Ғылыми зерттеулер саласындағы ұлттық және халықаралық құқық негіздері


Іріктеу әдістері. Детерминистік әдістер



бет17/45
Дата15.12.2023
өлшемі165,65 Kb.
#139618
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
?ûëûìè çåðòòåóëåð ñàëàñûíäà?û ?ëòòû? æ?íå õàëû?àðàëû? ???û? íåã³

24. Іріктеу әдістері. Детерминистік әдістер.


25. Іріктеу әдістері. Ықтималды әдістер.


26. Бақылау басындағы динамикалық зерттеулер: ретроспективті.


27. Бақылау басындағы динамикалық зерттеулер: перспективалы.


28. Зерттеу жұмыстарын жоспарлау.
1 кезең – проблеманы, зерттеу нысаны мен объектісін анықтау; 2 кезең – мәселе бойынша әдебиетті зерттеу, негізгі ұғымдарды нақтылау, зерттеу пәнін алдын ала сипаттау және жұмыстың түпкілікті атауы; 3 кезең – зерттеудің мақсатын, міндеттерін және гипотезасын тұжырымдау; 4 кезең – зерттеу әдістерін таңдау; 5 кезең – нақты материалды жинау; 6 кезең-зерттеу нәтижелерін өңдеу және оларды түсіндіру.


29. Ғылыми зерттеу тақырыбын тұжырымдау. Ғылыми зерттеу тақырыбының критерийлері.

Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.


Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет