Ғылым этосы
Ғылым этосы: интеллектуалдық жəне əлеуметтік жауапкершіліктер туралы мəселе; моральдық жəне адамгершілік тұрғысында таңдау жасау; шешім қабылдауда тұлғалық аспект; ғылыми қоғамда адамгершілік жағдайды тудыру.Ғылым қоғамдық процестердің əлеуметтік меңгеру факторы. Осының бəрі білім беру, тəрбие жүйелері арқылы қалыптасады.Біліммен тек 6-8% адамдар айналысады; ХХ ғ. аяғында əлемде ғалымдардың саны 5 млн. астам болады; 15 мың ғылыми пəндер қалыптасқан; қазір ғылыми шоғырлану мен пəнаралық тенденциялар үстемді.Ғылым этосы.Ғылыми танымның өзгешелігінің көрсеткіші, ғылыммен айналысу қызметтің тəсілдері мен əдістерін меңгеру, құндылық бағыттары мен мақсаттық ұстанымдарды ұғынуды міндет етеді. Осы бағыттар ғылыми ізденістерге стимуляция жасайды, жаңа объектілерді практикалық эффектке қарамай зерттейді. Ендеше ғылым өзінің негізгі қызметін атқара алмайды - жаңа жəне дəлелденген білімге жету.Ғылымның екі негізгі ұстанымдары осы ізденіске əкеледі: ақиқаттың өзіндік құндылығы жəне жаңалық құндылығы. Ғылымның құңдылық ұстанымдары оның этосының негізін құрастырады, оны əр ғалым меңгеріп, жəне олардың шығармашылығы новаторлықтың жəне адамзат ұрпақтарына ақиқатқа жұмыс атқарудың үлгісі болып табылады.Ғылым этосы келесі мəселелерді қамтиды:
1. Ғылым этикасы профессионалдық этиканың түрі ретінде.
2. Ғылым этосының қалыптасу факторлары.
3. Р. Мертонның «ғылымның нормативтік этосы» атты тұжырымдамасы.
4. Ғылыми іс-əрекетте этикалық нормалар жəне контр-нормалар.
5. Ғылым этосын бұзуда білім сапасының төмендеуі.
6. Ғылыми ұжымның автономиясы жəне оның тоталитаризмде құлдырауы («арийлық ғылым», «кеңес халық ғылымы», лысенковщина).Кең танылған ғылым этосының «классикалық» тұжырымдамасы Роберт Мертондікі (1910-2004 жж.). 1942 ж. өзінің шығармасында ол былай деген:
«Ғылымның моральдық нормалары методологиялық тұрғыдан рационалды, бірақ оларды процедуралық эффективтілігінен емес, əділетті жəне игілікті болған соң. Ол нормалар біркелкі моральды жəне техникалық ережелер. Қазіргі ғылымның этосының компоненті: универсализм, коллективизм (коммунизм), бейтарап, ұйымдасқан скептицизм.
Достарыңызбен бөлісу: |