Ғылымның қалыптасу кезеңдері


Тест зерттеу әдісі және оның түрлері



бет14/44
Дата06.05.2023
өлшемі254,27 Kb.
#90768
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
?ûëûìíû? ?àëûïòàñó êåçå?äåð³

32. Тест зерттеу әдісі және оның түрлері.
Тест зерттеу әдісі және оның түрлері. Тестілеу - бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады. Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тестіді бұл мәселемен арнайы айналысатын кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндетті жариялаған тестерді тауып, оларды пайдалануға тіреледі. Тестің мазмұнында мәнсіз белгісіз мәселен, орта, орташа, жоғары, жиі секілді ұғымдар болмағаны жөн.Себебі балалардың бұл сөздерді түсінуі әрқалай.
Педагогикалық тестілеу-мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылғантапсырмалар түрінде беріліп, педагогикалық үрдісті объективті өлшеуге көмектеседі. Көптеген педагогикалық тестер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьютердің көмегімен нәтижесі шығады. Үлгеріс тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейлерін диагностикалау тестерін қолданады. Соңғы кездері психологиялық тестер педагогикалық зерттеулерде және практикада көп қолданылып келеді. Оны қолдану барысында такті сақтап, алынған нәтижені талқыға салмай жүргізіледі. Бірақ арнаулы психологиялық тестер ММРВакслер, түстік дақтар Роршаха атты түрлерін алдын-ала психологтармен кеңеспейінше қолдануға болмайды. Себебі ұзақ еңбекті, көп уақытты, алынған нәтижені өңдеу үшін білім мен біліктілікті талап етеді. Тестер төмендегідей түрге бөлінеді:

  • Жетістік тестер

  • Даму тестер

  • Парасат тестер

  • Психометриялық жеке тұлғалық тестер

  • Жеке тұлғалық құрлымдық тестер

  • Қызығушылық мақсатқа арналған тестер

  • Клиникалық тестер

Тест технологиясының алуан түрлері

  • Диктант

  • Өздік жұмыс

  • Бақылау жұмысы

  • Фронтальды ауызша сұрау

  • Жаттықтыру жұмыстары

  • Сынақ жұмысы

  • Карточкамен жеке — дара сұрау

  • Қалып қойған жерді толтыру (пропусков)

  • Жағдай — көріністі және оның сипаттамасын салыстыру

  • Ұғымды анықтау

  • Тізбектілікті құру

  • Модельдерді құрастыру

Педагогикада ең басты мектепке дайындықты анықтайтын парасат, кәсіби оқуға жарамдылықты тексеретін, ынталыққа және ойын жинақтай білуге арналған, сондай-ақ әлеуметтік тестер қолданады. Форма тұрғысынан еркін жауаптарды алдын-ала болжайтын теске қатысушы жауапты өзі жасап немесе шешімін өзі ұсынуы керек тестер мен таңдауды алдын-ала болжайтын тестер деп ажыратуға болады. Теске қатысушы ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауапты таңдау керек. Төрт немесе бес ұсынылған нұсқалардан шешімді таңдау ең икемді және жиі қолданатын тест түрі болып табылады.
Қазіргі уақытта психометриялық тестердің ішінен жобалау тестері едәуір кеңінен тараған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін алғы шарттарға негізделген. Бұл тестер өзінің сипаттаушылық түсініген беру, өмірде жоқ жанауарлардың суретін салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттілігі бар формаларда болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсніген беруді ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет