Ғылымның әлеуметтік институты ХҮі хүіі ғ.ғ басында Батыс Еуропада қалыптаса бастады. Алғашқы ғылыми мектептер Ерте Шығыста, Ерте Грекияда және Ерте Римде пайда болды
Ғылымның әлеуметтік институты ХҮІ - ХҮІІ ғ.ғ басында Батыс Еуропада қалыптаса бастады. Алғашқы ғылыми мектептер Ерте Шығыста, Ерте Грекияда және Ерте Римде пайда болды. Орта ғасырларда ғылымды институттау үрдісі ғылыми ойдың орталығы ретіндегі университеттерді құруда көрінді. Ғылымды институттау үрдісі автономдықты, яғни тәуелсіздік пен дербестікті алу үрдісімен тікелей байланысты болды. Әлемді тану мәселерін шешуде жоғарғы орын теологияға берілді, ал ғылымға жеке сипаттағы мәселелер тән болды, ғылым мен шіркеу арасында үлкен даулар туды (мысалға Н.Коперниктің гелиоцентризм жүйесінің құрылуына байланысты). Ғылым теологияға тәуелсіз әлемді талдаудың күрделі мәселелерін шеше алатынын ұстанды. Ғылыми әрекеттің әлеуметтік маңызын мойындау, ғылымның әлеуметтік институт ретінде қалыптасуына негіз болды. Бұл үрдіс жүздеген жылдарға созылды. Бірақ ғылымды институттау үрдісі - ғылымның қоғам мен мәдениетке әсерінің өсуіне байланысты жалпы құбылыс (объективті).Ғылымды әлеуметтік институт ретінде қалыптасуының маңызды сатысы Лондондық корольдік қоғамның позициясын әзірлеу (1660 ж) болды, онда ғылыми қауымдастық табиғи сипаттағы мәселелермен айналысады және теология, сана және саясат мәселелірне араласпайды делінген. Сол кезде табиғатты ғылыми тану табиғи теология - Құдайды тану ретінде қабылданды.
Құдай адамдарға екі кітап - Библия және табиғат кітабын берді деп санаған. Бұл Қайта Өрлеу дәуірінде кең етек алды. Бұл заманғы адамдар қоғам дамуына кедергі келтіретін қоғамдағы кемшіліктердің бастысы - қараңғылық деп түсінген. Халықтың барлығына ғылыми және техникалық білімдердің кең тарауы әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық дұрыс құрылысына жетудің шешуші құралы деп түсінген.Қоғамда ғылыммен айналысу маңызды және пайдалы іске айналды. Ол таңдаулардың ғана емес, барлығының да жетістігі болды.Ғылымды институттардың маңызды кезеңі - ХІХ ғ екінші жартысы мен ХХ ғ басы. Бұл кезеңде ғылыми қауымдастық пен қоғамның ғылыми зерттеулердің, ғылыми қызметтің кәсібилігінің экономикалық тиімділігін түсінуі болды. Егер бұрын ғылыми зерттеулердің нәтижелігін бағалау дайын қағидалық өнім бойынша жүзеге асса, қазіргі жаңа жағдайларда жаңа материалдық құндылықтарды құру үшін ғылыми жетістіктерді қолдану мәселесі тұрды. ХІХ ғ екінші жартысында органикалық химия өнімдерін, тыңайтқыштар, жарылғыш заттар, дәрі-дәрмектер, электротехникалық бұйымдарды кең масштабты өндіру етек алды. Ғылымда да үлкен өзгерістер болды: фундаментальдық зерттеулермен қатар экономикалық факторлардың әсерімен интенсивті кеңейген қолданбалы зерттеулер саласы туды.Қазіргі ғылым - ұжымдар, кәсіпорындар мен мекемелер - зертханалар мен кафедралардан мемлекеттік институттар мен академияларға дейін өзара байланысты, шағын формальды емес ғылыми қауымдастықтан заңды тұлғаның барлық атрибуттарымен үлкен ғылыми кәсіпорындарға дейінгі, ғылыми парктерден - ғылыми инвестиция, корпорацияларға дейінгі, тәртіптік қауымдастықтан- ұлттық ғылыми қауымдастық пен халықаралық бірлестіктерге дейінгі өзара байланысты күрделі жүйе. Олар ішінара және қоғам мен мемлекеттің қосалқы жүйелері экономикалық, білім, саясат, мәдениетпен тығыз байланысты. Мемлекет өзінің материалдық- қаржылық ресурстарымен еркін ғылыми ізденісті шектемей, өзіндік ұйымдасқан жүйеге көмек беру керек. Ғылым, қоғам алдындағы жаңашыл қызмет мәселелерін шешуге кіретін ғылым ғылыми этносқа, ғылыми қауымдастыққа тән ішкі құндылықтардың спецификалық жүйесі негізінде қызмет ететін ерекше әлеуметтік институт болып табылады.Ғылыми этностың нормалар экспликациясы 1930 ж. іске асты. Ғылымды әлеуметтік үйренудің негізін салушы Р.Мертон болып табылады. Оның пікірінше, ғылым әлеуметтік құрылым ретінде өз қызметінде 4 құндылық императивке - әмбебаптыққа, ұжымдықа, ұйымдасқан скептицизмге, көреалмаушылыққа сүйенеді. Кейінен американдық саясаттанушы Б.Барбер тағы екі императивті-тиімділік пен эмоциялық нейтралдықты қосты.