«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет11/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

1. Амандық – дала салты 
Дала жұрты көшпелі өмір сүргендіктен, тұрмыс пен тіршілік салты да қоршаған 
ортасына тығыз байланысты болған. Қарым-қатынас қиын болу себепті, ұзақ уақыт 
көріспей кету үйреншікті еді. Бірақ қазақ ағайындыққа ерекше мән бергендіктен, суысып 
кетпеуді жөн санады. Нәтижиесінде, амандық сұрасу дәстүрге, ғұрыптың ерекше түріне 
айналған. Мысалы: 
«Көктемде алты ай қыста көрмеген көрші ауылға «мал-жан аман ба, 
жұттан, шапқыншылықтан аман шықтың ба?» деп көрісетін болған

Қарап тұрсақ 
көшпенділік туындатқан мереке ғой»
https://abai.kz/post/48155. Байқап отырғамыздай, 
қазақ аман-саулықты білу үшін арнайы уақыт бөліп, көрісуді ұйымдастырған. Мал-
жанның амандығы мен туысының есендігін білуге тырысқан. Бұл халық танымында 
есендік-саулықтың өте құнды болғанын көрсетеді. Сөзімізге дәлел ретінде мынандай 
мысал келтіре аламыз: «
Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз, алты ай қыстан аман-есен 
шығып, көктемге иек артқан шақта-ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады». 
https://abai.kz/post/18864

Көріп отырғамыздай, қазақ жақын адамы мен ағайын-туғанының 
сау-саламат екенін білу үшін сапарға шығып, арнайы кездескен, қонақ болып қайтқан. Ол 
бара-бара халыққа ортақ дәстүрге айналған. Ал, осы ғұрыптың тууына дала жұртының 
көпшілдігі, туыс-туғанның саулығына алаңдауы негіз болды. «Амандық» ұғымы 
осылайша салт-дәстүрден көрініс тауып отыр. Бұл оның ұлт танымында үлкен маңызға ие 
болғанын айқын дәлелдейді. Әрі, амандық тек әдеп жоғалғысы ғана емес, ол сонымен 


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
12 
қатар, ізгі тілек пен ниет мағынасында да жұмсалады. Мысалы: 
«Көрісу күні бұрынғы 
өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін наурыз көжеге 
шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке 
тілейді» 
https://abai.kz/post/18864

Осылайша, «амандық-саулық» алаш халқының таным-
түсінігінде адам және оның өмірі секілді маңызды философиялық категориялармен тең 
тұрған түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет