«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 55
–
Кеңестің қаншығы сегіз күшік тапты!.. –
Қаншығы дейді?.. –
Енді қатыны деп пе едің!.. –
Сәлем де!.. Қалжасына борыштымын деп айтты де!.. –
Сенің борышың көбейіп тұр-ау!.. Жәкем қалай?. –
Қалайын сұрайсың?.. –
Соғымнан жарты жамбас, бітеу белдемесі қалып еді, қона кетсең қайтеді!.. –
Ерікпе!.. Сенің оразаң таусылып па еді?.. .
Мұндағы диалог Қосымның көркем бейнесін жасауға негіз болған. Оның сөзі сырт
көзге дөрекі көрінеді, бірақ бұл ауыл адамдарының, құрдастардың әзілі. Қосым сөзінде
серіктесін өзімсіну, ауыл адамдарының бір-біріне деген ашық-жарқын қарым-қатынасы,
ықыласы байқалады. Сонымен қатар, диалогта кейіпкер мінез-құлық, таным-түсінігін де
көрсетіп тұр. Бұл диалог оқыған, көпті көрген оқымысты, қаладан келген жас бала
Аянның аузынан шықса шынайы болмас еді.
Экспрессивті-эмоционалды қызмет тілге сөйлеушіге қандай да бір ақпаратты
жеткізіп қана қоймай, оның сөйлеушінің хабардың мазмұнына, әңгімелесушіге, қарым-
қатынас жағдайына көзқарасын, яғни ішкі жай-күйін білдіруінің құралы қызметін
атқаруға мүмкіндік береді. С. Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінде табиғат та
кейіпкердің сол уақыттағы жан-дүниесімен үндестіре суреттеледі. Қазіргі ғылым рухани
әлем үш негізгі құбылыстан: мінез-құлық актісінен; сезінген субъективті құбылыстан;
санасыз психикалық құбылыстан тұрады деп дәлелдейді. Әңгімедегі психологиялық
процестер 8-9 жастағы баланың балалық шақтағы және Аян атты досына қатысты ойымен
астасып жатады. Көзін жұмып балалық шақты елестетсе болды жағымды реңкте, жарқын
бейнеде көрінетін досын елестейді:
Алыста қалған балалық шағым… Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын», - деген жалынышты үнін естимін (Жусан иісі)
. Шойбекова А.А. «Жағымсыз эмоцияны білдіретін сөз-сөйлемдер»
мақаласында О. Бальзактың мына бір келелі ойын келтіреді: «Адам туралы айту үшін
оның барша құпиясын: ойын, қайғысын, толқынысын танып-білген жөн» [2, 180]. «Жусан
иісі» повесіндегі сыртқы дүние жеке-дара сипат иеленбеген, ол ішкі болмыспен үндесіп,
жаңа бір мағынаға ие болған. Мұнда жазушы сезім күйлерін жалаң бермей, ойдың
бейнелілігімен астастыра берген. Жазушы қолданған көркемдік тәсіл оқырманның
кейіпкердің эмоциялық жағдайына терең бойлауына күшті ықпал етіп тұр.
Тіл адамның ойын ғана емес, эмоциясын да білдіреді. Экспрессивтік қызмет
қоғамда қабылданған этикет аясында сөйлеудің эмоцио-налдылығының айқындығын
қамтамасыз
етеді.
Эстетикалық
қызмет
адресаттың
эстетикалық
сезімін
қанағаттандыруына бағытталады. Эстетикалық қызмет ең алдымен поэтикалық стильге
(фольклор, көркем әдебиет) тән, алайда мұнымен шектелмейді. Эстетикалық қызмет тіл
байлығын, сөйлеудің оралымдылығын, адамның эстетикалық талғамына сәйкес келуін
көздейді. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымында сөздің эмоционалды бояуы,
экспрессивті-стилистикалық бояуы, тілдік мағынаның экспрессивті-бағалауыштық
компоненті мәселелері негізінен көркем мәтінге қатысты қарастырылып жүр. Зерттеу
жұмысына тілдік фактілер алынған «Жусан иісі» повесінде жазушы өмір шындығын,
адамның жан сырын, тазалығын өзгеше бір эмоциялық күш-қуатпен өріп, көркемдігін
арттыра білген. Көркем шығармада тiлдiк құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана бiлудiң