Ғылым дегеніміз- әлеуметтік институт, білім жиынтығы, кәсіптік мамандарды дайындау жүйесі, қоғамның негізгі қозғаушы күші деген сипаттамаларға ие. ХVII ғ. ғылымның қалыптасқан кезеңі деп атай аламыз. Оған дейінгі ерте дүние, орта ғасырлық кезеңдер классикалық ғылымның қалыптасуына алғышарттар болып есептеледі.
Ғылымның критерийлері:
Теориялық базасының болуы
Ғылыммен айналысатын ерекше адамдар тобының және қажетті материалдар мен технологиялардың базасының болуы
Рационалдылық
Тиімділік
Ғылым тарихы мен адамзат тарихы бір-бірімен тығыз байланысты. Ғылым тарихын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
Антикалық ғылым – ежелгі дәуірдегі грек ойшылдары. Оларға Сократ, Аристотел, Архимед, Демокрит, Пифагор, Платон және т.б. Грек педагогикасы, грек медицинасы, грек астрономиясы, грек музыкалық өнері және т.б. ғылым салалары қалыптасты. Антикалық ғылымның ерекшелігі философия шеңберіндегі түрлі ғылымдардың дамуы және өз алдына дербес бөлінуі. Антикалық ғалымдар белгілі бір эмпирикалық объектімен ғана емес, абстракциялық дүниелермен де жұмыс істеді.
Орта ғасырлар ғылымы немесе Араб ғылымы. Олар ежелгі грек философиясы және идеяларының арқасында дамыды және қазіргі дүние мен орта ғасыр философиясы арасында көпір қызметін атқарды. Орта ғасыр ғалымдарының ішінде Әбу Наср әл-Фараби де бар.
Классикалық ғылым – математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның дамуына өз үлестерін қосқан астрономдар – Коперник, Кеплер, Галилей тұрды.
Ғылымның даму кезеңдері туралы дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин.
Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа дейінгі кезеңімен толықтырған дұрыс секілді деп тұжырым жасаған. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғылымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.
«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың 20-жылдарына дейін жалғасты.