Ключевые слова: информация, новые слова, структуры предложений,
грамматические правила, компоненты говорения This article looks at the ways of improving speaking skill through the work with the text. When working with text, students can learn new information, new words, ideas, and various examples of sentence structures that they can use in their speech. In addition, students learn to express themselves clearly and accurately, based on the grammatical rules of the text. By reading a text aloud, students develop pronunciation components such as pauses between sentences and the correct pronunciation of words. When working with text in the lesson, students also develop speaking skills by telling the content of the text and answering questions connected to it. Key words: information, new words, sentence structures, grammar rules, speaking components Кез келген тілді үйрену процесі негізгі тілдік дағдыларды жетілдірумен
сипатталатыны белгілі. Бұл процес айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым секілді
төрт тілдік дағдыны қатар қалыптастырып, дамытуды талап ететіні де түсінікті. Себебі,
қоғамның өзге мүшелерімен кез келген қарым-қатынас түрін орнату барысында
сөйлеушіге төрт дағдының барлығын да қолдану қажеттілігі туындайды. Осы тұста,
аталған тілдік дағдыларды дамытуға жекелеген әдістемелік құралдар мен тәсілдер
қолданылғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты екендігін айқындап көрсетуіміз
қажет. Көп жағдайда тіл үйренушілердің басым көпшілігі айтылым дағдысын
қалыптастыру және дамыту арқылы ғана тілде еркін сөйлеуге мүмкіндік аламын деп
ойлайды. Алайда, тілдік құралдар мен құрылымдардың дұрыс әрі орынды қолданылуы
үшін барлық негізгі дағдыларды игеру талап етіледі. Мәселен, екі адамның қарым-
қатынасында бірінші сөйлеуші екінші адамға сөйлеу арқылы айтылым дағдысын
жетілдірсе, екінші адам автоматты түрде тыңдалым дағдысын дамытып отырады. Дәл сол
секілді, кітап оқып отырған оқушы дауыстап оқу арқылы өзінің тыңдалым, оқылым және
айтылым дағдыларын қатар жетілдірсе, жаңа сөздер мен сөйлем құрылымдарын жазып
алып, жазылым деңгейін де едәуір жақсарта алады. Бұл сөзсіз төрт тілдік дағдының
арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Тіл үйрету сабақтарында оқушыға мұғалім тарапынан тапсырма берілсе немесе
сұрақ қойылса, оқушы сұраққа нақты әрі толық жауап беруге қиналып жататын жағдайдар
көп кездеседі. Дәл осы себепті, оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар мен тақырыптар
тым қиын деп те шағымданып жатады. Бұл мәселенің мүмкін делінген себептері
оқушылардың сөздік қорының таяз болуы, грамматикалық ережелерді жетік меңгермеуі,
арнайы тақырыптарға қатысты идеялар мен фактілерді білмеуіне байланысты болуы
мүмкін. Аталған дағдылардың болмауына байланысты оқушы тіпті өзіне сенімді сөйлеуші
болса да, өзін таныс емес жаңа тақырыптарға қатысты көп нәрсе айта алмай, кідіріп
қалады [1]. Сондықтан оқушылар түрлі тақырыптар мен деңгейдегі ақпараттық мәтіндерді
оқу арқылы өздерінің айтылым дағдысын жетілдіре алады деуге толық негіз бар. Бұл