«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет56/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

Суреттеу 
мәтіндерін түзуде кеңінен қолданылады. Мысалы, 
Бәріміз сол нұсқаған 
жаққа қарадық. Анадай жерде: шолақ жең ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара 
шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен. Біз қараған кезде ол 
өзінше әлдеқандай боп кейкиіп, екі қолын қалтасына сап шіреніп қойды. Ойынды тастай 
сала бәріміз бірдей топырлап жүгіріп әлгінің қасына келдік. Адам көрмегендей бір-
бірімізді кимелеп, қоршалай тұра қалдық. Үстіміздегі киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ 
екенін біліп бол майды, баттасқан шаң-топырақ. Шетімізден ит талағандай алым-
жұлым, алқа-салқамыз
(Жусан иісі). Мәтін оқиға болатын орынның ішін суреттеу 
мақсатында құрылған. Мұнда эмоционалды-экспрессивті мән «жалғыз» деген сөздің мәтін 
ішінде бірнеше рет қайталануы арқылы жасалып тұр. Бұл екі мақсатта қолданылған. 
Бірінші сюжеттің дамуына негіз болып, оқырманның оқиғаның өрбуін болжауына 
мүмкіндік береді. Сондай-ақ көне, ескі синонимдерін қолдану арқылы да кедейлік пен 
жалғыздықты меңзеп, экспрессивті мән тудырып тұр.


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары 
54 
Пайымдау 
мәтіндерінде эмоционалды-экспрессивті лексика қолдану шығарма 
авторының өмірлік ұстанымын танытады да оқырманға оны нанымды жеткізуіне жағдай 
жасайтын амал ретінде қолданады. Мысалы, 
Сиырдың бас жібін ілмектеп мойнына 
тастай салсаң тұра қалады, ерттеп мініп ал да шаба жөнел, құйрығын шыжбыңдатып 
бір-екі шоқалақтайды да соныменен тынады. Шіркін-ай, бір асауға мінгендей боп 
тақымыңды қыса алмайсың ғой. Мына Тоқтарлардікі, әншейін асау үйретті деген аты 
ғана да. Баяғыда асауға төрт қабат арқаннан ескен бұғалықты тастап жіберіп, 
әлекедей жалаңдаған бес-алты жігіт өкшемізді қадап, шірене тартып, тұра 
қалатынбыз. Сонда әлгі асау аспанға тік шапшып сүйрете жөнелгенде етіктеріміздің 
ұлтаны қақырап кетуші еді. Жануарларды ұстағаныңда жылқыны емес тап бір 
жолбарысты ұстағандай болатынсың. Әне, асау деп соларды айтсаңшы!..
Мұндағы 
монологқа құрылған пайымдау мәтіні тұтастай экспрессиялық пен эмоциялық мәнге 
құрылған. Алғашқы сөйлемде көңіл-күй одағайы арқылы жасалған эмоционалды-
экспресивті лексика арқылы келесі сөйлемдегі баяндауыш демеулікпен тіркесіп, ал соңғы 
сөйлем риторикалық сұрауға негізделуі арқылы экспрессиялықты тудырады. 
Повесте кейіпкердің портретін жасауда қаһарманның сөзін пайдалану көркем 
мәтіннің бағалауыштық және экспрессивтік әсерін күшейте түседі. Мұндай жағдайда 
автордың кейіпкер сөзіне сілтемелері кейіпкердің бейнесін оқырманның көз алдына 
келтіреді, кейіпкердің сөзін тыңдатады.Ал кейіпкерлердің төл сөздеріне даралық тән 
болады. Олардың сөздері әлеуметтік астарлы ғана емес, мінез даралауыштық мәнге де ие 
болып келеді. Мұндай ерекшелік «Жусан иісі» повесінде ерекше байқалады.
Повесте кейіпкердің монологы, өзімен-өзі іштей сөйлесуі, өзіне-өзі сұрақ қойып, 
оған жауап іздеп бас қатыруы оның психологиялық рефлексиялық процесті басынан кешу 
сәтін дәл бейнелейді, оқырманға оқиғаға қатысушы әсерін тудырып, сонымен бірге 
эмоционалды-экспрессивтік мән тудырады: 
Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі 
ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. 
Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін 
емес қой
(Жусан иісі). 
«Көпеннің әкесі екен ғой! Байғұс Көпен, кіп-кішкентай, ап-арық боп 
үйден үй аралап, соқыр боп қалған атасы екеуіне қайыр-садақа сұрап жүруші еді. 
Маңдайының бағы бар екен де. Енді аштан өлмейтін болды. Ол енді әкесі бар бала. 
Ауылдағы ең бақытты бала сол болды ғой!..» деп ойлаймын 
(Жусан иісі) [1, 300].
 
Монолог сұраулы сөйлемдерге толы, сөйлемдердің көлемі шағын, қысқа берілген. 
Монологта «еді» көмекші етістігінің жиі қайталануы кейіпкердің өткен өмірге қатысты 
өкініші мен ренішінің қаншалықты жанына бататынын жеткізіп тұр. «Ғой» көмекші 
сөзінің сөйлем тастап, кезектесе қайталанып келуі кейіпкердің тынысын, эмоционалды 
көңіл-күйінің бір өсіп, бір тынған сәтін дәл бейнелеп тұр. Кейіпкердің бір нәрсеге қатты 
көңілі ауған, қиналған сәтін дәл таныта алған.
«Жусан иісі» повесінде ең көп қолданылатын диалогтардың келесі түрі – қалжың-
диалог. Қалжың мен астарлы мысқыл жазушының ең өтімді, ұтымды құралы деуге 
болады. Оның қай шығармасын алсақ та қалжың-диалог түрін кездестіреміз, себебі оның 
әр шығармасында бір күлкі туғызатын, әзілге бейім кейіпкер қатысып отырады. Сол 
себепті бұл ерекшелікті қаламгердің өзінің қаламының табиғаты деп қарау керек. Повесте 
кейіпкердің сөзіне эмоционалды-экспрессивті сөздерді беру арқылы жанама мінездеуде 
портрет сомдауда ұтымды қолданылатын әдіс екенін көреміз. 
 

 Қатын!.. 

 Түсіндім!.. 

 Ақсу мен Бұқтырманың құйғанын сең бітеп тастап, Көрбикені қызыл су басып 
барады! Динамитпен ұрмаса болатын емес!.. 

 Ұқтым!.. 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет