Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
87
Ыбырай «аспандағы аққуға үнін қосып», қазақ әнін үлкен биікке, классикалық деңгейге
көтерген өнер тарландары. Осы шоқтығы биік салсерілердің өнерінің шыңдалуына бағыт
беріп, ұстаздық еткен Шал ақын, Орынбай, Арыстанбайлар болғаны анық. Ал Арқадағы
осынау ұлы өнердің жолын қуып, оны жоғары өрлеткен
әншіақындарға қамқор болып,
тіршіліктеріне жағдай жасаған сол кездің далалық өз меценаттары (шүленгері) да
болғанын айта кетуіміз дұрыс сияқты. Шыңғыс, Айғаным, Ыбырай, Шоң, Шорман,
Тұрлыбек, Мәмбетәлі, Зілғараның Әлібегі сияқты кезінде ел билеген тұлғалардың қазақ
өнерінің дамуына ат салысқаны белгілі.
Ақынның Жанақпен айтысына поляк саяхатшысы А.Янушкекичтің естелігінің
Орынбайға арналған тұсында: «Орынбай домбырасын қағып-қағып жіберіп,дүниенің
басынан Адам ата мен Хауа анадан түсіп,мына отырған сұлтандарға тағзым еткендей, аты
шыққан арғы аталардың әр қайсысын бір-бір көтеріп тастады; Содан Нұх кемесіне мініп
топан судан өтті. Жолшыбай
барлық оқиғаларды тіпті, Вавилон Навуходоссорын да,
Египеттің перғауындарын да қалдырмай сүзіп шықты. Сағат бойы толассыз жырлап,
Ниагар сарқырамасындай арындап келіп, ақыры аман-сау Мұхаммедтің өзіне де жетті-
ау»,-дей келе оның талантына табынғандығын зор сүйіспеншілікпен жазады.
Айтыстарының ішінде өзшелеуі Қожабекпен айтысы.
Айтыс мазмұны жұмбақ
айтыс түріне жатады. Мысал келтірсек, Қожабек:
Бейақыл, он екі ала, сегіз бала,
Ұяң құс,ілік-ілік жұмыртқа ала.
Жұмбағым таба алмасаң, ақын бала,
Сұм бала көп пе саған,бермен қара,-
Деп жұмбақ қойса, Орынбай шешуін:
Он екі
ала дегенің - он екі айды,
Сегіз бала дегенің - сегіз жұма.
Ілге-ілге дегенің ұшпа бұлт қой,
Қос жұмыртқа дегенің күн мен айды,-деп шешеді [2, 36].
Орынбай ақынның айтыстарының ішіндегі көп таныла қоймағаны Өтеулімен
айтысы. Бұл айтысты көлемі жағынан сүре айтысқа кіргізуге болады. Айтыс басында сөз
алған Орынбай ұзақ толғанған. Өмірінің соңғы кезеңіндегі ауыр тұрмыс тауқыметін,
опасыз дүниені жырлап, мұңын шағады. Өтеулі ақынның Орынбайды тосылтқан мәселесі
дін жайы еді.
«Пайғамбар жасынан астым, өлеңді, айтысты
қойдым деген сөзіңді бұздың, бұл
саған жараспайды» деген тұжырымымен Өтеулі басым түседі.«Айтысты ант арқылы
қойғам жоқты» деп қанша ақталғанмен тағы да өзі айтқандай «ауыздан шыққан лебіз бір
жел, бола ма қолмен ұстап атқан оқтай» деген сөздері арқылы өз сөзіне қарсы келгеніне
қынжылады. Әйтсе де дауылпаз ақын үшін бұл жеңілу емес,қайта айтыстың ащы-
тұщысын енді тата бастаған Өтеулі үшін үлкен өнер мектебі [3, 9; 4, 120].
Іргелі айтыстарымен белгілі болған Орынбайдың шығармашылығы сонымен қатар,
қағысуларымен де қызықтырады. Олардың қатарына ақынның қырғыз ақыны Сақаумен
Сақау ақынмен қағысуын келтірейік.
Елге қайтарында ақын алдынан жасы ұлғайған қарт ақын Сақау шығып «Бір
олжаңды
байлап кет, жүйрік інім» деп сауға сұрауды. Оған Орынбай:
Кішкенеден атандың Сақау атқа,
Қас қылмайсың тапсырған аманатқа.
Әлі көзің тоймаса дүниеге,
Құтың түссе ала ғой шабдар атқа,-
дегенде, Сақау тұрып:
Ағасы інісінен сұрар сауға,
Сауға сұрап ағасы қалды дауға.
Дүниенің малына көзің тойса,