Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі


Танымның формалары мен деңгейлері



бет3/4
Дата29.09.2022
өлшемі55,56 Kb.
#40822
1   2   3   4
Байланысты:
4-5 семинар

4. Танымның формалары мен деңгейлері


Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі — "танымның қалай болатыны, дүниетаным ұстанымында дүние таныла ма?" деген сұрақтарға жауап алу. Бүл оңай сұрақ емес. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Бұл сұрақ түрлі формаларда үнемі философиялық ойдың серігі болып келе жатыр. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар; олар — '''скептицизм''''''оптимизм''' ('''гностицизм''') және '''агностицизм'''. Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептиктер дүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді.
Скептицизм және оптимизм
Скептицизм (грекше skeptikos — ойланушызерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын". Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді. Агностицизм (грекше a — емес, gnostos — білім) — дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. 1869 жылы ағылшын биологі Т.Гексли өзінің философиялық ұстанымын осылай атаған. Алайда ғалымның өзі жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды. Философияда алған бетінен қайтпайтын скептиктер мен агностиктер көп емес. Философия әрқашанда дұрыс танымға қызығушылар мен мүдделілердің ынтасын оятып, үнемі табиғат пен коғамның жаңа қырларын ашып келеді. Агностицизмге қарсы салмақ ретінде біздің санамыздың тәуелсіздігін негізге ала отырып, дүниенің ұстанымды түрде танылатынын жақтайтын танымдық оптимизмді құрайтын философиялық ағым бар. Сана — барлық өзге дүниеден тысқары емес, керісінше, оның дамуының заңды нәтижесі және ағзалық құрамды бөлігі. Оптимизм философиясының негізіне дүниені ғылыми танудың және коғамдық тарихи практиканың барлық тәжірибесі кіреді.
Таным формаларының көп түрлілігі
Таным үдерісі бір-бірімен байланысқан көп түрлі формаларда жүзеге асырылады. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар: Адамзат тарихының алғашқы баспалдақтарында табиғат туралы, сонымен қоса адамдардың өздері, олардың өмірлік жағдайлары, қатынастары, коғамдық байланыстары туралы қарапайым ақпарат беріліп, шамалы практикалық таным пайда болды және қазірге дейін өмір сүріп келеді. Адамдардың күнделікті тәртібі, олардың табиғатпен және өзара қатынастарының негізін құрайтын тұрмыстық таным деп аталған форма осындай танымның нәтижесі болып табылады. Танымның тарихи формаларының біріне ойын арқылы тану жатады. Тек балалар ғана емес, ересектер де дүниені ойын арқылы таниды екен: спорт ойындары, іскерлік ойындар, цирктегітеатрдағыэстрада ойындары, т.б. Ойын арқылы адам мол білім қорын алады, біздің заманымызда ойын ғылымда және өндірісте кең қолданылады. Ғылыми-техникалық және практикалық мәселелерді шешу мақсатында ойын сценарийлері мен модельдері қарастырылады. Балалардың рухани дүниесін қалыптастыруда ойын арқылы танудың ерекше маңызы бар. Танымның ежелгі формаларына: аңыздық және діни танымдар жатады. Алғашқы танымдық форма шеңберінде табиғат туралы адамдардың өздері және олардың өмірлік жағдайлары туралы біршама білімдер жинақталды. Тұтастай аңыздың таным, әрине, шынайылықтың ғажайып бейнесі ретінде көрініс береді. Аңызға адамның қоршаған ортадан өзін алып шыға алмауы, құбылысты табиғи себептермен түсіндіре алмауы тән. Діни таным болса, ол дүниетанымның бір формасы бола тұра, шешуші дәрежеде адамның өмірі мен оны қоршаған дүниеге өсер ететін, табиғаттан жоғары, ғажайып күштердің бар екендігін негізге алады. Дін мынадай негізгі мәселелерді зерттейді: әлемнің пайда болуы; табиғи құбылыстарды түсіндіру; адамның өмірі, тағдыры, өлімі; адамның қызметі және оның жетістіктері, адамдық парыз, мораль және адамгершілік мәселелері. Дін қабылдаудың бейнелік-эмоциялық, сезімдік-көрнекілік формаларына сүйенеді. Сенуші адам шынайы эмоциямен Құдайды өзінше "көреді" және діни бағыттардың ерекшелігіне байланысты түрлі суреттерді елестетіп, жан күйзелісін басынан кешіреді. Негізгі дүниежүзілік үш — исламхристианбуддизм діндері мен синтоизминдуизм сияқты ұлттық діни жүйелер бар. Діни таным, нағыздықтың ғажайып бейнеленуі бола тұра, ол туралы белгілі бір білімдерді жинақтайды. Мысалы, Інжіл мен Құранда діни білімдермен қоса, ғасырлар бойы адамдардың көптеген ұрпақтары жинақтаған өзге білімдер де бар. Сонымен, аңыздар шеңберінде танымның бейнелік формасы пайда болған екен. Бұдан әрі ол өнерде мейлінше дамыған сипат алды. Өнер туындысының кез келгенінің мазмұнында әрқашанда түрлі халықтар мен елдер, олардың ғұрыптары, әдебі, тұрмысы, сезімдері, ойлары туралы мағлұматтар болады. Музыкатеатрбейнелеу өнері көркем туындыларынан осыларды көруге болады. Бұл дегеніміз — өнер адам танымының, оның дүниені игеру формаларының бірі екенін көрсетеді.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет