Филологическая 125 Резюме



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі67,51 Kb.
#7971

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

125

Резюме

Автор рассматривает функции актантов в валентностных 

отношениях, отношение слов-актантов к частям речи и их 

особенности.

Resume

The author considers functions of elements in valence relations, rela-

tions of words - elements to parts of speech and their particularities.

ƏӨЖ 81,37



СӨЗ МАҒЫНАСЫ МЕН ТІРКЕСІМДІЛІГІНІҢ 

АРАҚАТЫНАСЫ

Г.О. Сыздықова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

Тіл біліміндегі сөз мағынасы мен оның тіркесімділігі арасындағы қарым-

қатынас мәселесі қазіргі семасиология ғылымында оның тілдік табиғатын 

тереңірек анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан жалпы сөз таптарының 

тіркес жүйесіндегі орнын анықтау үшін олардың семантикалық және 

грамматикалық белгілері негізге алынады.

Сөз мағынасы мен оның тіркесімділігі арасындағы өзара қарым-қатынас, 

байланыс – тіл біліміндегі маңызды мәселелердің бірі. Кез келген толық 

мағыналы екі сөз бір-бірімен тіркесуі үшін олардың арасында грамматикалық 

сәйкестікпен бірге семантикалық байланыстың да болуы қажет. Сөз жеке, 

дербес өмір сүрмейді. Тіл жүйесінде сөздердің бір-бірімен өзара тіркесуі 

олардың мағыналық сәйкестігі арқылы  жүзеге асады. Сондықтан сөз 

мағынасы мен тіркесімділігінің арақатынасы сөйлеу үдерісінде сөздердің 

өзара байланысы негізінде анықталады. 

М. Оразов сөз мағынасы мен тіркесімділігі арасындағы байланысты 

анықтауда «...сөздер әрі синтаксистік, әрі семантикалық жақтан 

байланысады. Байланысқа түскен сөздердің тым болмағанда бір семасы өзара 

сәйкес келуі не екінші бір сөздегі бір семаменен байланысқа түсу мүмкіндігі 

болу керек»[1,152] деген тұжырым жасайды. Сөздердің тіркесімділігі 

олардың арасындағы синтагмалық байланыс арқылы жүзеге асады. Бірақ 

тіркесімділіктің жүзеге асуы тек синтагматикалық байланыспен ғана 

шектелмейді. Бұл үдерісте сөз мағынасының да маңызы зор. 

Сөз мағынасын анықтауда тіркесімділіктің маңызды екендігін орыс 

ғалымы Ю.Д. Апресян да ескертіп, сөздердің семантикалық ерекшелігі 



Вестник ПГУ №2, 2010

126

не сөздердің мағыналық ерекшелігі ретінде, не тіркесу ерекшелігі ретінде 

талданатындығын айтады [2,64]. Бірақ кез келген сөздің мағынасы бір ғана 

тіркес құрамында көрінбейді. Белгілі бір сөз екінші бір сөзбен лексика-

грамматикалық байланысқа түсіп, тіркес ішінде әртүрлі мағыналық 

қырынан танылады. Сондықтан сөйлем құрамына енген сөздер арасында 

екі жақты байланыс болады: біріншісі – грамматикалық категориялар 

арқылы байланысып, белгілі бір грамматикалық тұлғада тіркесуі, екіншісі 

– семантикалық жағынан байланысуы. 

Мысалы: Кешегі ауыл-ауылдан қалың қол боп аттанған сабаудай-

сабаудай жігіттердің көбі қан сасыған дала төсінде көз жұмды  

(Н. Қапалбеков). Мұндағы тұрақты тіркес түрінде келіп баяндауыш 

қызметінде тұрған көз жұмды сөзі дала төсінде сөзімен тіркесінде бағыныңқы 

сыңарының жатыс септігінде ғана тұруын талап етеді. Өйткені айтушы 

қозғалыстың, қимылдың мекенін, орнын білдіруді мақсат етеді. Сол мақсатты 

жүзеге асыру үшін қимыл үдерісінің мекенін көрсететін сөз (бағыныңқы) 

мекендік ұғымдағы жатыс септік тұлғасында келген. Бұл – сөз тіркесінің 

бірінші жағы, ал екінші жағы, яғни семантикасына келсек, дала төсінде көз 

жұмды  тіркесі  құрамындағы  бағыныңқы және  басыңқы сыңарлар өзара 

мағыналық бірлікте келіп, тығыз байланыста тұр.

Сөздердің бір-бірімен тіркесуінде олардың лексикалық және синтаксистік 

жақтары өзара байланыста болуы қажет. Ал сөздердің лексикалық және 

синтаксистік тіркесімділігі семантикалық тұрғыдан мағынаның бір бөлшегі 

болып табылады. 

Профессор К. Аханов: «Сөз тіркесі – мағыналық жақтан да, грамматикалық 

жақтан да өзара байланыста, бірлікте болатын толық мағыналы, кемінде екі 

сөздің тіркесі» [3,183] деп, лексикалық және синтаксистік тіркесімділіктің 

аражігін ашып көрсетеді. Сөздердің лексикалық тіркесімділігінің шеңбері 

олардың грамматикалық тіркесімділігінің шеңберінен шағын әрі тар болады. 

Сөз тіркесімділігін сөз тіркесінен ажыратуда ғалымдарымыз тіркесімділікке 

бірнеше анықтамалар береді. Мысалы, Ә. Аблақов бұл жөнінде: «Сөз 

тіркесімділігі дегеніміз ең кіші синтаксистік контекст құрауға негіз болатын, 

сөздің мағыналық сыйымдылығына сүйенетін грамматикалық конструктивтік 

(жалғастырушылық) қасиет, яғни тіркесімділік контексте, қос мүшелі 

тіркесте көрінеді» дейді [4,21]. Ғалымдар сөз тіркесімділігі көрінетін 

контекстерге сөздердің аналитикалық формаларын (жазып отырмын, 

өте жақсы т.б.), түйдекті тіркестерді (ермек үшін, телефон арқылы), сөз 

тіркестерін, предикаттық қатынастағы орамдар мен жалаң сөйлемдерді (қаулы 

қабылданды, ол сөйледі) жатқызады.

Ғалым С. Исаев: «Тіркесімділік – сөздердің тек грамматикалық 

(синтаксистік) қызметі ғана емес, лексикамен, сөздердің ішкі мағына 

сыйымдылығымен, семасиологиямен тығыз байланысты. Сөздердің ішкі 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

127

мағына сыйымдылығына қарай олардың тіркесімділігі артып, я кеміп 

отырады. Тегінде, сөздердің ішкі мағыналық шеңбері, көлемі тіркес арқылы 

ашылып, содан көрінеді. Осы жағынан сөздердің тіркесімділігі лексика-

грамматикалық категория тұрғысынан зерттелуі тиіс. Синтаксистік (грамма-

тикалық) өрісі мен семантикалық сыйымдылығын салыстыра отырып, соған 

сәйкес қарағанда ғана сөздердің тіркесімділік сыры толық ашылмақ» [5,140] 

дей келе, жалпы тіркесімділікке үлкен маңыз беріп, бұл мәселенің зерттелуі 

тек грамматикалық қана емес, сондай-ақ семантикалық жақтан да қажет 

екенін айтады.

Сөздерді жеке сөз таптарына қарай топтастырғанда олардың бірыңғай 

грамматикалық мағынасы негізге алынады. Ал грамматикалық мағынаның өзі 

сөздердің бір-бірімен байланысып, тіркеске түсуі нәтижесінде қалыптасады. 

Соның негізінде белгілі бір сөз табындағы сөздер екінші бір сөз табын 

құраушы сөздермен тіркеседі. Әрине, жоғарыда аталып өткендей, барлық 

сөз таптарының бір-бірімен тіркесімділік қасиетін бірдей деуге болмайды. 

Мәселен, сөз таптарының ішінен етістіктің тіркесімділік қасиеті өте күшті, 

өйткені етістік барлық сөз таптарымен тіркесе береді (қалам берді, ызалана 

күлді, ертең келеді, жақсы айтты т.б.). Ал үстеу сөз табының тіркесімділік 

сипаты етістікке қарағанда әлдеқайда әлсіз, себебі ол барлық сөз табымен 

емес, олардың ішінде сын есім, етістіктермен ғана тіркесе алады. Сондай-ақ 

зат есім мен зат есім, сын есім мен зат есім, үстеу мен сын есімдер де бір-

бірімен тіркеседі. Бұл олардың грамматикалық қасиеті болып табылады. 

Алайда сөздердің бір-бірімен тіркеске түсуінде оның грамматикалық қасиеті 

ғана негізге алынбайды, сондай-ақ лексикалық қасиеті де ескерілуі керек. 

Себебі бір-бірімен тіркесімге түсетін сөз таптарының ішіндегі барлық сөздер 

өзара тіркес құрай бермейді, олардың арасында тіркесімге түспейтін сөздер де 

бар. Мәселен, зат есім мен етістік сөз табы ретінде бір-бірімен жиі тіркесімге 

түседі. Бұл –  олардың грамматикалық сипаты. Бірақ зат есім тобындағы кез 

келген сөз етістік тобындағы кез келген сөзбен тіркесімге түспейді. Мысалы, 

ойна етістігімен бала,доп (доп ойнады,бала ойнады) сөздері тіркеседі, ал 

кітап, гүл (кітап ойнады, гүл ойнады) сөздері тіркеспейді. Грамматикалық 

жағынан аталған сөздердің бәрі бірдей зат есімге жатады. Алдыңғы екі 

сөздің етістікпен тіркесімге түсуі олардың (бала ойнады, доп ойнады) 

грамматикалық және лексикалық жағынан да сәйкестігіне байланысты. Ал 

кітап, гүл сөздері ойна етістігімен грамматикалық жағынан байланысқанымен 

(зат есім ~ етістік), лексикалық жағынан бұл сөздердің арасында ешқандай 

мағыналық байланыс жоқ. Сондай-ақ сын есім мен зат есімдер туралы да 

осыны айтуға болады. Мысалы, жалпақ  бет, жалпақ мұрын, жалпақ табан 

дегендегі  жалпақ сын есімі мен бет, мұрын, табан т.с.с. зат есімдері тіркеседі, 

ал осы сын есіммен шаш (жалпақ шаш), көз (жалпақ көз) тәрізді зат есімдер 

тіркеспейді. Оған жалпақ сын есімі мен көз, шаш зат есімдерінің мағыналық 



Вестник ПГУ №2, 2010

128

жағынан байланыспауы негіз болады. Сөздердің бір-бірімен тіркесуінде 

олардың грамматикалық жағынан байланысының жеткіліксіздігі осында. 

Белгілі бір сөз табындағы сөздер өзара тіркесімге түсіп, сөз тіркесі қатарында 

қолданылуында олардың грамматикалық жағының сәйкес келуімен бірге, 

лексикалық жағынан үйлесімділігі де маңызды болып табылады. Сөздер 

грамматикалық жағынан байланысқанымен, лексикалық мағыналарының 

арасында ешбір байланыстың болмауы олардың тіркесім жасауына мүмкіндік 

бермейді. Бұл жөнінде ғалымдар Ә. Аблақов, С. Исаев: «Сөздердің бір-

бірімен тіркеске түсуінде, сөз тіркесімділігінің жүзеге асуында сөздердің 

лексикалық мағынасы жағынан да сәйкестігінің атқаратын қызметі орасан 

зор» деп көрсетеді [4,22].

Сөздердің тіркесімділігі тілдік категория ретінде сөз семантикасымен 

тікелей байланысты. Жалпы сөздің тіркесімділік қасиеті өзі белгілейтін 

зат пен ұғымның арасындағы байланыс пен қарым-қатынас негізінде 

қалыптасады. Сөз семантикасы мен оның тіркесімділігі өзара қарым-

қатынаста болады. Олардың арасындағы байланыс жөнінде В.Н. Телия былай 

дейді: «Когда семантика слов определяется на основе их значения в системе 

- как единиц лексико-семантической организации языка, а сочетаемостные 

свойства на основе синтагматического соположения слов, безотносительно 

к коммуникативному компоненту языка (лексический аспект); изучение в 

составе предложения - высказывания, когда семантика слов определяется 

относительно их выбора для наименования определенного элемента ситуации, 

обо значаемой в данном высказывании, а сочетаемостъ - через определение 

зависимости одной номинации от другой номинации окружения, отражающего 

предметно-логические связи, вычленяемые в структуре ситуации 

(ситуативно-синтаксический аспект); когда значения слов рассматриваются с 

коммуникативно - релевантными признаками их семантического содержания, 

а сочетаемость - на основе семантико-синтаксической связи между словами 

как элементами определенной пропозиции» [6,246]. 

Зерттеушінің сөз семантикасы мен тіркесімділігі арасындағы қарым-

қатынас туралы пікірінен тіркесімділік мәселесін тек лексикалық тұрғыдан 

ғана емес, грамматикалық тұрғыдан да қарастыру қажеттілігі байқалады. 

Ғалым Н.Д. Арутюнова  сөздердің тіркесімділігін лексикалық тұрғыдан 

қарастыруда сөздердің сөйлемдегі байланысын негізге алады, ал лексикалық 

бірлік ретіндегі ерекшеліктерін анықтауды олардың мағынасына тәуелсіз 

түрде қарайды [6,249].

Жалпы сөздерге тән синтагмалық байланыс, яғни олардың арасындағы 

қатынас сөз семантикасына байланысты екендігі белгілі. Сөздің басқа 

сөздермен тіркесу мүмкіндігі және бұл мүмкіндіктің жүзеге асу жолдары сөздің 

белгілі бір сөз табына тән болуымен ғана емес, оның лексикалық мағынасына 

да қатысты. Сондықтан сөз мағынасы мен оның тіркесімділігін бір-бірінен 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

129

бөліп қарауға болмайды. Сөз семантикасының оның тіркесімділігіне 

негізделуі, сондай-ақ тіркесімділік сипатының өзгеруі оның мағынасының 

да өзгеруіне әсер етеді.

Сөз мағынасы мен тіркесімділігінің арақатынасында сөз тіркесімділігі мен 

сөз тіркесі ұғымдарының арасындағы ерекшеліктер де ескеріледі. «Сөз тіркесі 

- контекст, тілдік факт, конструкция, орам, ал сөз тіркесімділігі – жалпы тіркес 

атаулыны тудыратын фактор, себебі сөз тіркесі сөз тіркесімділігіне сүйеніп 

барып туады. Сөз тіркесі белгілі бір тілдік элементтер үшін контекст болса, 

екінші жағынан тілдік (синтаксистік) единица болып есептеледі. Сөздердің 

тіркесімділік қасиеті әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық 

сыйымдылығы мен грамматикалық сипатына негізделеді» [4,23].

Сөз тіркесімділігі сияқты, сөз тіркесі үлгілерінің қалыптасуына 

семантикалық факторлар ерекше әсер етеді. Себебі сөз тіркесі құрамындағы 

сөздер бір-бірімен грамматикалық және мағыналық жағынан өзара ыңғайлас 

болып келуі сөз тіркесі үшін де басты шарт. Сөз тіркесін жасаудағы бұл 

факторлардың (лексикалық, грамматикалық) байланысы мен қарым-қатынасы 

тіл білімінің лексика және грамматика салаларының арасындағы жан-жақты 

әрі тұрақты байланысты көрсетеді. 

Сөздің грамматикалық жағынан өзіне бағынышты сөздермен тіркесу 

қабілеті өте маңызды. Ең алдымен бұл қабілеттіліктің бір жағы грамматикаға, 

яғни оның синтагматика аясына, сөздердің тіркесуіне негізделеді. Екінші 

жағынан, семантикаға бағытталып, тілдегі лексика-семантикалық 

құбылыстармен тығыз байланыста болады. 

Мысалы: Өзгеше өмір әркімді де қызықтырады (Б. Нұржекеев) деген 

сөйлемде бірнеше тіркестер бар, соның ішінен өзгеше өмір тіркесіндегі 

өмір сөзіне өзгеше сөзі грамматикалық жағынан тәуелді: бірі анықталушы, 

енді бірі анықтаушы (зат пен сын). Ал лексика-семантикалық жағынан 

сындық ұғым мен заттық ұғымды білдіретін сөздер бір-бірімен мағыналық 

қарым-қатынаста болады.

Ал Э.М. Медникова сөздің түрлі мағыналық реңктерін зерттеп, 

сөз тіркесі құрамындағы сөздер арасындағы қарым-қатынасты талдай 

отырып, синтагматикалық байланыстың лексика-фразеологиялық шартты 

тіркесімділік және синтаксистік шартты тіркесімділік деген екі түрін бөліп 

көрсетіп, біріншісін коллокация, екіншісін коллигация ұғымдарымен атайды 

[7,89]. Коллигация жалпы, абстрактілі болса, коллокация нақты, жеке 

түрде болады.  Араларындағы осындай қарама-қарсылыққа қарамастан, 

тіркесімділіктің бұл түрлері тығыз байланысты. Алдыңғы екі пікірден 

ерекшелігі, Э.М. Медникова лексикалық тіркесімділікті «коллокация», 

синтаксистік тіркесімділікті «коллигация» деп, оларға терминдік атау береді. 

Ал ғылыми тұжырымдарға ортақ белгі: лексикалық тіркесімділік тіркесімдегі 

сөздердің негізгі бастапқы мағыналарының үйлесімділігіне, синтаксистік 



Вестник ПГУ №2, 2010

130

тіркесімділік ол сөздердің грамматикалық мағынасына, яғни белгілі бір сөз 

табы құрамындағы сөз топтарының грамматикалық байланысына негізделеді. 

Сондықтан сөз мағынасы мен тіркесімділігінің арасындағы қарым-қатынас 

тіл жүйесінде олардың қолданысымен сипатталады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы.-152 б., Алматы:Рауан,1991.

2. Апресян Ю.Д. Лексическая семантика.- 64 стр.Москва,1974.

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері.- 183б., Алматы,1996.

4. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы 

мен лексикалану процесі.- 22,23 бб., Алматы:Санат,1997.

5. Исаев С.М. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы.- 140 б., 

Алматы,1973.

6. Телия В.Н. Семантический аспект сочетаемости слов и фразеологическая 

сочетаемость.//Принципы и методы семантических исследований.-246,249 

стр, Москва:Наука,1976.

7. Медникова Э.М. Значение слова и методы его описания.- 89 стр, 

Москва:Высшая школа,1974.



Резюме

В статье рассматриваются некоторые вопросы семантики слов 

и их отношение к сочетаемости. 

Resume

Some issues of word semantics and their relations to compatibility 

are investigated in this article.

ƏӨЖ 882.151.212.2



МӘШҺҮР-ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС-БІТІМ

А.О. Тоқсамбаева

Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей қ.

Еліміздің өз егемендігіне қол жеткізуі отандық ғылымның қарыштап 



дамуына жол ашты. Ең бастысы қазақ филиологиясындағы жабық 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет