АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ Сөздікті пайдаланып мына сөз тіркестерін аударыңыз.
Адамды адам ететін қоғам, адамның тәрбиелеген қоғамы, адам басына тән ерекшеліктер, кісінің қалыптасуы, қоғам талабына лайықтау, адамның тәрбиленген ортасы, өзін-өзі тәрбиелеу, кісілік болмысын анықтау.
Мына сөздердің түбірін табыңыз, сөйлем құрастырыңыз.
Өскен, тәрбиеленген, қайталанбас, талассыз, болатын.
Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып мазмұнын түсініңіз.
Адам және қоғам Адамды адам ететін қоғам, еңбек. Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі сондай деп есептеуге болады. Әрине , мұны әрбір дара адамға жатқызып, тікелей түсіну дұрыс болмайды. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болмақ. Әркімнің жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктернің болатыны талассыз ақиқат.
Кісінің (личность) қалыптасуы оның әрекеттену және басқа адамдармен ой алмасу процесінде өтеді. Бұл процес кісінің басқа қоғам мүшелерімен араласуымен өзінің әрекетімен мінез-құлқын қоғам талабына лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іске асады. Соның арқасында адамдардың өзін – өзі тану қабылеті жетіледі.
Адам өмір сүріп, іс-әрекет жасап отырған қоғамның мәні, даму деңгейі, сипаты жас адамның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ғылымда бұл факторды макроорта дейді. Екінші – микроорта. Оған макроортаның нақты адаммен тікелей байланыста болатын бөлігі, яғни отбасы, ұжым араласып жататын ортасы жатады. Үшіншісі – білім және тәрбие. Төртіншісі – өзін-өзі тәрбиелеу. Осы аталған факторлардың мән-мағынасы өзара байланысы адамның кісілік болмысын анықтайды.
адам ету – формирование человека
есептеу – считать
сипат – характерность
талассыз ақиқат – бесспорная истина
кісінің қалыптасуы – формирование личности
әрекеттену – действовать
қоғамның мәні – значение общества
даму деңгейі – уровень развития
орта – среда
өзара – между собой
кісілік болмысы – свойство личности
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Қоғамның адам өміріндегі мәні қандай?
ә) Кісінің қалыптасуына не әсер етеді?
б) Қоғамның мәні, даму деңгейі туралы өз көзқарастарыңыз қандай?
в) Адамның қалыптасуына отбасы, ұжым қандай әсер етеді?
г) Адамның өмір сүріп, іс-әрекет жасап отырған ортаны ғылымда қалай деп атайды?
4. «Қоғамның жеке адамның қалыптасуына әсері» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.«Микроорта», «Макроорта» туралы білгеніңізді әңгімелеңіз.
Қоғамның мәні, адамның қалыптасуы – сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз.