Ғылымның қалыптасу кезеңдері.
Қазіргі заманғы ғылым ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа европалық цивилизацияның негізінде кітап басып шығару кең таралғаннан кейін пайда болды. Кітап басу бұл кезде коммерциялық қызмет, яғни пайда табудың бір түрі ретінде дамыды. Неміс философы К.Ясперс ғылымның қалыптасуының екі кезеңін көрсетеді:
1 кезең - ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің қалыптасуы;
2 кезең- қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қөзғауға мүмкінді беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістері мен ұсынылып, танымның жаңа қағидалары ұсынылды.
Рене Декарт - француз математигі және философ, Галилео Галилей – италияндық астроном, Уильям Гарвей – ағылшын дәрігері, Иоганн Кеплер – неміс астрономы, Исаак Ньютон – ағылшын математигі, механик, физик және астроном, Роберт Боиль – ағылшын химигі және физик, голландиялық Ханс Янсен ойлап тапқан микроскопты жетілдірген ағылшын оқымыстысы Роберт Гук және басқа да ғалымдар қазіргі заманғы ғылымның негізін салды. Бұл үрдістің негізгі себебі, XVІІ ғасырда ғылымның халықтың әл-ауқатын көтеру және адамның табиғатқа деген үстемдігін орнатудың тәсілі ретінде қарастырылуында болды. Декарттың замандасы Ф.Бэкон ғылымды табиғатты бағындырудың құралы ретінде көрсетіп, ғылым дамуының қажеттілігін негіздеуге көп күш жұмсап, "Күш - білімде" деген әйгілі афоризмін ұсынды. Ф.Бэкон тәжірибені табиғатты зерттеп, танып табиғат - ананы қинаудың негізгі әдісі деп қарастырды. Ф.Бэкон тәжірибелік танымның міндеттерін анықтай отырып "зерттеу", "тексеру","сынау" секілді бірнеше мағыналарға ие ―іnquіsіtіon‖ – сөзін қолданды. Осындай ғылыми инквизициялардың нәтижесінде табиғаттың құпиялары ашылды (орыстың ―естествоиспытатель‖ сөзімен салыстырыңыз). Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес XVІІ ғасырда Лондонда Корольдік ғылыми қоғам (1662ж) және Парижде Корольдік ғылыми Академия (1666ж) құрылды.
2. Іргелі, қолданбалы зерттеулер, зерттемелерге талдау.
Іргелі (Фундаментальды) зерттеулер - табиғаттың жаңа заңдарын ашуға, табиғи құбылыстар арасындағы байланысты анықтауғы және құбылыстарды, процестердi, айғақтарды түсiндiруге бағытталады. Бұл жұмыстар негiзiнен академиялық институттарды және бас жоғарғы оқу орындарында жүргiзiледi. Фундаментальды жұмыстардың тiкелей нәтижелерi көбiнесе абстрактiлi сипатта болады, әйтсе де келешекте бұл зерттеулердiң iс жүзiнде қолданылуы көптеген жағдайларды елеулi экономикалық тиімдiлiк беретiндiгiн атап өтуге болады. Фундаментальды жұмыстардың нақты мысалдары ретiнде А.Эйнштейiннiң салыстырмалылық теориясын немесе дифференциалық және интегралдық есептеулер теориясын мысалға келтiруге болады.
Қолданбалы зерттеулер - бұрыннан белгiлi әдiстердi елеулi түрде жетiлдiруге немесе жаңа әдiстер құруға тiкелей бағытталады. Бұл әдiстер негiзiнде жаңа жабдықтар, машиналар, материалдар, өндiрiс тәсiлдерi және т.б жасалады. Бұл жұмыстар нақтылы сипатта болып келедi, олар салалық институттар мен жоғарғы оқу орындарында орындалады. Елiмiздегi тiгiндiк машина жасау өнеркәсiбiнiң дамуына, сондай-ақ механизмдер мен машиналар теориясына елеулi үлес қосқан С.Н Кожевников пен М.М Прусилиннiң "тiгiн машиналары" атты еңбегi қолданбалы жұмыстың мысалы бола алады.
Қолданбалы жұмыстар қандай кезеңдерден тұрады:
- дайындық кезеңi, бұған тақырып бойынша библиография құру, негiзгi және жуық тақырыптар бойынша әдебиеттi оқып, үйрену басқа ұйымдардың тәжiрибесiн ескерту, шолулық құжат құру, техникалық тапсырманы, күнтiзбелiк жоспарды жұмыстардың есебiн дайындап, бекiту кiредi.
- тақырыптың теориялық бөлiмi, бұған жаңа схемаларды дайындау мен есептеу, теориялық негiздеулер, материалдар мен жабдықтардың жаңа түрлерiн iздестiру, технологиялық процестердi жетiлдiре түсiру кiредi.
- әр түрлi технологияларды тәжiрибелiк байқаудан өткiзу, тиiмдi әдiс-тәсiлдердi таңдап алу, материалдық -техникалық база жабдықтау,
- дәлдеп түзетулер, бұларға қабылданған конструкцияны жетiлдiре түсу жайлы ұсыныстар, сынаудың аяқталған циклдарын ескере отырып, дайындалған схемаға, есептеуге, жобаға, құрылғыға сәйкес түзетулер енгiзу.
- дайындама жұмыстардың нәтижелерiн тәжiрибе ретiнде таңдап алынған жекелеген кәсiп орындарда немесе оқу процесiне енгiзу,
- қорытындылар мен ұсыныстар, бұларға сынаушылар мен тәжiрибелiк енгiзулердiң нәтижелерiн жалпылау, олардың болжамды немесе, шынайы экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау кiредi.
- ақырғы кезең, бұған есептiк құжатты даярлау, оны орындаушы мен тапсырыс берушiнiң өкiлдерi бекiтуi кiредi.
3. Диссертациялық жұмыстың стилистикасы
Магистрлік диссертацияның құрылымына қойылатын талаптар.
2.1 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері мыналар:
- мұқаба (нөмірленбейді, қосымша А);
- титулдық бет;
- мазмұны;
- нормативтік сілтемелер;
- анықтамалар, таңбалау және қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған дерек көздерінің тізімі
- қосымша;
2.2 Титулдық бет магистрлік диссертацияның бірінші беті болып саналады және құжатты өңдеу және іздеу үшін қажетті ақпарат көзі болып табылады. Титулдық бетке диссертация беттерінің жалпы нөмірленуі кіреді. Титулдық бет нөмірленбейді. Титулдық бет қосымша Б-ге сәйкес рәсімделеді.
2.3 Магистрлік диссертацияның мазмұнына кіріспе, реттік нөмірлер мен барлық бөлімдер атауы, шағын бөлімдердің, тармақтардың (егер олардың атауы бар болса) атауы, қорытынды, пайдаланған дерек көздерінің тізімі және диссертацияның аталған элементтері басталатын беттерінің көрсетілуімен бірге қосымша кіреді.Магистрлік диссертацияның мазмұны қосымша В-ке сәйкес рәсімделеді.
2.4 «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементі диссертация мәтініндегі сілтемелер берілген стандарттар тізімінен тұрады. Сілтемелер жасалатын стандарттар тізімі мынадай сөздерден басталады: «Осы магистрлік диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған ...». Тізімге стандарттардың таңбалануы және таңбалауларды тіркеу нөмірінің өсу тәртібімен олардың атауы кіреді.
2.5 «Анықтама» құрылымдық элементі магистрлік диссертациядағы терминдерді нақтылау немесе белгілеу үшін қажетті анықтамадан тұрады. Анықтамалар тізімі: «Осы магистрлік диссертацияда сәйкес анықтамалар бойынша келесі терминдер қолданылады ....» деген сөздерден басталады.
2.6 «Белгілеулер және қысқартулар» құрылымдық элементі магистрлік диссертацияда пайдаланылатын белгілеу және қысқартулар тізімінен тұрады. Белгілеу мен қысқарту жазбалары диссертация мәтінінде сөздердің қажетті мағынасын ұғындыру және түсіндіру тәртібімен жүргізіледі. Анықтаманы, белгілеуді және қысқартуларды «Анықтама, белгілеу және қысқартулар» деп, бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат етіледі.
2.7 Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, аталған жұмыстың басқа да ғылыми – зерттеу бағдарламаларымен байланысы көрсетілуі тиіс, сондай-ақ зерттеу мақсаттары мен міндеттері, ғылыми – зерттеу жұмыстарын тұтастай орындаудағы олардың орны көрсетілуі қажет.
2.8 Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер көрсетіледі.
2.9 Негізгі бөлім мыналардан тұруы тиіс: - зерттеу бағытын таңдау және оны негіздеу, міндеттерді шешу және оларды салыстырмалы бағалау әдістері, жұмысты жүргізудің таңдалған бағыты бойынша жалпы әдістемелерін сипаттау; - теориялық зерттеулердің сипаты мен мазмұнын қоса алғанда теориялық және (немесе) экспериментік, жобалық зерттеулер үдерісі, зерттеулер әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік, жобалық жұмыстар жүргізу қажеттігін негіздеу, әзірленген объектілердің қолданылу принциптері, олардың сипаттамалары;- зерттеу нәтижелерін жинақтау мен бағалау және жұмыстың алдағы бағыттары бойынша ұсыныс, алынған нәтижелердің сенімділігін бағалау, отандық және шетелдік тәжірибелердің нәтижелерімен оларды салыстыру; - әрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар.
2.10 Қорытындылар мыналардан тұруы тиіс: - диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар; - қойылған мақсаттар шешімдерінің толықтығын бағалау; - аталған саладағы ең жақсы жетістіктермен салыстыра отырып, орындалған жұмыстың техникалық – экономикалық деңгейін бағалау.
2.11 Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі магистрлік диссертация жазу кезінде пайдаланылған дерек көздері туралы мәліметтерден тұруы тиіс, тізім қосымша Г-ге сәйкес рәсімделеді.
2.12 Қосымшаға қандай да бір себептермен негізгі бөлімге кірмей қалған диссертациялық жұмысты орындаумен байланысты материалдарды енгізу ұсынылады.
4. Озық iс-тәжiрибенi тарату әдiстемесi
Озық iс-тәжiрибенi тарату әдiстемесi.
1.ұйымдастыру:
- әдiстемелiк бiрлестiк құру,
- педагогикалық көкейкестi мәселелерiн оқып үйренетiн ғылыми топ құру шығармашылық топ.
- ғылыми-педагогикалық семинарлар өткiзу опт-нi талдау.
- проблемелық лаборатория құру әр түрлi бағыттағы мамандар бiр проблеменың аясында пiкiр бөлiседi.
- iс-тәжiрибенi енгiзу бағытынды педагогикалық шеберлiк көрсетедi,
- педагогикалық зерттеу мәселесi бойынша арнаулы курс өткiзедi.
Тәжiрибенi тарату және оқып үйрену формасы. Озық iс-тәжiрибенi алуан түрлi формады таратуға немесе насихаттауға болады. олар:тәжiрибенi жүзеге асыру мақсатында ашық сабақтар сабақтар сериясы немесе сыныпан тыс жұмыстар өткiзедi, баяндамалар жасайды: педагогикалық кеңесте, педагогикалық проблемеларға сәйкес мәжiлiстерде, ғылыми-әдiстемелiк және ғылыми конференцияларда, педагогикалық оқуларда, конкурстарда, оқу-тәрбие жұмыстарының көкейкестi мәселелерiнiң пiкiр сайысы немесе диспуттарда, семинар сабақтарда, жеке педагогикалық кеңес беруде. ұсынылған тәжiрибенiң сипаттамасы мектептiң оқ кеңесiнде озық iс-тәжiрибе туралы оқу iсiнiң меңгерушiсi және директорға баяндайды. педагог өзiнiң тәжiрибесiнiң негiзгi идеясын панорамалық сабақтар, шығармашылық есеп беру, шебер сынып сайысы арқылы да көрсете алады. тәжiрибе нәтижесiн авторлық еңбектер арқылы: әдiстемелiк нұсқау, бейне көрнiс, мақала т.б түрiнде жариялай алады.
5. Педагогтың е-портфолиосының қолданысы және оған қойылатын талаптар.
Портфолио - құжаттарды, кәсіби қызметпен байланысты материалдарды жинау және жұмыстың нәтижелерін талдау.
Портфолио жасауға қойылатын талаптар
- өзін-өзі бақылаудың реттілігі мен жүйелілігі (Портфолио бөлімдеріне сәйкес материалдарды жинау қызметкердің барлық қызметінде орындалады);
- безендірудің эстетикасы мен сұлулығы;
- ұсынылған материалдардың тұтастығы, тақырыптық толықтығы;
- материал жиналған, бөлімдерге бөлінген және алынған бөлімдер басқарылады.
Портфолио құрылымы
Бастапқы бет
Мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |