4-апта. Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның дамуы Мәтінді оқып шығыңыз



бет1/5
Дата20.12.2023
өлшемі40,15 Kb.
#141445
  1   2   3   4   5

4-апта. Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның дамуы


1 . Мәтінді оқып шығыңыз.
Адамгершілік әліппесі
Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшелік бар. Сондықтан барлық халықтың мақсаты - өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып, рухани адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білу.
Адамгершілік тәрбиесі - белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады.
– Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.
– Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
– Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу.
–Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту.
Адам - тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасайтын жеке тұлға. Адамның түрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемде байланысты адамның бойындағы кісілік тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді:
-әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқсамайды.
– адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің, материалдық-рухани мәдениеті мен жетістіктерінен үлгі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер етеді. Сонымен қатар, дәуірге, қоғамға, тарихи ортаға байланысты. Қалыптасқан білім және тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
– адам - адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына, туған жеріне тәуелсіз, барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиеттер болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейірімділік, қатігезділік, әділдік т.б. Осы рухани-псхологиялық қасиеттерді адам бойында қалыптастыратын –тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырларды биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы- тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» – деген.
Демек, рухани-психологиялық қасиеттердің бірі – батылдық болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын, олардың елін, жерін қорғана батыл істерін мақтан етіп, үлгі-өнеге алған. Өлең-жыр, дастандарына, аңыз әңгімелеріне қосқан. Елінің ертеңі - елін-жерін қорғаған батыр ұлдарының есімдерін есте ұстаған.Сондықтан, оқу-тәрбие барысында, тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап, жерін жауға бермей, ұлан-байтақ жерлерін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуіне, бастысы сол қасиеттерді бойына сіңіруге үйретуіміз керек.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрім-тәрбие ісінде, ұлт ағартушыларының,қайраткерлерінің, қаһармандарының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері – адамгершілік тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Сондықтан даналардан шыққан асыл сөздің төркінін тауып, орнымен іске асыру қажет.
Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Моральдық жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз - адамгершіліктің асқар шыңы. Адам қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады.
Адамның іс әрекет барысында бір-бірімен байланыс жасайтын қарым -қатынас түрлері:
– Материалдық қарым-қатынасы – іс-әрекет нәтижесі барысында заттармен алмасу.
– Мотивациялық (септілік) қарым–қатынасы біліммен алмасу.
– Кондициондық қарым-қатынасы адамның психологиялық физиологиялық жағдайы.
– Әрекеттік қарым-қатынасы –көзқарасты білдіру, хабарлама беру.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті - рухани қоғамдастықтың нәтижесі. Толып жатқан түсінбеушіліктің, түрлі қайшылықтардың болуы дұрыс қарым-қатынас жасай алмауынан болады. Адамгершілік қасиеттердің адам бойынан танылатын, оның адамның өмір сүріп ортасында сынға түсетін, бағаланатын және үлгі бере алар кезі іште жатып көрінбейді, қарым-қатынас барысында айқындалады. Ғұлама, философ әл-Фараби өз еңбегінде адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін қарастырған. Адамдардың ойлы, парасатты болуының қажеттілігі «адам» деген ардақты атақты алып жүрудің өзі бақыт екенін айтқан. Қазақ халқының ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов т.б. өз еңбектерінде адам арасындағы қарым-қатынас мәселесін философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда қарастырған, адамгершілік мәселелерін пайымдаған. А.Құнанбаев адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірі- адамгершілік мәселесіне тоқталған. Абай этикасында Ар, Намыс, Ұят - ең негізгі ұғымдар. Бүл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық, адамгершіліктің этикалық категорияларын - өз шығармашылығының өзегі, түйіні, тамыры етеді.
Адамгершілік дегеніміз – қоғамның, өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын, талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді біріктіретін жалпы адамзаттық ұғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы, арқылы сипатталады (әдептілік, мейірімділік, қайырымдылық, сыйластық т.б.) Адамгершілік – әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті, басқадан айырмашылығы- адамның рухани байлығы мәңгілік өзімен жасасып қала бермек.
(baribar.kz өңделген)





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет