«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 84
Қазіргі
таңдағы
зерттеу
нәтижелері
көптеген
коммуникативтік
түсініспеушіліктердің себебі түрлі статустағы адамдардың сәтсіз қарым-қатынасы болуы
мүмкін екендігін көрсетті. Сондықтан, болашақта қазақ тілін оқытуда прагматикалық
құзіреттілік қалыптастыру үшін әртүрлі лауазымдағы немесе қоғамдық статустағы
адамдардың қарым-қатынас құру үлгілері де сабақ бағдарламасына енгізіледі деп болжай
аламыз. Нақтырақ айтқанда, жоғары лауазымды кісі төменгі дәрежедегі қызметкерге
өтініш айтарда "Маған қағаздарды әкеліп бер/ші!" деген сөйлемді қолдана алады. Ал
керісінше төменгі сатыдағы қызметкер жоғары лауазымды кісіге өтініш айтарда "Маған
осыны жасап бере аласыз ба, өтініш" дейді. Бұл тұста назар аударатын маңызды мәселеге
келсек, бірінші сөйлемде лауазымды кісінің қызметкерге жұмсақ түрде бұйыра сөйлеуі
немесе талап етуі байқалады. Ал екінші сөйлемде қызметкер алдымен бастығына белгілі
бір нәрсені жасауға мүмкіндігіңіз бар ма деген сұрақ қояды, екіншіден мүмкіндік болған
жағдайда көмек беруін өтінеді. Сонымен қатар, екі тараптың тікелей қарым-қатынасында
өтініш жасау мысалында қолданылатын сөздерге мән берер болсақ, оқушы мұғалімнен
"Мен сыртқа шыға аламын ба?" деп сұраса, мұғалім оқушыдан "Сен сыртқа сыртқа
шығып келе аласың ба?" деп сұрайды. Бұл тұрғыда сауалдың қай тараптан қай тарапқа
қойылып жатқанына байланысты өтіну немес сұрау үлгісі де өзгеріп отырады.
Тілдің практикалық қолданысындағы ең жиі кездесетін сөйлеу әрекеттерінің бірі
өтініш айту/өтіну болып табылады. Аталған әрекеттің дұрыс орындалуы да оқушылардың
прагматикалық құзіреттілігін қалыптастырады делінеді. Сондықтан, болашақта қазақ тілін
оқытуда прагматикалық құзіреттілік қалыптастыруда өтінудің / өтініш айтудың дұрыс
жолын үйретуге ерекше мән берілуі тиіс деп есептеледі. Ең маңыздысы, бұл сөйлеу
құрылымы барынша ерте жастан бастап үйретіле отырып, балалар тілдің алғашқы әрі
негізгі құрылымдарымен қоса олардың мәдени әрі сыпайы түрде қолданысымен де таныс
болуы қажет. Себебі, ересек сөйлеушілер мен тыңдаушылардың да біреуге қиыла сөйлеп,
өтініш айтуға қиналып немесе намыстанып жататыны жасырын емес. Оған қоса, екі
тараптың бір-біріне өтініш айтуы барлық жағдайда екі адамның да көңілінен шығып,
олардың бір келісімге келуіне мүмкіндік бере бермейді.
Сонымен қатар, өтініш айту барысында оқушыларды сөйлеуші мен тыңдаушыға
келетін потенциалды қауіп түрлерімен таныстырған жөн. Себебі, айтылған өтінішті екінші
тарап бұйрық ретінде қабылдап, өзінің бостандығын шектеу әрекеті деп түсінуі мүмкін.
Осы себепті, балаларға мүмкіндігінше бірініші/ екінші сыныптан бастап осы сөйлеу
әрекетін үйрету қажет. Оқушылар сабақ барысында кімге, қандай жағдайда, қалай өтініш
жасау керектігімен танысып, бұл дағдыны өз беттерінше қолданып көруі тиіс. Қазақ тілін
оқытуда дәл осы дағдыны дамыту арқылы прагматикалық құзіреттілік қалыптастыру
барысында рөлдік ойындар әдісін қолдануға болады. Мәселен, оқушыларға бірнеше
ситуация негізінде мұғаліммен кездесу уақытын белгілеу, эссені таппсыру уақытын
созуды сұрау, оқу бағдарламасына қосымша бағаланатын тапсырма енгізуін сұрау және
жазбаша жұмысты тексеріп беруін өтіну секілді тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырма
аясында оқушылар өздерін түрлі ситуацияларға қойып көріп, түрлі рөлдерге ене отырып
прагматикалық құзіреттілік қалыптастырып, дамыта алады [4]. Себебі, тапсырманы
орындау барысында олар түрлі жағдайдағы қоғамдық және мәдени факторларды ескере
отырып, жағдайға сәйкес келетін тілдік құралдар мен құрылымдарды қолдануға
тырысады. Ең маңыздысы, оқушылар өтініш айту барысында түрлі қоғамдық факторлар
мен статусты ескеруді үйренуі тиіс. Мысалы, олар өздерінің жақындары мен достарына
"Маған ана жылы көрпені әпер/ші. Мен қатты жаурап тұрмын" деген өтініш айта алады.
Бірақ көшедегі танымайтын кісіге немесе енді ғана танысқан адамға осындай контексттегі
өтініштер айту орынсыз деп есептеледі. Сондықтан, прагматикалық құзіреттілік
қалыптастырудың болашағы осы мәселені айналып өтпейді деп топшылауға болады.
Қазақ тілін оқытуда прагматикалық құзіреттілік қалыптастырудың маңыздылығы
күннен күнге артып келе жатыр дей аламыз. Бұған себеп, заманауи ақпараттық
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции