«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 36
қиыстырып, орайластырып отырады. Дәл осы айтыс үстінде Арыстанбай келесі жолдарды
айтады:
Шашасына шаң жұқпас мен бір тұлпар,
Көргенді қия бастырмас мен бір сұңқар.
Қоқан, Созақ, Тәшкенттің мұнда қалып,
Барғамын Үргеніш пен сонау Бұқар.
Бұдан байқайтынымыз Арыстанбай біраз жер аралап, өз заманының мәдени-
рухани, сауда-саттық, саяси орталықтарында болғаны. Бұл оның дүниетанымы мен ел
ішіндегі жағдай туралы біліміне, түсінігіне әсер еткені сөзсіз. Әр жерде ол өзі сынды сөз
өнерінің дүлділдерімен пікір жарыстырып, әділдік, бай мен кедей мәселесі, теңсіздік,
елдегі саяси-әлеуметтік жағдай жөнінде жырлар қалдырғаны белгілі. Бұл оның жан-жақты
тұлға болғанын куәландырады.
Орынбаймен болған айтысында Арыстанбай өз әкесінің би болғанын сөз етеді.
Орынбай:
Атам ақын, мен соның жолын қудым,
Өлеңмен талайлардың аузын будым.
Сенің әкең Тобылбай – жұрттың биі,
Би болмай, өлеңші боп қайдан тудың?
Арыстан:
Молдалар сөз сөйлейді каламменен,
Байымайсың, емініп жұртты жегенменен.
Менің әкем Толыбай жұрттың биі,
Мен сендей тіленбеймін өлеңменен.
Көріп отырғанымыздай Арыстанбай өзінің біреуге жағыну, не біреуді мақтау үшін
өлең тудырмайтынын, өз әкесі сынды әр кез әділдік жағын жырлайтынын айтады.
Қорыта кедгенде Арыстанбай Тобылбайұлының ақындық мұрасы көп қалмаған
аңғарамыз. Мұның басты себебі ақындық шығармашылығы хатқа түсірілмегендігінен.
Әйтпесе, дария жыршының аузынан талай жыр-толғаулар ақтарылған. Дегенмен, осы аз
мұраның өзінен Арыстанбайдың адуынды ақын, айлалы айтыскер, елжанды азамат болғанын
байқау қиын емес.
Оның ақындық әлеуетіне әр кездері бірталай белгілі өнертанушы, тарихшы мен
әдебиеттанушы өз бағасын беріп өткен.
Ақын өмір сүрген XIX ғасырда қазақ халық ауыз әдебиеті түрлі салада кемелдене
түсті, әр салада өсу, көркею байқалды. Әсіресе, айтысқа түскен ақындардың біразы өнердің
биік сатысына көтерілді. Мұнымен бірге жазба әдебиеттің де іргесі қалана бастады. Бұл
дәуірдегі ақындық поэзия туралы М.Мағауин: «XIX ғасырда дәстүрлі ақындар поэзиясы
халық арасында айырықша кең тыныс тапты. Жанақ, Орынбай, Арыстанбай сияқты
суырыпсалма ақындар бүкіл қазақ даласын өлең-жырға толтырды, тек туған жұртына ғана
емес, сахараға ат ізін салған орыс және еуропа ғалымдары мен оқымыстыларына да кеңінен
танылып, көшпенділердің ақындық өнерінің жайсаң тұлғалары ретінде мәшһүр болды», - деп
жазады
(https://malimetter.kz/akyndar-ajtysyndagy-kagysu-men-kajymdasu/).
Сонымен, Арыстанбай ақынның шығармалары, ақындық мұрасы, ол өмір сүрген
кезеңдегі көптеген тарихи-әлеуметтік жағдайлар сынды әлі де болса терең зарттеуді,
нақтылауды, талдап, сараптауды қажет етеді деген қорытынды жасауға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Негимов С., Шығармалары 2-том. - Астана, «Фолиант» 2015 - 536 б.
2.
Қажыбай Т., «Сыр тұнған Сырымбеттің саласында» мақаласы, «Егемен Қазақстан»
газетінің интернет нұсқасы, 13 мамыр 2016 жыл.
3.
Есенберлин І., Он томдық шығармалар жинағы, 7-том. – Алматы, 1986. - 138 б
4.
Қазақ ауыз әдебиеті өкілдерінің шығармалары (Д. Бабатайұлы, М. Өтемісұлы,
Ш. Жарылғасұлы, А. Тобылбайұлы, О. Бертағыұлы), Алматы, «Нұрлы Press.kz» 2014
5.
Айтыс. – Алматы. Жазушы, 1988, - 1т. – 288 б.
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции