Жұмыстың жалпы сипаты. Бұл жерде сіз жұмысыңызға қысқаша шолу жасап шығасыз.
Жұмыстың өзектілігі. Бұл бөлікте еркін көсілуге болады. Жалпы жұмыс жайында тақырыпқа терең үңіліп, негізгі және қосалқы бөлімдердің қысқаша мазмұнын жазып көрсетесіз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмысыңыздың басты құндылығы осы мақсат пен міндетте. Жинақтаған ақпараттарды осы жүйеге сала отырып, тақырыптың жан дүниесін көрсету үшін мақсат қоясыз және оның міндеттерін көздеп аласыз.
Жұмыстың нысаны. Негізге алып отырған, басты назарда ұстап отырған нысанаңызды анықтап көрсету керек.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Бұл жерде жазылған жұмысыңыз қаншылықты жазылды, қандай құндылықтарымен ерекшеленді, тақырып бойынша не қаралды, не сарапталды – осылар бойынша жұмыс жасайсыз. Әрі пайдаланған негізгі әдебиеттеріңіздің авторын және еңбегін көрсету арқылы жұмыстың қандай деңгейде жазылғанын атап өтесіз.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Аты айтып тұрғандай жұмыстың ғылымилығы теориялық негізі болып сарапталады да, оның оқу құрал ретінде пайдаланылуы әдіснамалық негізі болып көрсетіледі.
Жұмыстың құрлымы. Кіріспеден және қандай бөлімдерден тұратынын көрсету.
Жұмыстың жалпы көлемі. Жұмыстың неше беттен тұратынын анық етіп көрсетіңіз.
Қорытынды Жалпы жұмыстың негізгі бөліктеріне кіріспе және осы қорытынды бөлім жатады. Өйткені қорытынды бөлімде сіз өзіңіздің түйгеніңіз бен білгеніңізді, жұмыстың жалпы барысын саралаған сараптамалық көзқарасыңызды білдіресіз. Қорытындыңыз шашағы шықпаған тас түйін болса, жұмыс турасында жақсы баға алуға мүмкіндігіңіз бар. Ескере кету керек, қорытынды жазуда сізден ұсыныс талап етіледі. Ұсыныс сіздің қосатын жаңалығыңыз болу керек.
Глоссарий Болашақ студенттердің дені бұл сөзді түсінбей әрі ол жайында ұмытып кетіп жатады. Диплом жұмысы кезіндегі ең керекті бөлім де осы глоссарий. Бұл бөлікте сіз өзіңіздің жұмысыңызда пайдаланған негізгі терминдерді теріп жазып, оларға сөздік арқылы анықтама бересіз. Жұмыстың құндылығы мен сапасын көрсететін терминдер қатары осы бетте болуы маңызды.