«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет140/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
131 
өзінің жеткізетін ойы мен айтатын сөздерін тиімді ұштастыра алуы үшін түрлі тілдік 
құрылымдардың үлгілерімен таныс болып, олардың қолданысының мысалдарына көз 
жүгіртуі қажет. Бұл тұста, оқушыларға көп оқып, түрлі мәтіндердің үлгісімен жұмыс 
жасау пайдалы деп есептеледі. Ең маңызды айта кететін жайт, оқушының сөздік қоры мен 
оқылым дағдыларының арасында тікелей әрі кері байланыс бар, себебі оқушының сөздік 
қоры жоғары деңгейде болса, оның оқу процесі тиімді болады; ал мәтінмен жұмыс жасау 
процесі барынша тиімді болса, оқушының сөздік қоры кеңейе түседі [4]. Сонымен қатар, 
оқылым барысында оқушылар жаңа сөздерді жаттап қана қоймай, сөйлемнің контекстіне 
қарай таныс емес сөздердің мағынасын болжауды үйренеді. Бұл қабілеттің көмегімен тіл 
үйренушілер өздері білмейтін сөздерді қамтитын сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын 
білдіруге дағдыланады.Осы тұста, мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылар өздерінің 
сөздік қорын, грамматикалық білімін арттыра отырып айтылымның маңызды 
компоненттері болып есептелетін тілдік дәлдік пен еркіндікті қалыптастыратынына көз 
жеткізуге болады. Себебі, кез келген тақырып аясында сөздік қоры бай, грамматикалық 
құрылымдардың түрлі мысалдарына қанық әрі мәтіннің контекстіне қарай сөздің 
мағынасын болжай алатын оқушының сөйлеу әрекеті нақты немесе дәл және барынша 
еркін болады.
Тіл үйреншінің тілдік еркіндігін қалыптастыру үшін дауыстап оқудың да маңызы 
зор деп есептеледі. Оқушылар мәтінді дауыстап оқу арқылы өздері бұрын айтып көрмеген 
сөздерді дыбыстап, ерін, тіл және тамақ секілді дыбыс шығаруға қатысатын мүшелерді 
жаттықтырады. Ғалымдардың зерттеуінше, белгілі бір сөзді көп уақыт бойы 
дыбыстамайтын болса, оқушының дыбыс шығаратын бұлшықеттері жансызданады. 
Сондықтан, оқушылар өздері көп айта бермейтін сөздерді дыбыстауда қиналып жатады. 
Ең маңыздысы, оқушылар мәтіндерді дауыстап оқу арқылы өздері жиі қолданбайтын 
сөздерді айтып, дыбыс шығаруға қатысатын бұлшықеттерді жаттықтырады. Бұл олардың 
дауыстарының кез келген сөзді айту кезінде барынша анық әрі түсінікті шығуын 
қамтамасыз етеді. Дауыстап оқу барысында сөйлеу әрекетіне қажетті тілдік 
компоненттерді де жаттықтыруға болады. Себебі, оқушы жеке өзі қалып, дауыстап оқу 
кезінде сөйлемдердің арасында үзіліс жасауды, мәтіннің контекстіне сай дауыстың 
жоғарылауы мен төмендеуін (интонация), екпіннің дұрыс қойылуы мен сөйлеу қарқынына 
да мән беруді үйренеді. Нақтырақ айтқанда, оқушылар мәтіннің әр абзацынан соң және 
үтірден кейін кішкене үзіліс жасауға дағдыланады. Сонымен қатар, олар сөйлемдердің 
мағынасына қарай немесе ия/жоқ деген жауабы бар сөйлемдерде дауыстың ырғағын 
өзгертіп отырады.
Жоғарыда аталған фактілер мәтінмен жұмыс жасау арқылы айтылым мәдениетін 
қалыптастыру үлгілерінің айқын мысалдары болып табылады. Сондықтан, мектеп 
бағдарламаларында мәтінмен жұмыс жасаудың маңыздылығына және мәтінді таңдауға 
ерекше мән берген дұрыс деп есептеледі. Сыныптағы оқу процесінде қолданылатын 
мәтіндер барынша тәрбиелік мәнге ие, оқушылардың танымдық білімі мен ой-өрісін 
кеңейтетін мәтіндер болуы тиіс делінеді. Сонымен қатар, мәтіндердің тілге жеңіл, 
қабылдауға оңай әрі түсінікті болуы да ескерілуі қажет. Сол себепті, мектеп 
бағдарламаларындағы мәтіндер оқушылардың жеке қызығушылықтарын да ескеріп, заман 
талабына сай келетін ерекшеліктермен сипатталуы керек. Мектеп бағдарламасындағы 
мәтінмен жұмыс жасауға негізделген сабақтың барысы келесідей үш сатыдан тұрады: 
1. Мәтінмен жұмыс алдындағы оқу тапсырмалары 
2. Мәтінмен жұмыс барысындағы тапсырмаларды қамтитын кезең 
3.Мәтінмен танысқаннан кейінгі жұмыс кезеңі 
1. Мәтінмен танысқанға дейінгі кезеңде оқушыларға мәтіндегі тілдік тұлға мен 
түрлі сөйлем мысалдарын ажыратып, жіктеуді үйрету көзделеді. Сонымен қатар, бұл 
кезеңде сөйлемнің негізгі құрылымдық материалдарын оқыту жүзеге асырылады. Бұл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет