Ғылымның мақсаттары мен міндеттерін білу



бет10/23
Дата20.12.2022
өлшемі76,52 Kb.
#58475
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
дифз начка

Мақала құрылымы. Тәжірибелік мақала әдетте бірыңғай стандарт бойынша құрылады:
«Кіріспе» бөлімінде негізгі сұраққа жауап берілуі тиіс, яғни «не себепті зерттеу жүргізу және осы мақаланы жазу қажет болды?»;
«Зерттеу нысандары мен әдістері» бөлімінде жұмыстың нысаны және жұмыс барысындай қандай әдістер қолданылғаны жөнінде баяндалады;
«Жұмыстың қорытындысы» бөлімінде зерттеу барысында алынған нәтижелер жазылады;
«Жұмыс нәтижелерін талқылау» бөлімінде зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыларды талқылау және оның осы күнге дейін басқа да ғалымдардың алған нәтижелерімен салыстыру қарастырылады.
Кез келген жарияланымның соңғы бөлімі - «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» болып табылады. Әдетте мақала «Реферат» және «Түйін сөздер» бөлімдерін де қамтиды. Шолу және талдау мақалаларында кейбір бөлімдер алынып тасталуы мүмкін, ал шығару айдары айтарлықтай күрделі болуы мүмкін.
Кіріспе. Кіріспеде орындалуы қажет:

Кейде «Кіріспені» соңғы кезеңде, яғни нәтижелер баяндалғаннан және оларды талқылағаннан кейін жазу да тиімді. Сонымен қатар, жұмыс аяқталғаннан кейін де «Кіріспе» бөлімінің мақаланың қалған бөліктерімен сәйкестігін тексеру қажет. Айта кететін жайт, мақаламен жұмыс істеу барысында «Кіріспе» жазу автордың ойлау белсенділігінің үрдісін және одан әрі мақаланы баяндауды құрылымдайтын бөлік екенін есте сақтау қажет. «Кіріспе» бөлімінің өзін келесі негізгі тармақтар бойынша талдау қажет:

  • жұмыстың мақсаты мен бастапқы гипотезалары нақты тұжырымдалған ба? - қандай да бір қайшылықтар жоқ па?

  • негізгі пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме енгізулер бар ма?

  • жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы туралы мәліметтер бар ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет