«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 277
психологиялық үдеріс ретінде тұлғаны тану, ақпарат алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру,
рөлдермен алмасу, өзін-өзі дамыту, ықпал ету, әрекетке ынталандыру, шиеленістерді
шешу, болашақ маман тұлғасын қалыптастыру арқылы сипатталады. Педагогикалық
қарым-қатынасты ғалымдар бірнеше негіздер мен сипаттарына қарай жіктейді. Мәселен,
атақты психолог В.А.Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынастың мынадай стильдерін
көрсетеді: бірлескен шығармашылық іс-әрекетке негізделген қарым-қатынас стилі; достық
қарым-қатынасқа негізделген қарым-қатынас стилі; дистанция стилі; қорқыту стилі [2, 62].
Ж.Омаров студент пен оқытушы арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың екі
түрін көрсетеді:
1.
Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас барысында әлеуметтік маңызы бар
міндеттер шешіліп, әлеуметтік өзара әрекеттестік пен қоғамдық қатынастар жүзеге
асырылады.
2.
Жеке-бағдарлы қарым-қатынас – белгілі бір бірлескн әрекеттерге бағытталған
іскерлік қарым-қатынас [3, 14].
Білім беру үдерісі құрылымының дидактикалық-мазмұндық және коммуникативті-
білім беруші біртұтас жүйеден тұратыны белгілі. Аталған екі жүйе бір-бірімен тығыз
байланысты. Себебі көп жағдайда қатысым дидактикалық компоненттердің тиімді жүзеге
асуын анықтайды. Оқытушы қызметінің негізі қыры – сөзді жетесіне жеткізе білу,
басқаша айтқанда коммуникативтік құзыретті болу. Ол турасында В.А.Сухомлинский:
«Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың» десе,
Ы.Алтынсарин: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда
мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы
керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен
сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, қарапайым тілмен
түсіндіру керек» деп атап өткен.
Оқу пәнінің мазмұнын студенттер толық игеру үшін оқытудың педагогикалық
мақсат-міндеттермен қатар коммуникативтік міндетті де шешу керек. Өкінішке орай,
оқытушылар арасында қарым-қатынастың коммуникативтік, интерактивті, әлеуметтік-
перцептивті қызметін назардан тыс қалдырып, тек ақпараттық міндетіне көңіл бөлуі орын
алып жатады. Қарым-қатынастың коммуникативті міндеті - ақпарат алмасу; интерактивті
міндеті - қарым-қатынасқа түсетін тұлғалардың белсенді өзара әрекетін ұйымдастыру;
әлеуметтік-перцептивті міндеті – қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдауы,
сол арқылы өзара түсіністік орнатуы болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас
толерантты, әдепті түрде
,
студенттің
психоэмоционалды жағдайына зиян тигізбейтіндей
болып құрылғанда ғана экологиялық болмақ. Екі тарап әрқашан «құлақтан кірген суық
сөздің көңілге барып мұз боларын» естен шығармауға тиіс. Оқыту үдерісін нәтижелі
жүзеге асыру үшін оқытушы да, студент те өз ойын жеткізуде сөз таңдай білуі керек.
Қазақ қашан да ойын оралымды, мәнерлі де қисынды сөзбен, екінші тараптың
психоэмоционалды жайын бағдарлап, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер» етіп жеткізе
білген. Ел аузында тараған мына аңыз соның куәсі.
Бұрындары бір патша түс көріпті. Түсінде аузындағы барлық тістері сынып,
опырылып түскен екен дейді. Ұйқысынан шошып оянып бірден түс жорушыны
шақыртып, болған жайды баяндайды. Ол сәл ойланып тұрып: «Жоғары мәртебелім!
Түсіңіз жаман жайтты меңзеп тұр. Жанұяңыздың барлық мүшесі сіздің алдыңызда опат
болады екен», - дейді. Бұл сөзді естіп патшаның түрі бұзылып кетеді. Түс жорушыны
зынданға қаматтырады. Одан кейінгі келген түс жорушы да алдыңғысының айтқанын
қайталап, зындан түбінен орын тебеді. Сарайға үшінші кісі кіреді. Патша көрген түсін
баяндағанда ол: «Бәрекелді, патшам! Құттықтаймын! Сіз жанұяңыздың ішінде ғұмыр
жасы ең ұзақ адам болады екенсіз», - дейді. Патша қатты қуанып түс жорушыға мол сый-
сияпат беріп қайтарған екен. Қызық! Бәрінен ұзақ өмір сүрсе жанұясының барлығы одан