«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ»
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция
материалдары
68
қалыптастыратын поэзиялық шығармаларды қазіргі кезде қалай оқытып жүрміз?
Жаңартылған білім мазмұнына сай поэзиялық шығармаларды оқытуда «Венн»
диаграммасы, «ПОПС» формуласы, «миға шабуыл», сын тұрғысынан ойлау, дамыта
оқыту, дебат, жоба қорғау, сөздік, өзіндік жұмыс, көрнекілік, шығармашылық,
эвристикалық, репродуктивті, зерттеп оқу, жинақтау, «Рафт», «Синквейн», «Кейс-стади»,
«Буриме», «Джигсо», «Мюнстерберг», «Дәлелденген эссе», «Инсерт», «Биопоэма»,
«Әдеби үйірме», «Автор орындығы», «Екі жақты күнделік», «Дөңгелек үстел», «Галереяға
саяхат», «Кардиограмма», «Ассоциациямен жұмыс», «Әліпби желісі», «Өкіл» әдістері оқу,
жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын, тіл мәдениетін қалыптастыру, көлемді
мәліметтер мен мағлұматтарды өздігінен игеру, бірін-бірі оқыту, сөз өнерінің
ерекшеліктерін түсіну, поэзиялық шығармаларды оқуға деген қызығушылығын,
ынтазарлығын ояту, ой-пікірін дәйекті, жүйелі жеткізуге баулу мақсатында жиі
қолданылып келеді.Алайда оқушылардың автор күйзелісі мен шабытын өз бойынан
өткізіп барып қабылдауы оңайлықпен жүзеге аспайды. Мұғалім жоғарыда аталған әдіс-
тәсілдерді оқыған шығармаға қатысты оқушылар бойындағы сезімді ояту үшін ұтымды
қолданса да, ақынның ойын, қуаныш-қайғысын, толғаныс-тербенісі мен қасірет-мұңын,
көңіл-күйін, жан-толқынысын түсіну оқушылардың жан қалауымен ғана орын алады.
Оқушылардың поэзиялық шығармаларды қабылдап, бүкіл бітім-болмысымен түйсінуі
үшін алдымен мұғалім сыныпта отырған «тыңдаушыларына» тақырыбы мен идеялық
мазмұнын, композициялық құрылысы мен сюжетін, тәрбиелік мәнін меңгерте отырып,
ақын поэзиясының көркемдік тілін аша түсіп, өміршеңдігін, ұлттық құндылықтардың
маңыздылығын, әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі мен үнін таныту арқылы әсер ете
білу қажет. Поэзиялық шығарманы оқушы қалай оқып, қабылдайды, меңгереді,
нәтижесінде қандай ой түйеді, алған әсері мен өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл
мұғалім мен оқушының өзара бірлескен еңбегінің жемісі. Поэзиялық шығармаларды
оқыту күрделілігі жанрлық ерекшелігінде емес, оқушылардың көзқарасы мен қарым-
қатынасында, себебі оқушылардың көбі мазмұны қызықты, қылқалам шеберінің айтайын
деген ойы айқын көрініп тұратын прозалық шығармаларды оқуды ұнатады. Сондықтан
мұғалімге поэзиялық шығармаға тартудан гөрі оқушыларды прозалық шығармаға
қызықтыру оңайырақ. Оның үстіне оқушылардың барлығы бірдей ақынжанды болмайды
және қабылдауы мен тануы, сезінуі әртүрлі екенін ескерсек, кейбіреулеріне поэзиялық
шығарманы құлақпен емес, жүрекпен, сезіммен тану қиындық тудыруы мүмкін. Атап
айтатын болсақ, оқушылардың біразы мәнерлеп оқи алмайды, шығармадағы кейбір
жекелеген сөздердің мағынасын білмейді, негізгі ойды бірден анықтай алмайды, кейде
мүлдем түсінбейді, талғам мен қиялдың, терең қабылдаудың жоқтығынан шығарма
сюжетіне үңіле алмай, автор көңіл-күйін де сезінбейді. Педагог-ғалым, әдіскер-ұстаз
Ақшолақов Төлеутай Қазиұлы «Көркем тексте – ақындық ой. Соны оқыған сайын сол
текстер әр түрлі ой түсіреді, әр түрлі әсер қалдырады. Эстетикалық, эмоциялық әсер өзегі
текст пен шығарманың көркем құрылымында. Олай болса, шәкірттерге шығарманы оқыту,
ой көзімен оқыту – әдебиетті оқытудың жемісті жолы.
...Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт – осында. Өйткені
көркем әдебиетте сөз – идея да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге
үйрету – әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында
сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай
білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар
әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс
уақытта творчестволық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер
көркемөнер туындысының қадір-қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен
қатар, жазушы стилін, шығарма стилін аңғарар еді» [1, 90] деп, мұғалімнің оқушылармен
бірге көркем мәтінмен, поэзиялық шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлануына,
пікір мен көзқарастарын еркін білдіруге зор ықпал жасауына қатысты қарымды да құнды
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
Достарыңызбен бөлісу: |