2. Танымның эмпирикалық деңгейінің ерекшеліктері және сипаттық белгілері
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады.
Негізгі эмпирикалық білімнің, фактілердің (бақылау,эксперимент және өлшеу) қалыптасуы
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады. бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; Эмпирикалық зерттеуде бақылау мен эксперименттен
басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты тәсілдер
қолданылады. Факт эмпирикалық зерттеудің басты элементі және
ғылыми білімнің формасы болып табылады.
Факт (лат. factum – жасалған, істелген сөзінен): а) шындық
түсінігінің синонимі, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарама-
қарсылық; б) эмпирикалық білімді тіркейтін ерекше ұсыныс, яғни
бақылау мен эксперимент барысында алынған білім.
3. Теориялық таным – заттар мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білуге бағытталған таным; ол аса жоғары дәрежелі абстракциялауда іске асады: теориялық таным ұғымы, категория, заң, гипотеза және т.б. формаларда жүзеге асады. Теориялық таным салыстыру, анализ бен синтез, абстракциялау, шектеу, логикалық және тарихи, аналогия әдістерімен жүзеге асады.
Теория – бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс па? Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке от жаққанда, уақыт өте келе пештің суи бастағанын, ал бөлмедегі ауаның қыза бастағанын аңғарамыз. Біз мұны қорытындылай отырып мынаған келеміз: а) қыздырылған пеш жалыны жеткіліксіз болғандықтан суи бастайды; б) бөлмедегі ауа мен пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім де қорытындылау нәтижемсінде алғанымен, оны теориялық деп айтуға келмейді. Кезкелген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және үрдістермен бірқатар бақылаулар, эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.
Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Оның себебі, ғылыми қорытындылар бақылаулар мен эксперименттердегі ортақ жалпылылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануында да болып шығады.
Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза формасында көрінеді. Гипотезалар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өзінің логикалық формасында олар, әдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: егер А және В арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық. Алғашқылары – жекелеген заттар, жағдайлар мен үрдістер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға, мысалы, Д.И.Менделеевтың химиялық элементтер қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы жорамал негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанады. Бұл болжамдар дәлелденгенннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.
Теориялық білімдер өз құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларды да, әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғарғы дәрежеде дәлелденген гипотезалар ғана белгілі бір теория құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастар қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын пікірлердің бастапқы, түпкі ұсыныстардан таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылатындығында. Мұндай түйін нәтижесінде алынған пікірлер теория салдарлары деп те аталады.
Салдарлар өз мазмұны жағынан қарастырылар теорияның заңдары болуымен қатар, белгілі бір жағдайларды, ахуалдар мен үрдістерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдардар туындайтын ұсыныстар әдетте теория постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады.
Қазіргі ғылыми таным қалыптасуы барысында ғылыми теориялар көмегімен мұндай шешімдердің іске асу уақытын ондаған және жүздеген есе қарастыруға мүмкіндік туды. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет, онан белгілі ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды алуға болады. Шындығында теория құрудың өзі орасан зор күш-жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі, яғни ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдыққа, экспериментке орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне, ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады. Бүгінгі күнгі техникалық дамудың өте жедел қарқыны күннен күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатуымен де сипатталады
Достарыңызбен бөлісу: |