«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің қосымша емтихан сұрақтары 1-деңгей «Ғылыми зерттеулер негіздері»


«Ғылыми зерттеулер қағидаттары: композициясы мен логикасы. Акниет



бет6/36
Дата15.12.2023
өлшемі382,28 Kb.
#138717
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің қосымша емтихан сұрақтары -emirsaba.org

«Ғылыми зерттеулер қағидаттары: композициясы мен логикасы. Акниет


Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: Кез келген педагогикалық зерттеу жұмысының ғылыми аппараты болады. Оны әдіснамалық аппарат деп те атайды.
Зерттеудің өзектілігі, көкейтестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.

Зерттеу тақырыбы — зерттеу мәселесі мен аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.
Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Оған педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым жатады).
Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері – зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады. Мақсатқа жету үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді.
Зерттеудің болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Зерттеу болжамы егер…, онда…, өйткені… деген ұғымдармен байланысып құрылады.

Аталған ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, дұрыс ғылыми нәтиже алынбайды.



Зерттеу логикасы:
Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасының
өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. Әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар. Әрбір ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады.
* Тақырыпты, өзекті мәселені, мақсатын, объектіні, пәнді, зерттеу міндеттерін анықтау.
* Зерттеу жоспарын құру және жоспардың бірінші нұсқасы бойынша орындау.
* Зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттердің тізімін құру.
* Зерттеудің жалпы әдістемесін және әдістерін, базасын белгілеу.
* Теориясын және тарихын зерттеу, негізгі ғылыми ұғымдарды талдау.
* Осы проблеманың практикалық жүзеге асырылуын зерттеу.
* Белгілі көрсеткіштер бойынша диагностикалау әдістемесін құру.
* Алынған нәтижелерді талдау, жинақтау және болжам негізінде құру.
*Болжамды тексеру әдістемесін ұсыну.
* Тәжірибелік-эксперименттің жұмыстар жүргізу (анықтау және қалыптастыру, бақылау эксперименті, тәжірибелік жұмыстар)
* Бақылау срездерін жүргізу.
* Алынған нәтижелерді талдау және қорытындылау, зерттеліп отырған проблеманы теориялық тұжырымдау.
* Практикалық нұсқауды ұсыну.
* Жұмысты безендіру және зерттеу жұмысының мәтінін редакциялау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет