«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет268/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
249 
түсінеді. Ұсыныс, түсіндіру, баланың әрекеті мен нәтижесі арасындағы себептік 
байланыстарды орнату жоққа шығарылмайды. Ата-аналар балаларын өз үлгісімен 
тәрбиелеуге тырысады. Алайда, көп жағдайда балалар ұзақ уақыт оқу орындарында 
болады. Сондықтан мұғалімдер ата-аналарға балалардың құндылықтарын қалыптастыруға 
көмектеседі. Құндылық бағдарларын қалыптастыру жасөспірімнің жақын ортасын – ата-
анасы мен оған жақын туыстарын міндетті түрде қосуды қамтиды 

3


Отбасы – барлық адамзаттың басты құндылығы болып табылады. Әрбір адамның 
өмірдегі жолы отбасынан басталады және отбасы тұлға қалыптасуы мен дамуына баға 
жетпес ықпал етеді. Отбасының негізгі міндеті – тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру. 
Отбасы аясында этникалық дәстүрлер мен рухани құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа 
беріледі.
Отбасында қаланған адамгершілік адамның өмір бойы серігі, сондай-ақ қоғамдағы 
мінез-құлықтың бағдары болады. Махаббат, бала тәрбиесіндегі қажеттілік, жауапкершілік, 
туралық, адалдық, отбасы алдындағы борыш сезімі сияқты адамгершілік-эстетикалық 
қасиеттер отбасында қаланады және берік отбасын құрудың негізі қызметін атқарады 

4


Мектеп оқушылары үшін екінші орынды иеленген адамгершілік, рухани-
адамгершілік құндылық – белгілі бір бағыттағы мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, 
мінез-құлықтағы адалдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. 
Қ.А.Иассауи адамгершілік, кісілік һәм имандылық қасиеттер адамды тәрбиелеудің 
алтын діңгегі деген тәлімдік-танымдық идеяларды алға тартып, өзінің далалық 
данышпандық өрнегімен ерекшелеп, адамгершілік құндылықтарды әлемдік деңгейге 
көтере білді.
Қазақ халқының көне тарихындағы аты әлемге мәшһүр болған ойшылдардың 
адамгершілік тәрбиесі жөніндегі даналық ойларының қатарында Ж.Баласағұнның «Құтты 
білік» (1069ж.) еңбегінде адамның адамгершілік қасиеттерін сипаттап, өнегелі тәлімдерді 
келер ұрпаққа жеткізген. Бізге белгілі болғандай, Ж.Баласағұнның еңбектерінен адамның 
ішкі жан-дүниесін, оның адамгершілік бет-бейнесіне аса ерекше көңіл бөлінгендігін 
байқаймыз. 
Ы.Алтынсарин адамгершілік құндылықтарды үлкенді сыйлауға, өнеге үйретуге 
уағыздаған негізгі қағидаларын жете түсініп, оны басқа да халықтардың озық ой-
пікірлерімен толықтырып дамытты. 
Қазақ педагогикасының ірі тұлғаларының бірі – А.Құнанбаев та өзінің өлең, қара 
сөздерінде адамды жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үндеп отырған. Ақын 
шығармашылығының негізі – адамгершілік тақырыбы. Адамгершілік қасиеттерді 
үйлесімділікте дамыту, сөйтіп имандылыққа тәрбиелеу жайлы ойын: «біреуге көмектесу – 
ішкі зор қуат пен терең ақыл және ыстық сезімнің ісі», - деп жеткізеді [5]. Абайдың бұл 
афоризмінен адам бойында осындай қасиеттер түгел болғанда, ол адамгершіліктің иесі 
бола алатындығының белгілері екендігін байқаймыз.
Мектеп оқушыларының өмірінде 3- орынды иеленген құндылық – денсаулық. 
Қазақта «Әуелгі байлық – денсаулық» деген мақал бар. Шынында денсаулық – басты 
байлық. Денсаулық – кез келген тірі ағзаның тұтас алғанда өзінің және органдарының 
толығымен өз қызметін атқару қабілетін, сырқаты, ауруының болмауын білдіретін күйі. 
Салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор. Денсаулықта теріс өзгерістерді тудыратын 
қоғамдық өмірдің қиындауымен, техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және 
әскери сипаттағы тәуекелдердің артуымен адам ағзасына түсетін жүктеменің артуына 
және сипатының өзгеруіне байланысты салауатты өмір салтының өзектілігі туындап 
отыр. 
Салауатты өмір салты адамзат тіршілігінің түрлі жақтары дамуының, олардың 
белсенді ұзақ өмір сүруіне және тіршілік әрекетінің еңбектік, қоғамдық, отбасылық-
тұрмыстық, демалыстық түрлерінде әлеуметтік қызметтерді толыққанды орындауының 
алғышарты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет