Пікірталас басқа жұмыстарға қарағанда өзінің құрылымы, студенттер әрекетінін мазмұны, өткізу әдісі және басқадай ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Экономика сабағында пікірталасты өткізу үшін арнайы дидактикалық ережелерді сақтау талап етіледі. Олар: окытушы мен студенттердің алда болатын пікірталаста дайындығы, пікірталас жүргізетін жүргізушіні сайлау, оның пікірталас барысын баскаруы, жүргізушінің соңында одан қорытынды шығарып сөйлеуі, т.б. Пікірталасты жүргізуге көпшілікпен топтық әңгіме жүргізе алатын, карым - катынас жасауга кабілетті студент сайланады.
Пікірталасты табысты өткізудің ең маңызды кезеңі оған барлық студенттердін дайындығы болып табылады: ұсынылған әдебиеттерді оку және таласты мәселені аздаған топ ішінде талқылау. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда қойылған мәселенің тақырыбы, ұсынылатын әдебиеттер тізімі коса беріледі.
Мұндағы табысты өткізудің ең жауапты кезен пікірталастың өткізілуі. Жүргізушінің міндеті - талқыланатын мәселені ұйымдастыру, пікір таластырар ой туғызу, оны дәлелдеуі талап етіп, пікірді негіздеу. Пікірталас қаралған мәселеде езгенін пікірімен санасу, сыйластық, ізгілік, адамгершілік катынаста етуі тиіс. Жүргізуші әрқилы сауал қоя отырып, талқылау барысын бағыттап, мәселенің толық қамтылуын қадағалайды. Пікірталасты жүргізуші жиналған жұрттың ауанын тап басып, студенттердің әрекетін басқара отырып, оның танымдық жағын белсенді қозғауы тиіс.
Пікірталас кезенді жүргізуші бағыт сілтейтін, мәселені нақтылай түсетін сұрақтарды колданады. Студенттер жүргізушіге қарсы сауал қоюы да мүмкін. Қарсы сұрақтар әдеппен, тек өз пікірін оздыруға тырыспай, орынды койылуы шарт.
Сауал тастаудын негізгі мақсаты - студенттерді ойландыру. Яғни, ақпарат беру - дамыту емес, баланы ойланту гана дамыту болып саналады.
Негізгі койылатын сұрақтар пікірталасқа дайындық кезінде алдын- ала дайындалады.
Пікірталас өткізудің құрылымы біркелкі бола бермейді. Кейде мынадай құрылым бойынша өткізуге болады:
1. Кіріспе бөлім. Бастапқыда оқытушы не жүргізуші студенттердің сұрагына жауап беріп, мәселені ортаға салады, оның манызын дәлелдейді. Алайда ол кіріспе сөзінде қойылған сауалға нақты жауап қайырмай, ен таласты мәселеге назарын аударып, студенттердің ынтасын оятып, соған бағыттайды.
2. Көтерілген мәселені талқылау. Оқытушы (жүргізуші) сауал бере отырып, мәселеге студенттердің кызыгуын арттырып, олардың пікір айтуын ұйымдастырады. Студенттер нақты дәлел-дәйектемелерді келтіру үшін дереккөздерін, анықтамалық және т.б құралдары да пайланады алады.
3. Жүргізушіні студенттердің сөзін толықтырып, тың деректерді косады. Онда олардың кейбір қате түсінген жерін ұғындырып, мәселенің қай бағытта жүріп жатқаны көрсетіледі.
4. Корытынды бөлім. Жүргізуші студенттерге пікірталас үстіндегі негізгі мәселеге назар салуды кұнттап, тақырыпты ары қарай терендете түсу үшін қосымша әдебиеттер ұсынады. Студенттердің өз бетінше осы мәселені дамытып, тәжірибені жалғастыру үшін қосымша әдебиеттер окуы ұйымдастырылады. Қорытынды бөлімде оқытушы сабақтан тыс уакытта да осы жұмысты жалғастыруга кеңес беріп, студенттердің сұрағына жауап береді.
Дұрыс ұйымдастырылған пікірталаста әдетте сөйлеуге құмартушылар мол болады. Бұл мәселені шешуге келгенде оқытушы студенттің жеке бас ерекшелігін, оның дайындық деңгейін, топ арасындағы беделін және басқа да жағдайларды ескеру қажет. Сонымен бірге айтыстын өткір койылған сәтін бағамдап, пікірталастың құрылымдық кезеңін ескеру де манызды.
Пікірталастын басында тындаушылардың назарын аударып, оларды бәсекеге кызыктыру үшін өткір тілді, беделді студентке сөз берген жөн. Ал керісінше талас кызып, бәсекелестік күшейе бастағанда пікірталасты жалғастыру үшін мінезі байсалды студентке берген колайлы.
Талқылауға шығуға ыңғай танытпағандарды да тарта білу керек. Бұйығы, ұялшақ, мінезі ұяң суденттерді көпшілік алдына шығарып, олардын уяндығын жеңуге көмектескен ұтымды.
Экономика сабағында пікірталасты ұйымдастыру мен өткізу барысында оқытушы студенттердің пікір таластыра білу машығын тәжірибелеуге назар аударуы, яғни өзгенің айтқан кезқарасын барынша түсінуге, сыйлап-санасуға, өз атына айтылған сынды зейінмен тындауға, қаралған мәселенің шын негізін пайымдау, өзінің жеңілгенін мойындап, әдеппен кабылдай білуге баулып, айтар сынды карапайым тілмен, сенімді түрде жеткізе алуын қадағалауы тиіс.
Кейде пікірталас барысында жүргізуші мәселені ұғындыру үшін ангімелесу, коросту, түсіндіру, т.б. әдіс-тәсілдерді қолданады. Студент жүргізуші мен жолдастарынын айтканын зейін сала тындап, керек жерін жазып алып, конспектілерін толықтырады. Содан кейін жүргізушіге және сөйлеушілерге сұрақтарын қояды.
Экономика сабағында пікірталастың қызықты, тартымды өтуі үшін: 1) Тақырыптың өзектілігі;
2) Таласты, даулы мәселені дұрыс коя білу;
3) Қойылған мәселенің студенттердің шамасына лайықтылығы;
4) Студенттердің арнайы даярлыгы (әдебиеттерді оку, конспект жасау, ойын ашық айту, т.б.) болуы шарт.
Пікірталас кезінде оған қатысушылар әр алуан авторлардың көзқарасын талдау арқылы салыстыра білуге, өзіне баға беруге, сын айтуга, көзқарасын білдіруге және ғалымдардың пікірін нақтылап, логикалык зерттеуге үйренеді. Экономика сабагында пікірталас аркылы студенттердін шығармашылык, сейлеу, тілдік, ойлау кабілеті дамиды, дұрыс болмаса да ойын еркін айтуға дагдыланады және пікір бостандығын сыйлап, пікірін коргап үйренеді. Пікірталас, ен бастысы, студенттерді шыдамдылыкка, ұстанымдыққа тәрбиелейді.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде пікір сайысынын түрлі кезендерін айырып атау дәстүрге айналуда, онын ішінде негізгілері мына үш кезеннен тұрады:
1) пікір сайысқа дайындық кезені
2) пікір сайыстың өзі;
3) пікір сайыстан кейінгі талдау.
Пікір сайысы окушыны тақырыпты зерттеуге бағыттаудан басталады. Алдымызға қойылған мәселе бойынша пікір сайыстың мақсаты анықталады. Содан соң оқушылар тақырып бойынша бар білімдерін тиянақтап, кілт сөздерді белгілеп, тақырыпты талдау жоспарын құру болады.
Әрі қарай құрылған жоспарға сәйкес қажетті ақпарат жинақталады (дайындык кезені). Ақпаратты талдау, растау мен теріске шығару желісін кұру мақсатында ақпаратты шығармашылықпен түсіну, растайтын және теріске шығаратын кейстерді құрастыру алдын-ала белгіленген топтарда еткізілуі мүмкін. Спикерлердің сөзін дайындық деңгейіне байланысты пікір сайысшылар жеке өздері немесе бүкіл топ болып құрастырады.
Экономика пәнінен пікір сайысқа дайындық үлкен көлемді акпаратты игеруді талап етеді және ақпараттың бұл көлемі оку бағдарламасы ұсынатын минимумнан анағұрлым көп. Пікір сайысы білім көлемін тек ұлғайтып қана қоймай, қызметтің нақты нәтижесі материалдын курделілігі мен терендігін ұғынуға жетелейді. - зерделейтін
Экономика пәнінен пікір сайысқа дайындық кезеңінде өз бетінше ізденістің оқыту нәтижесі жана білімді қана қоймай, әрқайсысының косымша ақпаратты табу есебінен өзара окытуда, олардың бастапқы зерттеу дағдысын игеруде көрініс табады. Дайындық кезеңінің Дамытушылық әсері балалардың танымдық құмарлығында, ойлаудың зерттеулік әдістерін игеруінде айқын көрінеді. қызығуында, білуге Онын улкен диагностикалык мәні: экономикадан білімді терен игеру мен жеке тұлғаның шығармашылықпен дамуынын Нақты және сезсіз көрсеткіші болып табылатын өз бетінше шығармашылық ізденудің оң нәтижесінде.
Пікір сайысы қарама-қайшы көзқарастың қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелер бойынша жүргізіледі. Әуелі қатысушыларға жеребе бойынша ұстанымдар белгіленеді: растау немесе теріске шығару. Сонан соң пікір сайысы белгіленген регламент бойынша өтеді. Әр тотың спикерлері бейтарап төрешіні өздерінің көзқарасының мейлінше дұрыс екендігін сендіруге тырысады. Бұл жерде олар тек сөз сөйлеп қана қоймай, басқа жақтың дәлелдерін таластырып, өз ұстанымдарын қарсыластар көзқарасымен салыстырады. Раунд барысында сөз сөйлеген спикерлерге қарама-қарсы сұрақ қарсыластар дәйектеріне анықтық енгізу, олардың кейстеріндегі олқылықты анықтау, өз тобына терістеу дайындау, т.б. мақсатта қойылады. Пікір сайысы кезеңі ойынды талдау және төрелік шешім қабылдау, яғни жеңімпаз топты анықтаумен аяқталады.
Рефлексия кезеңі келесі процедуралардан тұрады: өткен пікір сайысын сипаттау, қызметті талдау мен сындарлы сынау, оқушылардың жеке өзгерістерін белгілеу, оқушыларға оларда анықталған өзгерістерді ескере отырып ұсыныстар жасау.
Рефлексияның дамытушылық әсері оқушылардың сыни-талдау ойлауынын қарқынды қалыптасуында. Оқушылардың өзінің және жолдастарының қызметін талдауға жүйелі түрде қатысуы турашылдық, сынаушылық, батылдық, т.б. адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, өз көзқарасын қорғауға талпыну, таласта табандылық таныту - мұның бәрі жеке тұлғаны қалыптастыру.
Окушылардың азаматтық ұстанымының қалыптасуының маңызды шарты меңгерілген білімді өмірде қолдана білу болып табылады және пікір сайыстын соңғы кезеңі кейінгі әрекет осы шарттың іске асырылуын көздейді. Окушылардың өздерінің тілегі мен қажетсінуі "кейінгі әрекетті" жүзеге асыруға түрткі болады.
Окушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге үйрететін мұғалім.
Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі жақсы түсінікті тілмен жазылған - окулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа да дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болуы керек. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдіске арналған оку үрдісінде окушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды. Ол өздігінен окуы тиіс, ал мұғалымнің негізгі көңіл аударатын жайы: әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды. Керісінше, дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Окушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса манызды. Сонда баға онын жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Оқытудың негізгі мотиві - таным. Өйткені, таным арқылы балаға оку куаныш және тұрақты қызығу тудырады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды калыптастыру болғандықтан, окушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын менгеруі тиіс.
Жоғары сынып окушыларынын шығармашылық дербестігін қалыптастыруда шығармашылық сабақтардың мәні үлкен. Дәстүрлі сабак пен ұсынылып отырган шығармашылық сабақ әдістемесінің маңызы ете зор.
Достарыңызбен бөлісу: |