіне қарай тілден тыс факторлардың қатарынан саналады. Қарым-қатынастың белгілі бір аясындағы әрбір мәтін функционалдық стильдің бір түріне жататындығымен сипатталады және сол стильдің мазмұндық-құрылымдық белгілерінен туындайтын өзіне тән тілдік құралдармен рәсімделеді. Мұндай өзіндік тілдік құралдар стилистикалық нормалар жүйесін құрайды. Бұл стилистикалық нормалар жүйесінен уәжді ауытқу саналы түрде жүзеге асады, автор мақсатты ауытқу арқылы оқырмандармен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді, мәтіннің жоғары деңгейдегі ақпараттылығына жетуді мақсат етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |