Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ғылыми ойдың философияға ықпалы: Декарт, Лейбниц, Кант еңбектері



бет20/103
Дата24.11.2023
өлшемі439,77 Kb.
#125721
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103
Байланысты:
1 тасыпма

30. Ғылыми ойдың философияға ықпалы: Декарт, Лейбниц, Кант еңбектері
Р.Декарт қазіргі еуропалық ғылымның бастамасында тұрған ұлы
ойшылдардың бірі. Оның
шығармашылығында онтологиялық
мәселелерге деген қызығушылық
пен математика, физика, космогония, физиология аймағындағы терең
зерттеулер, негізгі әдістер үйлесім тапқан болатын. Оның зерттеулері
философиялық ұсыныстармен үздіксіз байланысты және олар
дүниенің механикалық суретінің негізіне салынды.
1637 жылы «Әдіс туралы ойлар...» деген өзінің бірінші
жұмысын және оған қосымша «Геометрия», «Диоптрика», «Метеоры»
атты трактаттарын жария етті.
Декарт дайындаған философия мәселелерінде маңызды орынға таным
әдісі алынған болатын. Декарт, бүкіл білім үшін шынайы және толық
сипатты әдіс іздеуде болды, ол осы негізде бүкіл ғылымның шынайы
ғимаратын құрғысы келген. Схоластикада мұндай әдісте негіз де жоқ.
Сондықтан, Декарттың философиялық ойларының негізі – ол
жалпыға танымал шындықтың күмәнділігі.
Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет