«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 207
3.
Сурат И.З. Поэт и город. Петербургский сюжет Мандельштама // Звезда. – 2008.
- №5. – С.178-203.
https://magazines.gorky.media/zvezda/2008/5/ poet-i-gorod.html
4.
Филатов А.В. Ценностный статус мифа в философско-эстетической программе
О.Э.Мандельштама // Новый филологический вестник. – 2019. - №3(50). – С.182-198. –
https://www.elibrary.ru/item.asp?id=41591676
5.
Шутова А.В. Репрезентация имплицитного смысла в стихах о Петербурге
О.Э.Мандельштама// Наука и образование. – Русский язык и литература. – Томск, 2015. –
С.188-193. –
https://www.elibrary.ru/item.asp?id=32685999
ӘОЖ 81'366 ӘСКЕРИ ТЕРМИНДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ Олжабай Р. , «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс студенті
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.
Чалтикенова Л.А. Е-maіl:
olzhabay.rauan.022020@mail.ru Мақалада қазақ тіліндегі әскери терминдердің сөзжасамдық тәсілдері мен мағыналарына және қолданылу ерекшеліктеріне назар аударылған. Тірек сөздер: найза, садақ, бағыттаушы, айбалта, барлаушы, жарғыш, бүркеніш, қылыш. В статье основное внимание уделяется словообразовательным приемам и значениям военных терминов в казахском языке и особенностям их употребления. Ключевые слова: копье, лук, направляющий, боевой топор, разведчик, взрывник, маскировка, меч. The article focuses on the word-formation methods and meanings of military terms in the Kazakh language and the peculiarities of their use. Key words: nice, onion, guide, battle ax, scout, explosive, disguise, sword. Тіліміздегі әскери терминдердің қазақша аударылуы – қазіргі таңда өте жауапты
қадамдардың бірі. Халқымыз өзінің тәуелсіздігін алып, егемендігін танығаннан бастап ана
тіліміздің мәртебесі көтеріліп, аударма ісі жақсылап қолға алынып отыр. Қазақ тілі
мемлекеттік мәртебесін алған елімізде бәсекелес халықтардың қатарында тұруы үшін шет
елдермен ғылыми, мәдени, саяси-экономикалық, әскери байланыстар жүргізіліп,
дипломатиялық қарым-қатынасты қазақ тілінде орнату қажеттілігі туындады. Сонымен
бірге, қаншама жылдар бойы орыс тілінің қысымында болған қазақ тілін ғылымның, іс-
құжаттардың, өркениеттің тіліне аудару керек болды. Орыс тілінің сөздеріне тіліміз әбден
машықтанып, үйреніп алғанымыз сонша терминдердің барлығын орыс тілінде жеткіздік.
Ол терминдерді өзіміздің ана тілімізге аудару біршама қиындықтар туғызды. Әсіресе,
әскери саладағы терминдер, әскери жарғылар, іс-құжаттар қазақ тілінде болуы тиіс еді.
Әскери терминдер – тілдегі сөздердің үлкен тобы.
1)
Ежелде қазақ әскерінің соғыс қаруы негізінен бес түрге бөлінеді. Олардың
әрқайсысының атқаратын қызметтері болған. Бұл олардың бірін-бірі ауыстыра алмайтын
тек өзіндік жеке қызметіне байланысты. Ату үшін – садақ, түйреу үшін – найза, кесу үшін
– қылыш, шабу үшін – айбалта және соққы қаруы – шоқпар. Қару – атадан балаға мұра
болып қалып отырған. Ер жетіп, алғаш рет ел қорғауға шыққан жас батыр әкесінің, не
атасының қаруын сандықтан алып беліне тағынған. «Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр