«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет300/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

Key words: language environment, environmental friendliness of pedagogical speech, 
language personality, communication. 
Қазіргі таңда тілдің жаңа қызметі лингвистер тарапынан кеңінен зерттелуде. Соның 
жаңа бір бағыты – тілдің экологиялық қызметі. Біз бұрын қалай сөйлеу керектігі туралы 
мәселелерді қарастырсақ, енді не туралы айту керектігіне назар аударамыз. 
Экопсихология егер сіз бір әрекет жасауды жоспарласаңыз, алдымен «оның сізге және 
қоғамның басқа да мүшелеріне зиянды әсері бола ма?» дегенді салмақтап алуға кеңес 
береді. Адамдар арасында жүзеге асатын қатысым да сол сияқты, «айтылатын сөз басқа 
адамдардың ішкі әлемінің тыныштығын бұзбай ма?» деген сұрақтан өрбуі тиіс. Себебі 
«сөз мәдениетінің экологиялық аспектісінде адамгершілік, ізгілік элементтері қоса жүреді. 
Тілдік қарым-қатынас, коммуникацияда тілдесушілердің адамгершілік сезімі тапталмауға, 
қоғамдық, моральдық-этикалық принциптер бұзылмауға тиіс» [1, 5].
Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, 
оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек 
етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған 
шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің 
деңгейіне көтеру қажеттілігі айқындала түсуде. Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды 
факторлардың бірі – қарым-қатынас. Білім беру үдерісін ұстаз бен шәкірт арасындағы 
белгілі бір мақсатты көздей отырып құрылатын қарым-қатынассыз елестету мүмкін емес.
Педагогикалық қарым-қатынас бұл – педагог пен студенттің педагогикалық 
үдерістің барлық компоненттері жүйесінде бір-біріне ықпал етуі, нәтижесінде жаңа білім 
мен тәжірибе игеруі. Педагогикалық қарым-қатынас студент пен оқытушының бірлескен 
шығармашылық қызметі қағидаларына, олардың өзараықпалдастығына негізделетін 
қатысым арқылы жүзеге асады. Студенттермен қарым-қатынас барысында қиын 
теориялық мәселелер қозғалып, өз шешімін тауып жатады, ғылыми материал талданады, 
әр ғылыми мектептің пікірлері, көзқарастары салыстырылады, талас тудыратын 
жағдайлар анықталып, дәлелденеді. Мұндай жағдайда педагогикалық қарым-қатынас 
оқытушыға ғылыми ақпаратты бір жүйеге салуға, негізгі мәселені анықтауға, дәлелдеу 
барысында өзіндік позициясын білдіруге мүмкіндік береді, ал студенттердің ұсынылған 
нақты материалды сыни тұрғыда қабылдауға, оны бағалауға, ең негізгілерін саралай 
білуіне көмектеседі. Мұнда қатысым мазмұнын оқытушының әр алуан құралдар 
көмегімен ұсынатын ақпараты құрайды. Педагогикалық 
қарым-қатынас 
әлеуметтік-


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет