«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 88
Бата қылып барып па ең Алатауға?-
дегенде Орынбай сөзге тоқтап, астындағы жүйрігін беріп кетеді. Мұнда ақынның
өзінен жасы үлкен өнер адамын сыйлаушылығын байқасақ, екіншіден Сақаудың ұтымды
бір ауыз сөзіне тоқтап, қадірмендік белгісін жасайды [5, 10].
Көкше жері қазақ өнерінде сал-серілер дәстүрінің, Арқаның әншілік мектебінің
алтын бесігі болғаны аян. Атақты Сегіз сері, Нияз сері, Ақан сері, Біржан сал, Шәрке сал,
Үкілі Ыбырай «аспандағы аққуға үнін қосып», қазақ әнін үлкен биікке, классикалық
деңгейге көтерген өнер тарландары. Осы шоқтығы биік сал-серілердің өнерінің
шыңдалуына бағыт беріп, ұстаздық еткен Шал ақын, Орынбай, Арыстанбайлар болғаны
анық. Ал Арқадағы осынау ұлы өнердің жолын қуып, оны жоғары өрлеткен әнші-
ақындарға қамқор 36 болып, тіршіліктеріне жағдай жасаған сол кездің далалық өз
меценаттары (шүленгері) да болғанын айта кетуіміз дұрыс сияқты. Шыңғыс, Айғаным,
Ыбырай, Шоң, Шорман, Тұрлыбек, Мәмбетәлі, Зілғараның Әлібегі сияқты кезінде ел
биеген тұлғалардың қазақ өнерінің дамуына ат салысқаны белгілі. Белгілі композитор Ілия
Жақанов: «Айғанымның үйі қазақтың ақын-жыраулары мен әнші, күйшілердің думанды
ордасына айналды. Онда қобыз бен жыр толғаған Жанақ пен Шөже, Арыстанбай мен
Орынбай, Біржан сал мен Тоғжан, Шәрке сал, Тулақ, Қанғожа қобызшылар, Нұркей әнші,
бәрі жиі бас қосып, айтыс ұйымдастырып, күй тартысып, көне әнжыр, күй мен эпостық
туындылардың тарихы қозғалған, бүкіл ел іші әндетіп жатты», – деп ХІХ ғасырда өнердің
ұлы күмбезін жаратқан жарқын жұлдыздар туралы толғанады.
Міне, осындай ақиық өнер адамдары өмір сүрген өлкеде ғұмыр кешкен Орынбай
Бертағыұлының шығармашылық, азаматтық тағдыры осылайша сан қырлы, нешеме алуан.
Орынбай Бертағыұлы – Шал ақыннан кейін Арқада, соның ішінде КөкшетауҚызылжар
жерінде өнер көшін бастаған санаулы саңлақтардың бірі.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Серік Негимов. Шығармалары ІІ том. Зертттеулер, эсселер және ой-толғаныстар.-
Астана, 2015, 10 бет.
2. Биғожаұлы Қ. Екінші Орынбай ақын хақында. //Жаңа Сарыарқа 2005, №4, 36-41 б.
3. Сейфолла Шайынғазы.Айтылмаған айтыс.//Егемен Қазақстан-2008,28 қыркүйек-9 б.
4. Н.Ахатұлы. Орынбай мен Өтеулі айтысы хақында. //Ұлт тағылымы-2004 №1, 120-
122 бет.
5. Р.Қаренов. Сұңқардың жебесіндей ұшқыр ақын. //Азия Транзит 2003 - №9, 10-14 б.