Филологические науки


АТАМЕКЕН КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет61/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   160
АТАМЕКЕН КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шалабаева Р.З.,
магистрант, Ағылшын тілі және ОӘ кафедрасы,
Ш. Уалиханов атындағы КМУ, Көкшетау, Қазақстан,
e­mail: riza.92@mail.ru
Тірек сөздер:
концепт, когнитивті лингвистика, әлем бейнесі, атамекен 
концептісі
Аңдатпа.
Бұл мақалада “концепт” мәселесі көтеріліп, оның “мағына”, “мән”, 
“ұғым” терминдерімен арақатынасы жайында сөз қозғалады. Концепті зерттеген 
ғалымдардың анықтамалары беріліп, осы түсініктің қазіргі тіл біліміндегі негізгі 
тәсілдемелері көрсетіледі. Қазіргі кезде лингвистика ғылымында, әсіресе когнитивті 
лингвистика саласында “әлем бейнесі” деген түсінік жиі қолданылуда, ал сол әлем 
бейнесін біз тек тілді, сананы зерттеу арқылы түсіне аламыз. Тілдің негізгі танымдық 
қасиетінің көрсеткіштері ­ тілдік бірліктер. Тілдік бірліктер арқылы әлем туралы 
жинақталған білімдерді, сол тілде сөйлеушілердің көзқарастарын, белгілі бір ұлтқа 
тән ерекшеліктерін көруге болады. Мысал ретінде атамекен концептісіне талдау 
жүргізіледі. 
Қазіргі кезде тілді зерттеу оның тіршілік ететін модусі – адамсыз 
елестету мүмкін емес сияқты. Бұның өзі антропоцентризм болып 
табылады. Тілдің антропоцентризмдік тұрпаты қазіргі лингвистиканың 
тірегі. Көптеген зерттеушілерді тіл емес, сол тілде көрініс табатын 
жалпы адамзаттық, ұлттық­мәдени және сөйлеушілердің жеке 
қасиеттері, күнделікті қарым­қатынас процесі кезінде тілдің қызметі, 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 93 - 102


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
94
оның қоғамдық өмірде қандай рөл атқаратыны қызықтырады. 
Антропоцентристік парадигма өз шеңберіңде этнолингвистика, 
лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология 
тәрізді жаңа бағыттарға жол ашады [1, 20 б.]. Аталған ғылым салалары 
тіл мен ойлау, тіл теориясы, оның құрылымы, тіл бірліктері мен оның 
мағыналарының типологиясына қатысты сұрақтармен айналысады. 
Оған концептті анықтау мен тіл бірліктерінің мағынасы,олардың өзара 
қатынасы, тілдік мағына мен энциклопедиялық білімдердің байланысы, 
зерттеулердің әдістері мен принциптері және т.б. мәселелер жатады.
Бүгінгі таңда зерттеушілер жұмыстарында концепт ұғымы 
жиі қолданыс табуда [2]. Концепт ұлттық менталитетті түсінуде 
негізгі семантикалық жасалым болып табылады. Ол белгілі бір 
тілдік социумның тілдік сана­сезім ерекшелігін көрсетеді. Бұл ұғым 
когнитивті лингвистика мен лингвомәдениеттанудың басты термині 
мен негізгі түсініктерінің бірі болып есептеледі. Концепт категориясы 
философия, тілді логикалық талдау, психология, мәдениеттану 
мамандарының еңбектерінде кездеседі, әсіресе, этнолингвистика, 
лингвомәдениеттану, психолингвистика, социолингвистика зерттеу­
лерінде жиі қолданылады. Бұл ұғым көпмағыналы болғандықтан, түрлі 
ғылым салаларында әртүрлі түсіндірілсе, тіл біліміндегі зерттеушілер 
оны алуан түрлі мағынада қолданады.
Сырт көзге қарағанда, концепт – жай ғана сөз тіркесі, сөз тіркестері 
мен түйіндер үзінділері, бірақ олар біздің санамызда пайда болған 
мазмұны бұрыннан таныс “астарлы сөз тіркестері”: Кім соңғы? Мен 
сізден кейінмін... – күту кезегіндегі, дүкенде, дәрігер қабылдауында, 
билет алу кассаларында болатын жағдай. Концепт қазіргі ғылым 
жағдайында кеңейтілген түсінік ретінде қарастырылады. Концепт – 
мәдениеттану ғылымының және типтік мәдениет жағдайын сипаттау 
пәні. Түсінік “анықталады”, ал концепт “бастан өткізіледі” [3, 32 
б.]. Бұл мақалада біз концептті когнитивті лингвистика аясында 
қарастырамыз.
Когнитивті лингвистика қазіргі тіл білімі ғылымында ерекше 
орын иеленген. В.З. Демьянковпен Е.С. Кубрякованың анықтамалары 
бойынша когнитивтік лингвистика – тілді ақпаратты кодтау және 
ауыстыруда маңызды рөл атқаратын когнитивті механизм ретінде 
зерттейді [4, 53­б.]. А.П. Бабушкин, Н.Н. Болдырев, Г.В. Быкова, Е.С. 
Кубрякова, Е.В. Лукашевич, З.Д. Попова, Е.В. Рахилина, И.А. Стернин 
сияқты ғалымдар когнитивті лингвистиканың бір бағыты ретінде 
семантикалық­когнитивті бағытты көрсетеді. Бұл тіл семантикасын 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 93 - 102


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
95
лексикалық және грамматикалық концепттер мазмұнын түсіну 
мүмкіндік құралы ретінде, тіл семантикасынан концептосфераға дейін 
модельдеу құралы ретінде зерттеу.
Когнитивті лингвистика қабылдау, ұғыну кезінде болатын ділдік 
процессті, демек, сана­сезім арқылы ақиқатты тану, сонымен қатар, 
олардың ділдік өкіл түрлері мен формаларын зерттейді. Ал концепт 
жайында Е.С. Кубрякова былай дейді: “Концепт – жадының оперативті 
бірлігі, діл сөздігі, тұжырымдамалық жүйе мен ми тілі, толық 
әлемдік бейне, білім кванты. Ең маңызды концептілер тілде көрініс 
табады”. В.И. Карасиктің ойы бойынша “адам жадысында сақталатын 
маңызды зердесіне жеткен типтелген тәжірибе көріністері есептелетін 
ділдік жасалым” [5, 59 б.] “құрамында бейне­естілім түсінік және 
құндылықты жақтарын бөліп көрсететін көпөлшемді ділдік жасалым” 
[5, 71 б.] “адамның өмір тәжірибесінің үзіндісі” [5, 3 б.] “басынан 
өткізетін ақпарат” [5, 128 б.] “басынан өткізген білім кванты” [4, 361 
б.]. С.А. Аскольдов­Алексеев “концепт ойлау әрекеті кезінде біртекті 
заттардың көпшілігін алмастыратын ой жасалымы” деген анықтама 
берген [6, 267 б.].
Қазіргі лингвистика ғылымында концепт түсінігінің 3 негізгі 
тәсілдемесін көрсетуге болады: Бірінші тәсілдеме (өкілі Ю.С. 
Степанов) мәдениет концепттер жиынтығы мен өзара байланыс 
ретінде түсінілген кезде концептіні мәдениетті аспектіге басым көңіл 
аударып қарастырады. Демек, концепт – адамның діл әлеміндегі 
мәдениеттің негізгі ұяшығы. Ол концепттерді “еуропалық фонд пен 
фоннан тармақталу кезеңінде” еуропалық мәдениеттің бөлшегі ретінде 
ұсынады. Екінші тәсілдеме (Н.Д. Арутюнова және оның мектебі, Т.В. 
Булыгина, А.Д. Шмелев және т.б.) тіл белгісінің семантикасы концепт 
мазмұнын қалыптастырудың бірден­бір құралы ретінде ұсынады. 
Үшінші тәсілдеме жақтаушылары Е.С. Кубрякова, Д.С. Лихачев және 
т.б. концепт сөз мағынасынан тікелей туындамайтын, сөздер мен 
адамның жеке және халықтың тәжірибесі арасындағы дәнекерші, яғни 
концепт сөз бен шындықтың арасындағы дәнекершісі болып табылады.
Когнитивті лингвистика саласында концепт, мағына, мән және 
ұғым терминдері жиі қолданылады және көп жағдайда теріс түсінілуі 
мүмкін. Сол себепті аталған терминдерді жақсы ажыратып, дұрыс 
қолдана білу қажет. Жоғарыда концепт жайлы айтылып кетті, ал енді 
оның мағына, мән және ұғымнан айырмашылығы неде? Концепт – 
когнитивті сананың өнімі, ал мағына – тілдік сананың ұғымы. Мағына 
(семема) өзінің семасы арқылы концепті құрастыратын белгілі бір 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 93 - 102


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
96
когнитивті белгілер мен компоненттер жеткізеді, бірақ бұл концепттің 
мәндік мазмұнының тек бір ғана бөлігі. Сөз мағынасының екі түрі 
жайлы айтып кету жөн: бірі – түсіндірме сөздіктерінде берілген 
лексикалық, ал екіншісі – тілді иеленушініің санасында көрініс табатын 
психолингвистикалық мағыналар. Лексикографикалық мағына – 
лексикографтардың жасанды конструкторы, оның субъективті түрде 
сөздікті қолданушыларға сөз анықтамасы ретінде ұсынылатын 
белгіленген минимум белгілер. Психолингвистикалық сөздің 
мағынасы тілді иеленуші санасында шынайы осы дыбыстық сыртпен 
байланысқан барлық семантикалық компоненттердің реттелген бірлігі. 
Психолингвистикалық мағына лексикографиялыққа қарағанда кең 
және ауқымды. Білімді меңгеріп алған тұлға, сол білімді өз әрекетіне 
қосқан кезде, тіл иеленушінің осы мағынаға деген белгілі бір көзқарасы 
туындайды және ол аталмыш тұлға үшін бір мән иеленеді. Мән әлеуетті 
түрде мағынада болмайды және мағынадан адам санасында туындай 
алмайды, ол мағынадан емес, өмірден туғызылады. Ал концепт 
мазмұны лексикографиялық та, психолингвистикалық мағынаға да 
қарағанда кең. Мағына тілдің семантикалық кеңістік бірлігі, реттелген 
жиынтықтың, нақты бір тілдің мағыналар жүйесі элементі. Мағына 
дыбыстық сыртына (лексема) қатысты қызметпен байланысты және 
осы социумға танылған салыстырмалы түрде біршама семантикалық 
белгілерді (сема) қамтиды. Сөз семантикасы қарым­қатынас процесі 
кезінде халықтың өзара түсінушілігін қамтамасыз етеді [7, 104 б.]. 
Сөз мағынасы – айтылатын концептің мазмұнын жалпы түсініктер 
беру талпыныстары. Е.С. Кубрякованың анықтамасы бойынша 
“белгімен айқындалған” сөздің мағынасы концепт болады. Концепт 
пен мағына тең мөлшерде когнитивті табиғаттың құбылысы. 
Мағына қарым­қатынас мақсатында тіл белгісімен бекітілген 
концептінің ойлау бірлігінің бөлшегі. Психологиялық шынайы 
мағына (тілді тасымалдаушының санасындағы сөзбен байланысатын 
семантикалық белгілері; тәжірибелік тәсілдермен айқындалады) және 
“лексикографикалық” мағына (қысқаша тұжырымдалған, түсіндірме 
сөздіктерде көрсетілген) ажыратылады [6, 64 б.].
Концепт – концептосфера бірлігі, яғни халықтың ойлау бірліктерінің 
ұйымдастырылған жиынтық. Концепт осы даму сатысында халық 
санасынан көрініс тапқан сол не басқа құбылыстардың ділдік 
белгілерін қамтиды. Концепт сана ақиқатын ұғынуды қамтамасыз 
етеді. Сөздің мағынасы ол сол зат немесе заттар, сол сөз дұрыс тілдік 
нормаға сәйкес қолданылады, ал концепт ол сөздің ойы.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 93 - 102


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
97
Концепт адам санасына қатысты, ойлау әрекетінің ғаламдық 
бірлігі екені бізге белгілі. Адам санасындағы реттелген концептердің 
жиынтығы концептосфераны құрайды. Ал тіл адам санасына, оның 
концептосферасына, концептің ойлау бірлігі ретіндегі мазмұны мен 
құрылымына жету құралдарының бірі. Адам санасы жайлы айтылған 
кезде, когнитивті лингвистикада әлем бейнесі, тілдік әлем бейнесі, ұлттық 
тілдік бейне, когнитивті тілдік бейне сияқты сөз тіркестері жайында 
айтып кеткен жөн. Әлем бейнесі қоғамдық санада тұжырымдалған 
ақиқаттың реттелген білімдердің жиынтығы. Когнитивті әлем бейнесі 
мәдениеттен берілетін санадағы концептосфера мен стереотиптердің 
жиынтығы. Ұлттық когнитивті әлем бейнесі жеке халық өкілдерінің 
жалпы, тұрақты, қайталанатын әлем бейнесі. Тілдік әлем бейнесінде 
біткен сөздің жүйелі мағыналары әлем жайында ақпарат , заттар 
мен құбылыстардың тіл арқылы реттелуі, әлемді тіл арқылы бөлу, 
тіл белгілері мен мағыналарында көрініс тапқан, ақиқатты елестету, 
халықтың белгілі бір даму сатысындағы тіл бірліктерінде бекітілген 
халықтың ақиқат жайында елестер жиынтығы. 
Әлемнің тілдік бейне белгілі бір тілде сөйлеушілердің санасында 
қалыптасып, тілде көрініс табатын білімдер жиынтығы болып 
табылады. Яғни тілдік бірліктерде бекітілген әлем туралы білімдер 
жинақталып, сол тілде сөйлеушілердің көзқарастар жүйесін құрап 
және ол әмбебап болуымен қатар, белгілі бір ұлтқа тән спецификалық 
компоненттерді қамтиды. Кез келген халық әлемді өзінің болмысына, 
рухани заттық мәдениетіне, дүниетанымына, таным­түсінігіне 
байланысты қабылдайды. Әлем бейнесі деген ұғым адам баласының 
қоршаған орта мен дүниеге деген өзіндік көзқарастарын зерттеуге 
негізделеді. Адамзаттың әлемге немесе дүниеге деген көзқарасы жеке 
және қоғамдық сана негізінде қалыптасады. Бұл жерде тіл таным 
қызметін атқарады. Бұл жерде тіл белгілі бір ұлттың немесе тіл иесінің 
мәдени­ұлттық менталдылығын танытып, адамның әлем туралы 
білімін қалыптастырады. Өмір сүру барысында адам обьективті 
дүниенің моделін жасай отырып, сол арқылы танымның нәтижесін 
сөзде бекітеді. Адам баласының таным дүниесіндегі ең керемет сыйы 
– тіл феномені. Тіл кез келген табиғи құбылыстың белгіленуіндегі 
танымдық және коммуникативтік міндет атқаратын белгілер жүйесі. 
Тілдегі дүниенің бейнесіндегі әрбір зат пен құбылыстардың белгілі 
бір атауға ие болуының негізінің астарында таным дүниесінің 
жатқандығын аңғартады. Тілдің негізгі шұрайы мен танымдық қасиетін 
көрсететін тілдік бірліктер ретінде ауыз әдебиетінің үлгілері, мақал­
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 93 - 102


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
98
мәтелдер, фразеологиялық тіркестер, көркем әдебиет туындыларын 
атауға болады [8, 35 б.].
Әрбір тіл әлемді өзінше таниды, өзінше бейнесін жасайды. Тілдік 
тұлға тілді сол бейне шеңберінде қолданады. Осыған дәлел ретінде 
мына мақалада атамекен концептісінің қазақ халқының сана­сезімінде 
қалай қабылданатынын көрейік. Қазақ тілінде атамекен концептісінің 
ядросын зерттеу үшін түйінді лексеманың сөздік анықтамаларын 
талдау, синонимдерді талдау қолданылды. Қазақ тілінде түйінді 
концепт атамекен сөзімен берілді. Синонимдер: Отан, ел, туған жер, 
туып өскен жер, ата қоныс . 
Қазақ тілінде атамекен концептісін көрсететін лексема мағынасына 
талдау жүргізейік. Т. Жанұзақовтың “Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде” атамекен сөзі былай анықталады [9]:
Атамекен – Ата бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты 
қоныс, мекен.
“Лұғат” сөздігінде атамекен сөзіне мынадай анықтама беріледі:
Ата­бабадан ұpпаққа мұpа болып қалған ежелгi құтты қоныс, 
мекен.
Қазақ тілінің әмбебап сөздігі атамекен мағынасын былайша 
көрсетеді:
Ежелгі қоныс, байырғы тұрақ, тұрған жер.
І. Кеңеспаевтың басылымындағы “Қазақ тілінің фразеологиялық 
сөздігінде” мынадай анықтама берілген: “Белгілі халықтың ежелгі 
мекені (бұл фраза көне заманда (мәселен, қазақ өмірінде) о баста әр 
рудың, тайпа, елдің өзіне тән өлкесі туралы айтылған)” [10].
Н. Уәли, Ш. Құрманбайұлы басылымындағы “Қазақ сөздігінде” 
былай делінген [11].
Атамекен – ежелгі қоныс, байырғы тұрақ, тұрған жер.
Жоғарыда берілген сөздік анықтамаларына негізделе отырып, 
біз мынадай қорытындыға келеміз: қазақ халқы санасында атамекен 
концептісі – туған жер, өлке, атадан балаға мұра болып қалып отыратын, 
“кіндік қаны тамған” жер, ата­бабасының қоныс тепкен, өсіп өніп келе 
жатқан жері. Яғни, қазақ халқы үшін атамекен концептісі өте кең, 
ауқымды мағына береді.
С. Бизақов басылымындағы “Синонимдер сөздігінде” атамекен 
сөзіне мынадай синонимдер берілген [11]. Атамекен, ата қоныс, ата 
мұра – ата­бабадан ұрпаққа мирас болып қалған ежелгі құтты мекен, 
тұрақ. Ә. Болғанбаев баспасындағы “Қазақ тіліндегі синонимдер 
сөздігінде” берілген сөздер: Атамекен – Отан, ел, туған жер, туып 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 93 - 102


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
99
өскен жер, ата қоныс. Ата­бабадан ұрпаққа мирас болып қалған ежелгі 
құтты мекен, туған ел, өскен жер.
Демек, берілген синонимдерге қарағанда біз атамекен ежелгі 
замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі бір аймақ, өңір болса, 
бертін келе туған жер. Кейін келе мәні кеңейіп, ата­бабалар ғұмыр 
кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, “ең 
қымбат мұрасы” деген ұғымды білдіретіндігіне көз жеткіземіз. Отан 
ұғымдарының баламасына айналған атамекен ұғымы – еліміздің, 
мемлекеттілігіміздің негізі. 
Ал, енді, өзге тілде аталмыш концепт қалай аударылып, қандай 
мағына беретінін көрейік. Аударма тіл ретінде орыс және ағылшын 
тілдерін аламыз.
Р.Г. Сыздыкова баспасындағы “Қазақша­орысша сөздігінде” 
мынадай аудармалар берілген [13]:
Атамекен – отчизна, родной край, земля отцов.
С.Г. Ахметова Қазақша­ағылшынша­орысша сөздігінде атамекен 
концептісі былай аударылған [14]:
Атамекен зат. – land of ancestors (forefathers) земля предков.
П.В. Косович баспасындағы “Казахско­русский и русско­казахский 
словарь” мынадай аудармаларды ұсынады [15]:
Атамекен – земля предков, отечество, отчий край, родина, родные 
места. 
Атамекен лексемасының орыс тілінде берілген аудармаларға 
қарағанда да, атамекен концептісі ата­бабалар мекені, туып­өскен 
жері, туған өлке, Отан деген мағыналарды білдіреді. Яғни, қазақ 
халқы мен орыс халқының сана­сезімінде аталмыш концепт біршама 
жақын, ұқсас мағына береді. Ал енді осы лексеманың ағылшын тілінде 
берілген репрезентацияларына талдау жүргізейік. Ағылшын тілінде 
атамекен лексемасына motherland, fatherland, homeland, hometown, 
birthplace деген аудармалар берілген. 
“Macmillan study dictionary” сөздігінде мынадай анықтама берілген 
[16]:
Homeland – the country where someone comes from.
“Cambridge learner’s dictionary” сөздігінде мынадай анықтама 
берілген:
Homeland – the country where you were born.
“Cambridge advanced learner’s dictionary” сөздігінде мынадай 
анықтама берілген [17]:
Homeland – the country you were born in.
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 93 - 102


ИзвестИя КазУМОиМя
серия «ФИЛОЛОГИЧесКИе НАУКИ» 
100
Fatherland the country in which you were born or the country with 
which you feel most connected.
“Cambridge academic content dictionary” сөздігінде мынадай 
анықтама берілген [18]:
Homeland – the country where you were born.
“Longman exams dictionary” сөздігінде мынадай анықтама берілген [19]:
Homeland – the country where someone was born.
Motherland – the country where they were born and to which they feel 
a strong emotional connection.
Fatherland – the place where someone or their family was born.
“Oxford Learner’s thesaurus a dictionary of synonym” сөздігінде 
мынадай анықтама берілген [20]:
Homeland the country where a person was born; a country or region 
that is closely identified with a particular race or group of people.
Hometown the town or city where you were born or lived as a child.
Birthplace the house, district or town where a person was born, 
especially a famous person.
Атамекен бейнесін қалыптастыру үшін ағылшын тілінде негізіне 
“land” – жер лексемасы кіретін “motherland”, “fatherland”, “homeland” 
күрделі зат есімдер қолданылған. Құрамындағы “father”, “mother”, 
“home” сөздері анасына, әкесі мен үйіне деген қарым­қатынасын 
және әртүрлі руға қатыстылығын бар екенін көрсететін сияқты. 
Адамның туылған жері және сол елдің азаматы болып есептелетін ел 
ағылшын тілін концептосферасында мынадай лексемалармен берілген 
“fatherland”, “homeland”. Ата­бабалар мекені, адамның туған жері, 
оның туыстары мекен еткен жер “motherland”, “fatherland”, “homeland” 
лексемалармен беріліп, қазақ тілінде атамекен, ал орыс тілінде край 
отцов деген мағынаға сай келеді. 
Жоғарыда берілген сөздік анықтамаларына сәйкес, жалпы мынадай 
қорытындыға келуге болады: атамекен концептісі адам санасында 
атамекен этикалық категориясы негізінде қалыптасатын көпөлшемді 
ділдік білім. Атамекен этикалық категория ретінде адамның туып­
өскен жеріне, ата­анасы, ата­бабалары, халқы мен мемлекетіне деген 
қарым­қатынасын реттейді. Атамекен концептісінің қазақ танымында 
қандай ұғым беретінін қарастыра отырып, халықтың басынан кешкен 
өмірін, ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын тани аламыз, адамзатты 
табиғатты, Отанын сүюге тәрбиелейміз.
Қорытындылай келе, атамекен ұғымы ата және мекен деген 
тіркестен құралған. “Ата” ата­баба, ежелгі мағыналарын берсе, мекен 
ISSN 2411-8745
Number 1 (2016), 93 - 102


ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ
«ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
101
(араб тілінде, мәкан — орын, жай) – тұрақ, өмір сүретін, өсіп­өнетін 
жер дегенді білдіреді. Сонда атамекен ата­бабаларынан бері мекен 
етіп, өркен жайып келе жатқан жер деген ұғымы береді. Атамекен 
атауы кейде лексика­семантикалық мағынасына ата жұрт, ата қоныс, 
туған жер, Отан сөздерімен де ауыстырылып қолданылады. Атамекен 
– адамзат тарихы мен адам баласының ой­санасында жоғары тұратын 
қасиетті де қастерлі ұғым. Атамекен кез келген ұлт үшін аса маңызды 
рөл атқаратыны белгілі. Оның ішінде қазақ халқы кіндік қаны тамған 
жер деп қастерлейді. Қазақ танымындағы атамекен концептісінің 
логикалық моделі Отан, туған жер, ата қоныс, дала сияқты күрделі 
логикалық ассоциациялардан тұрады. 
ӘДЕБИЕТ
[1] Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: учеб. пособие. – М., 2008. – 272 с.
[2] Бейсембаев А.Р., Бахралинова А.Ж. Структура концепта в рамках когнитивной 
лингвистики // Известия КазУМОиМЯ. Серия “Фил. науки”. – 2015. ­ № 4. 
[3] Степанов Ю. Концепты. Тонкая пленка цивилизации. – М: Языки славянских 
культур, 2007. – 248 с.
[4] Кубрякова Е.С. и др. Краткий словарь когнитивных терминов. – М., 1996. – 197 с.
[5] Карасик В.И. Введение в когнитивную лингвистику.– М., 2004.
[6] Аскольдов С.А. Концепт и слово // Русская словесность: Антология. – M., 
1997.
[7] Попова З. Д., Стернин И.А. Когнитивная лингвистика. – М.: АСТ, 2010.
[8] Попова З.Д., Стернин И.А. Семантико­когнитивный анализ языка. 
Монография. – Воронеж, 2007. – 250 с.
[9] Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. 
– Алматы: Дайк­Пресс, 2008. – 968 б.
[10] Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі / І. Кеңеспаев.– Алматы: АРЫС, 2007. 
[11] Қазақ сөздігі/Н. Уәли, Ш. Құрманбайұлы.–Алматы: Дәуір, 2013. – 1488 б.
[12] Синонимдер сөздігі. Жауап.ред. С. Бизақов. – Алматы, 2001. 
[13] Қазақша­орысша сөздігі. – Алматы: Дайк­Пресс. 2008. – 962 с.
[14] Қазақша­ағылшынша­орысша сөздік. – Алматы: Мектеп. 2007. – 256 б. 
[15] Казахско­русский и русско­казахский словарь/ Сост. П.В. Косович. – 
Кокшетау: Келешек. 2012. – 900 с. 
[16] Macmillan study dictionary. ­ Macmillan Publishers Limited, 2010.
[17] Cambridge learner’s dictionary. ­ Cambridge University Press, 2011. 
[18] Cambridge academic content dictionary. ­ Cambridge University Press, 2009.
[19] Longman exams dictionary. ­ Pearson Education Limited, 2006.
[20] Oxford Learner’s thesaurus a dictionary of synonym. ­ Oxford University Press, 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет