«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет303/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
279 
қазіргі таңда кеңінен қолданылатын тәсілдерді анықтадық. Атап айтқанда
эмпатия 
білдіру
тәсілі. Эмпатия – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну 
қабілеттілігі [4]. Ол студентті түсіну, студенттің эмоционалды жағдайына және өзара 
сенімге негізделген қарым-қатынас орнату арқылы жүзеге асады. 
Мақұлдау тәсілі
оқыту барысында нұсқау берген кезеңде студент пікірін мақұлдау 
және өзара бағалау пікірлері арқылы білдіріледі. Мұндай пікірлер студенттің 
эмоционалды өрісін коррекциялауда да маңызды құрал болып табылады.
Қызығушылық таныту тәсілі
белсенді тыңдаушы бола білу арқылы жүзеге 
асырылады. Оған тән ерекшеліктер: студенттің сөзін бөлмеу, кері байланыс сигналын көп 
қолданбау, пауза, студент репликасын қайталау. Студент репликасын сөзбе-сөз қайталау 
оған деген мұқият назар аударылғандығын көрсетеді. Сәйкесінше, әр студент пікір 
білдіруде абай болуға тырысады.
Коммуникативті дистанцияны бақылау
тәсілі екі қызмет атқарады: 
коммуникативті дистанцияны жақындату және коммуникативті дистанцияны алыстату. 
Алғашқысы бейресми қаратпа сөздерді, «біз» деген есімдікті қолдану, тең дәрежеде 
сөйлесу арқылы жүзеге асады. Бұл топта жағымды психологиялық ахуал тудырады. Ал 
екінші тәсіл бойынша қатысым ресми конструкцияларға құрылып, студентке таныс емес 
терминдер кеңінен қолданылады.
Әдеп сақтау және позитивация тәсілі
. Педагогикалық қарым-қатынастағы 
әдептілік ең алдымен тіл мәдениетінен байқалады. Бұл тәсіл бойынша қатысым ізеттілік, 
кішіпейілділік, мәдениеттілік, этикалық нормаларды сақтауға құрылады. Оған тән 
ерекшелік – тіліміздегі эвфемизмдерді мейілінше мол, орынды пайдалану. Оқытушы мен 
студент ұсынылған ақпаратты мағыналық жағынан трансформациялайды, яғни 
жағымсыздан жағдайдың, кез келген сәтсіздіктің немесе қателіктің позитивті тұстарын 
көрсете отырып өзгертеді. Сабақ барысында сәтті әзіл-қалжыңға, импровизацияға жол 
беру де тиімді. Оқытушы импровизациясы материалды жақсы меңгерген, жақсы психо-
педагогикалық және әдістемелік дайындығы бар, студенттер ұжымымен мұқият таныс
аудиторияда өзін еркін ұстай алатын жағдайда, педагогикалық жағдаяттарды болжау 
қабілетін игергенде жүзеге асуы мүмкін. Импровизацияға салынамын деп қателікке бой 
алдырудан аулақ болған абзал. 
Қорыта келгенде, педагогикалық қарым-қатынас экологиясына қатысты мына 
жайттар анықталды: біріншіден, қарым-қатынастың экологиялығы әр этнос ерекшелігімен 
тығыз байланысты құбылыс болып табылады; екіншіден, оның қағидалары мен тәсілдері 
әртүрлі лингвомәдениетте ғана емес, әртүрлі дискурста да бір-бірінен ерекшеленеді; 
үшіншіден, қарым-қатынастың экологиялылығын арттыратын құрал барлық дискурсқа 
ортақ (тілдік әдеп, этикет үлгілері) немесе тек бір ғана дискурсқа тән болуы мүмкін. 
Қарым-қатынастың экологиялық негізде құрылуы үшін оның құралдары коммуниканттың 
тұлғалық және әлеуметтік ерекшеліктеріне ескере отырып таңдалғаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет