«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары
210
Мысалы, атыс, барлаушы, байланыс, аялдау, бөлім, бөлімше, бөгет, бөлік, басқыншы,
бағынышты, әдіскер, аңдатпа, анықтау, аралық, атқылау, бекіту, әпергіш, айдауыл,
бақылау, барлау т.б. Бұл келтірілген туынды түбір терминдердің көбі – туынды түбір зат
есімдер.
Тілдің сөзжасам жүйесіндегі сөзжасамдық
тәсілдердің бәрі терминжасамда, оның
ішінде әскери терминжасамда қызмет етеді. Мәселен, атқыш, әпергіш, қабылдағыш,
лақтырғыш, өртегіш, ұшқыш. Осы туынды терминдердің бәрі синтетикалық тәсіл арқылы
жасалған. Олардың бәрі әскери мәнді термин жасаған. Мысалы, атқыш – стрелок, әпергіш
– подаватель, қабылдағыш – приемник, лақтырғыш – выбрасыватель, өртегіш – брандер,
ұшқыш – летчик. Бұлар әскери іске, әскери техникаға қатысты мағыналы сөздер. Ал, тілде
олар жай мағыналы туынды сөздер жасайды. Мысалы, кескіш, тұтқыш, отырғыш,
өшіргіш, ескерткіш, желдеткіш, тыңайтқыш.
Қорыта
айтқанда, елімізде тіл мәселесіне аса назар аударылып отыр. Біраз жыл
кеңес одағының құрамында болғандықтан тілімізге, сөз саптауымызға, салт-дәстүрімізге
қатты әсер етті. Тіліміз
әбден орыс тіліне машықтанып,үйренгендіктен әскери
терминдеріміз де орыс тілінде сайрап тұрды. Тәуелсіздік алғанымызға біршама жыл болса
да терминология саласы ақсап тұрғаны мәлім. Қазіргі таңда әскери терминдер мен әскери
жарғылар,қызмет атаулары мен әскери дәрежелер қазақша терминдерге өзгертіліп жатыр.
Әскери іс-құжаттар қазақ тілінде жарық көретін болса, әскери терминдерді қазақ тіліне
кезең-кезеңімен көшіру шарасы өз нәтижесін берері сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы:
зерттеулер, оқулық, сөздік,
библиография. – Алматы: «Сардар», 2014. - 928+16 жапсырма бет.
2. Аманжолов, Керейхан Рахымжанұлы, Тасболатов,
Абай Бөлекбайұлы Қазақша
әскери терминдердің түсіндірме сөздігі – Алматы: Білім, 1999. - 93 б
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. 4000-нан астам
термин; топтама /; [авт. ұжым: С. Б. Тоқпақбаев [ж.б.]]; ҚР мәдениет және ақпарат
министрлігі – Алматы: Мектеп, 2007. - 448 б.
Достарыңызбен бөлісу: