«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»



Pdf көрінісі
бет15/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
14 
тұрғанын аңғару қиын емес. Айта кететіні, ұғымның осындай мазмұнда жұмсалу 
барысында, белгілі бір үміт нақты дерек пен дәлелге негізделмейді. Керісінше, оған 
белгісіздік тән. Амандық ұғымының келер уақыт шеңберінде қолданылуына мына 
үзіндіні мысал етуге болады: 
«Қазір онда негізінен құрылыс жұмысы аяқталып, 
мұрағаттау ісі басталып кетті. Аманшылық болса, келер жазда ашылатын 
болады».
https://abai.kz/post/17950. Яғни, «амандық» ұғымы үміт пен сенімді ұдайы 
нақты уақыт аралығында көрсетеді. Көп жағдайда, ол келешекпен байланысты ойлар. 
Бұл біздің тілдік санамызда кеңінен орныққанын да айта кету керек. 
«Амандық» ұғымы «денсаулық» концептісінің ақпараттық және танымдық 
кеңістігіне кіретін маңызды нысандардың бірі. Ұғым сондай-ақ концепттің 
репрезентациялану процессінде өте белсенді болып келеді. Ең басты ерекшелігі қазіргі 
ақпараттық дискурстағы «амандық» ұғымының қолданылу жағдаяттарына зер сала 
отырып, біз сол арқылы тікелей «денсаулық» концептісінің ұлттық болмысқа тән 
қасиеттерді тасымалдау қызметін атқаратынын байқадық. Бұл концепттің үлкен бір 
қызметін кеңінен зерттеуге мүмкіндік туғызады. «Денсаулық» концептісінің осы 
ерекшелігі тікелей оның эквиваленттерін қарастыру барысында айқындалды. Зерттеу 
барысында, тек «денсаулық» концептісінің негізгі ауқымымен шектелер болсақ, осы 
сынды назар аударарлық жайттар белгілі болмас еді. Сол себепті, біздің пікірімізше, 
концептті ақпараттық дискурста зерттей отырып, оның барлық функционалдық 
қасиеттері мен ерекшеліктерін талдауға жіті көңіл бөлген жөн. Ал, қазіргі ақпараттық 
дискурс аспектісінде қарастырылған «амандық» ұғымын зерттеу арқылы біз оның 
тілдік өзгерістер мен тұрақсыздықтар кезеңінде де халық танымында орныққан ұлттық 
ерекшеліктерді сақтау мен тасымалдауда белсенді екенін көрсеттік. Әрі, зерттеу 
барысында анықталған ұғымның кейбір тілдік және танымдық белгілері «денсаулық» 
концептісінің бір арнасын тануға мүмкіндік берді. Сондай-ақ осы талдаулар негізінде 
біз «денсаулық» концептісі мен оның құрамдас бөліктерінің біразы лингвомәдени 
принциптер арқылы қалыптасты деген ой қорыта аламыз. Ал, бұл өз кезегінде 
концептті бірнеше бағыт бойынша қарастыруға себеп болады.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4 – том. Құраст: Н.Әшімбаева, 
Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 
2.Қазақша ассоциациялық сөздік. Н.В. Дмитрюк, Д.А. Молдалиева, В.Д. 
Нарожная Ж.И. Молданова, Е.С. Мезенцева, Н.А. Сандыбаева, Г.И. Абрамова; Мин-во 
рбразования и науки РК. Южно-Казахстанский государственный педагогический 
институт. Институт языкознания Российской Академии наук – Алматы. Москва: 
Медиа-ЛогоС, 2014. - 340 с. 
3.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. Құраст: Ғ.Қалиев. Жауапты шығ: 
О.Жұбаева, А.Үдербаев. ҚР білім және ғылым министрлігі. А.Байтұрсынұлы атын. тіл 
білімі ин-ты- Алматы: Арыс, 2006. 
4.Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін,ертең. – Алматы: Ғылым, 1999. 
200 б. 
5. Кішібеков Д. Ментальная природа казахов. – Алматы: Ғылым, 2005. 256 б.
6.Рахимова А. Адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануы 
(педагогикалық аспект). PhD докт.дис... - Алматы, 2014. 
7.Алтай А. Қазақ танымындағы «әділет» концептісінің тілдік ерекшеліктері. 
Дип. жұм. – Талдықорған, 2021. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет